«Орал батыр» және «Қобыланды батыр» эпостарындағы орнитологиялық бейнелер
Қаралымдар: 19 / PDF жүктеулері: 3
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2026-2-176-195Кілт сөздер:
эпос, түркі халықтары, башқұрт, қазақ, орнитология, бейне, Самрау, Һомай, сұңқар, мифопоэтика, мәтінтануАннотация
Мақала башқұрттың «Орал батыр» және қазақтың «Қобыланды батыр» эпостарындағы орнитологиялық бейнелерді мифопоэтика және мәтінтану тұрғысынан салыстыра қарастырып, олардың мифологиялық, рәміздік, семантикалық және поэтикалық функцияларын өзара сабақтастықта зерделеуге арналған. Зерттеу нысаны ретінде екі батырлық эпостың классикалық нұсқаларының мәтіндеріне талдау жасалған. Түркі эпосы бойынша ізденістердің көптігіне қарамастан, оның құрылымындағы орнитологиялық бейнелер әлі жете зерттелмеген және еңбектердің көбінде жекелеген шығармалар ғана талданып, компаративтік көзқарас қамтылмаған. Мақаланы әзірлеу барысында авторлар тақырыпқа қатысты тарихи дереккөздерге, этнографиялық мәліметтерге, сондай-ақ фольклортану мен әдебиеттану саласындағы іргелі ғылыми еңбектерге жүгінген. Зерттеудің әдіснамалық негізін мәтінтанулық, семантикалық-символдық, салыстырмалы-типологиялық және мифтік-поэтикалық талдау әдістерін ұштастыратын кешенді тәсіл құрап, бұл мәтіндік материалдардың құрылымдық-мазмұндық мәнін ашуға, башқұрт және қазақ эпикалық дәстүрлеріндегі дүниетанымның архетиптік негіздерін анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері бойынша екі эпостың да поэтикалық құрылымында құстардың маңызды орын алатыны, бірақ олардың семантикалық және функционалдық сипаттарында айтарлықтай айырмашылықтар бар екені айқындалды. «Орал батыр» құбайырында орнитоморфтық бейнелер космогониялық және сакралды түсініктермен тығыз байланысты дербес мифологиялық кейіпкерлер түрінде көрініс тапқан. Самрау, Һомай (аққу), Айхылу (үйрек) секілді құс бейнелері «аспан әлемінің» өкілдері ретінде Көк, Күн, Ай символикасын танытып, жер мен көк арасында медиаторлық қызмет атқарады. Антропоморфтық тұрпатта көрінетін бұл бейнелер ғаламның үшқабатты моделін (жоғарғы, ортаңғы, төменгі әлемдер) құрылымдауда жетекші рөлге ие. Эпоста құстар тек тотемдік немесе культтік символдар ғана емес, сонымен бірге сөйлеу және кейпін өзгерту қабілеті бар, мифтік оқиғалардың белсенді қатысушысы ретінде бой көрсетеді. «Қобыланды батыр» жырында құс бейнелері өзгеше сипатталып, сұңқар, бүркіт пен қаршыға батырлық эпос поэтикасына тән тұрақты эпитеттер, теңеулер мен метафоралық қолданыстар арқылы қаһарманның дара болмысын асқақтатуға қызмет етеді. Мақалада сұңқар бейнесінің әмбебаптығы дәлелденіп, оның әйел кейіпкерлерге (Қарлыға, Құртқа) де қатысты қолданылғандығы көрсетіледі. Дәстүрлі фольклорлық шаблондардың (қарлығаш, аққу, сандуғаш, тоты) «жыртқыш құс» символикасына ауысуы ер адамдарға ғана тән нышандар шеңберінен шығып, жауынгер әйел архетипін жандандырады. Сондай-ақ, эпостың көркемдік өрімінде зооморфты (тұлпар) және орнитоморфты (сұңқар) кодтардың бинарлы параллелизмі байқалады. Қос эпоста да қарға/құзғын бейнесі кездесіп, амбивалентті сипатта көрінеді: архаикалық қабатта («Орал батыр») ол демиург және ілкі баба (қарғаның монологы, Катилдің туындағы бейне) ретінде сипатталса, оқиғалық контексте («Қобыланды батыр») қауіп-қатер мен өлімді ишаралайтын қайғылы жағдайдың хабаршысы боп суреттеледі. Осылайша, орнитологиялық бейнелерді кешенді талдау түркі эпосының семиотикасын тереңірек түсінуге септігін тигізеді және осы бағыттағы болашақ зерттеулерге негіз болады.
Downloads
Әдебиет
З.Г., 2013. Эпос «Урал батыр» и мифология башкир. Уфа: Дизайн Пресс. 160 с.
Әуезұлы М., 1927. Әдебиет тарихы. Қызылорда: Ташкент. 198 б.
Бабалар сөзі: 100 томдық. Батырлар жыры. 2006. Т.38. Астана: Фолиант. 332 б.
Башҡорт халыҡ эпосы. Урал батыр. 2017. Тәржемә Ә. Х. Хәкимов. Өфө: Китап. 260 б.
