«Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» жырларындағы ортақ мотивтер: көне түркілік дүниетаным бейнесі


Қаралымдар: 215 / PDF жүктеулері: 290

Авторлар

  • Сәмен Құлбарақ Научно-исследовательский центр "Дулатитану"
  • Гүрер Гүлсевин Түркия мемлекеттік Түрік тілі институты

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-3-58-70

Кілт сөздер:

көне түркілік таным, тұлғалық образдар, тарихи шындық, сюжет, монолог, диалог

Аннотация

Тасқа қашалған «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» туындыларында (VIIIIX ғғ.) көк түріктердің дүние туралы түсінігі, наным-сенімі мен әдет-ғұрыптары,
басынан кешкен қилы кезеңдері мен мықты мемлекет құрудағы жеке
тұлғалардың орны сипатталады. Тарихи-шежірелік жырлардағы көне түркілік
дүниетанымды анықтауда «Тәңірі» концептісінің орны ерекше. Жарылқаушы
Көк Тәңірі олардың бойына ұлы Түрік мемлекетін құруда айрықша қуат,
күш-жігер, жауынгерлік рух берген. Мемлекетаралық дипломатия, мемлекет
іргесін нығайтудағы жеңісті жорықтар, дара тұлғалардың мемлекет іргесін
нығайтудағы ерекше қызметтері мен олардың өмірден өтуі, бүкілхалықтық
деңгейде аза тұтуы, наным-сенімдері мен әдет-ғұрыптары, тіршілік ортасы,
табиғатқа қатысы суреттелген.Мақалада сюжеттік байланыстар негізінде
«Тәңірі», «Мемлекет», «Қаған», «Батыр», «Ел бірлігі», «Аруақ», тағы басқа
микроконцептілер талданады.Уақыттың күрделі сипаты, ел бірлігін
сақтаудағы ақылдың қуаты, жау мемлекетке қарсы күрес идеологиясы, тағы
басқа белгілер сараланып, ежелгі түркілік «Әлем» концептісінің өзіндік
ерекшеліктері қарастырылған. «Білге қаған» жыры мен «Күлтегін» жырында
ұқсастық пен ортақ авторлық қолтаңба, пайымдау байқалады.Баяндалатын
жорықтар сарынында жақындықтың болуы – жыр қаһармандарының қатар
өмір кешуімен, жорықтарға бірлесе аттануымен байланысты. «Білге қаған»
жырынан байқалатын басты сипаттың бірі – ата-баба, ағайын-туыс – ұрпақ
арасындағы байланыстың аса құрметтелуі. Ежелгі түрік дәстүр-салтында
аруақты сыйлау, құрметтеу орныққаны жырда нақтылана түседі. «Тоныкөк»
жырында Түрік қағанатының мемлекет болып қалыптасуындағы тарихи
кезеңдері баяндалады. Жырда Тоныкөк ұзақ жасаған, ақылман, тек кеңесші
ғана емес, қағанға түрік елінің ел болып қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан,
қаһарман болып суреттеледі.

Автор туралы мәлімет

Сәмен Құлбарақ, Научно-исследовательский центр "Дулатитану"

филология ғылымдарының докторы, профессор, директор

Гүрер Гүлсевин, Түркия мемлекеттік Түрік тілі институты

ғылым докторы, профессор, президент

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-20

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Құлбарақ, С., & Гүлсевин, Г. (2022). «Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» жырларындағы ортақ мотивтер: көне түркілік дүниетаным бейнесі. Turkic Studies Journal, 4(3), 58–70. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-3-58-70

Журналдың саны

Бөлім

МАҚАЛАЛАР