Түркология: ғылыми парадигмасы және пәнаралық сипаты
Просмотры: 181 / Загрузок PDF: 84
DOI:
https://doi.org/10.32523/tsj.02-2019/2-5Ключевые слова:
түркология; гуманитарлық пәндер; ғылыми парадигма; тұғырнама; тіл білімі; фольклористика; антропология; этнография; кешенді пән; пәнаралық; тарихи салыстырмалы зерттеу; тарихи-әлеуметтік; прагматика; типология; поэтикаАннотация
Мақалада түркологияның құрамына енетін гуманитарлық пәндердің өзара
байланысы мен кешенді (комплексті) сипаты талданады. Осы мақсатта түркологияның
ғылыми парадигмалары және олардың тарихи ауысу кезеңдері тіл білімінің және
фольклористиканың материалында өзара салыстырылып зерттелді. Нәтижесінде түркі
тілдері мен фольклоры туралы пәндердің ғылыми парадигмалары бір-бірімен байланыста
дамығандығы анықталды. Сәйкестік саяси-әлеуметтік жағдайдың, тарихи дәуірдің
ортақтығынан ғана емес, зерттеудің теориялық әдістемелік тұғырнамалары бойынша да
орын алғаны байқалды. Тіл білімінің «Радлов кезеңі», Кеңес дәуірінің тілдерді жасақтау
саясаты (языковое строительство) және тілдерді тарихи салыстырмалы аспектіде
дүниежүзінің ғылыми тәжірибесіне сүйене отырып зерттеу сияқты дамудың үш кезеңі
фольклористикада да белгілі дәрежеде қайталанды. Оның себебі фольклор ауызша
сөйлеу қызметінің айрықша түрі ретінде тілдік құбылыстың заңдылықтарымен қарайлас
пайымдалды. Әлемдік антропология ғылымының дамуы алдағы уақытта бұл екі пәннің
өзара байланыста дамитынын көрсетті.