Башҡорт халыҡ ижады. Өсөнсө том. Эпос. 1998. Өфө: Китап. 448 б.
Бердібай Р., 1995. Эпос – ел қазынасы. Алматы: Рауан. 352 б.
Валиханов Ч.Ч., 1985. Собрание сочинений в пяти томах: 2-е изд. доп. и переработанное. Том 5. Алма-Ата: Главная редакция Казахской советской энциклопедии. С. 344-346.
Галин С., 2009. Башҡорт халҡының ауыз-тел ижады. Өфө: Китап. 472 б.
Даутова Г., 2025. Түркі эпосындағы қорғаушы батыр бейнесі (генезис және типология). Алматы: Қазақ университеті. 220 б.
Жирмунский В.М., 1974. Тюркский героический эпос. Ленинград: Наука. 727 c.
Илимбетова А.Ф., 2023. Образ мифической птицы Хумай в традиционном мировоззрении башкир. Известия Алтайского государственного университета. 3 (Т. 131). С. 61–67.
Короглы Х., 1976. Огузский героический эпос. Москва: Наука. 239 c.
Қондыбай С., 2018. Байырғы қазақ дүниетанымының негіздері. Алматы: «Қазақ тілі» баспасы. 480 б.
Котов В.Г., 2006. Башкирский героический эпос «Урал-батыр»: историко-мифологические основы. Уфа: Гилем. 408 с.
Марғұлан Ә. Х., 1985. Ежелгі жыр-аңыздар. Алматы: Жазушы. 368 б.
Мелетинский Е.М., 1963. Происхождение героического эпоса. Ранние формы и архaические памятники. Москва: Издательство восточной литературы. 462 c.
Мелетинский Е.М., 2000. Поэтика мифа. Москва: Издательская фирма «Восточная литература» РАН. 407 с.
Мирзаев Т., 2009. Эпос и сказитель. Ташкент: Фан. 410 с.
Нұрмағамбетова О., 2003. Қазақтың қаһармандық эпосы «Қобыланды батыр». Казахский героический эпос «Кобланды батыр». Алматы: Дешті Қыпшақ. 480 б.
Пропп В. Я., 1986. Исторические корни волшебной сказки. Ленинград: Издательство ЛГУ. 370 с.
Пропп В.Я., 2001. Морфология волшебной сказки. Москва: Лабиринт. 192 с.
Пухов И.В., 1962. Якутский героический эпос олонхо: основные образы. Москва: Издательство Академии наук СССР. 255 c.
Радлов В.В. 1866. Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в Южной Сибири и Дзунгарской степи. Ч. 1: Поднаречия Алтая: алтайцев, телеутов, черновых и лебединских татар, шорцев и саянцев. Санкт-Петербург: Типография Императорской академии наук. 454 с.
Радлов В.В., 1870. Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в Южной Сибири и Дзунгарской степи. Ч. 3: Киргизское наречие. Санкт-Петербург. [б.и.]. 712 с.
Радлов В.В., 1885. Образцы народной литературы северных тюркских племен. Ч. 5: Наречие дикокаменных киргизов. Санкт-Петербург. [б.и.]. 599 с.
Райхл К., 2008. Тюркский эпос: традиции, формы, поэтическая структура / пер. с англ. В.Трейстер; под ред. Д. А. Функа. Москва: Восточная литература. 383 с.
Рахматуллина З.Я., 2000. Башкирская традиция (социально-философский анализ). Уфа: Изд. БашГУ. 304 с.
Сагалаев А.С., 1992. Алтай в зеркале мифа. Новосибирск: Наука. 176 с.
Сафина Э.И., 2025. Общетюркские орнитонимы в татарском и тувинском языках (этнолингвистический аспект). Новые исследования Тувы. №3. С. 352–370. DOI: https://doi.org/10.25178/nit.2025.3.21
Сәғитов М.М., 2009. Башҡорт халыҡ эпосының мифологик һәм тарихи нигеҙҙәре. Өфө: Китап. 280 с.
Сулейманова М.Н., 2005. Доисламские верования и обряды башкир. Уфа: РИО БашГУ. 146 c.
Султангареева Р.А., 2023. Башкирский народный эпос в XXI веке. Бытование и исполнительские традиции (кубаиры, исследования и видеоматериалы). Уфа: Самрау. 234 с.
Стеблева И.В., 2002. Очерки турецкой мифологии: По материалам волшебной сказки. Москва: Восточная литература. 102 с.
Ыбыраев Ш., 1993. Эпос әлемі: қазақтың батырлық жырларының поэтикасы. Алматы: Ғылым. 295 б.
Cirlot J.E. A., 2001. Dictionary of Symbols. Routledge: 507 p.
Eliade M., 1964. Shamanism: Archaic Techniques of Ecstasy (Bollingen Series LXXV). New York: Bollingen Foundation. 610 p.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 A. Ташагил, А.Ж. Шарип, А.Б. Токторбаева

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.

















