Иолығ тегін, Алп Елетміш, Тоныкөк – екінші Түрік қағанатының алғашқы тарихнамашылары


Қаралымдар: 29 / PDF жүктеулері: 10

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2025-4-118-130

Кілт сөздер:

Иолығ тегін, Алп Елетміш, Тоныкөк, тарихшы, ескерткіштер, түркі, тарихнама, идеология, көзқарас, хронология

Аннотация

Түркілердің тарихнамасында осы уақытқа дейін Екінші Түрік қағанатының тарихын көне түркі руникалық ескерткіштерінде жазған Иолығ тегін (Күлтегін), Алп Елетміш (Білге қаған, Құтлұқ Елтеріс), Тоныкөк алғашқы түркі тарихшылары ретінде танылмай келеді. Жүргізілген зерттеулер Орхон ескерткіштеріндегі жазбалардың мазмұны мен сипаты тарихи ерекшелікке ие екенін көрсетті. Сондықтан мақала авторы Екінші Түрік қағанатының саяси және этникалық тарихын сипаттаған Иолық тегін, Алп Елетміш және Тоныкөкті түркі тарихнамасындағы алғашқы өкілдері деп тануды ұсынады. Мақалада Екінші Түрік қағанатының жоғарғы билеушілерінің және ескерткіштегі мәтіндердің авторларының баяндалған оқиғаларға қатысты идеологиялық ұстанымдары да талданады. Бұл ұстанымдар көне түркілердің Қытай империясы, Араб халифаты және Соғдылармен жүргізген күресімен қатар, ішкі тайпааралық қайшылықтар мен мәдени дәстүрлерге де байланысты екенін көрсетеді. Екінші Түрік қағанатының тарихшылары Орхон мәтіндерінде түркі халықтарын «Мәңгі Ел» мемлекеттік идеологиясы арқылы мемлекет тәуелсіздігін және этникалық мәдениетін сақтауға шақырады. Олардың концептуальдық ұстанымдары Қытай жылнамашылары, патшалық Ресей мен Кеңес дәуірінің тарихшыларына қарағанда обьективтілігімен және шынайылылығымен көзге түседі. Олардың бұл ұстанымы түркілерде өздерінің жоғарғы миссиясы – Ұлы Далада өзіндік өркениет құруға құқығы бар деп есептегендіктен қалыптасқаны байқалады. Түркі тарихшылары тарихи оқиғалардың болған уақытын белгілеуде тарихи хронологиялық әдіс-тәсілдердің бірнеше түрлерін қолданған, соның ішінде 12 жылдық (жануарлар атымен) циклдік күнтізбенің орны ерекше. Сонымен қатар оқиғаның болған уақытын адам жасы арқылы белгілеу әдісі қолданысқа еңгізілген. Мұндай әдіс уақыт тұрғысынан тұйықталуға әкеп соқпас үшін хронологияның басқа параллелді түрлерін, яғни уақыт белгілеудің екі түрі – адамның жасы мен 12 жылдық жануарлар циклдік күнтізбенің бар екендігі көрінеді. Мұнымен бірге хронологияның тағы бір түрі – болған оқиғаны қағандардың ата-бабаларының ел басқарған уақытымен белгілеуді қолданып отырған. Иолығ тегін, Алп Елетміш және Тоныкөктің тарихи процестер мен оқиғаларға обьективтік тұрғыдан шынайы баға беруі мен тарихи хронологиялық әдіс-тәсілдердің бірнеше түрлерін қолданысқа еңгізуі олардың сол дәуірдің толыққанды тарихшылары болып танылуы керек екендігін дәлелдейді. Мұнымен қатар, Екінші Түрік қағанатының алғашқы тарихшыларының дүниетанымы, шығармашылық дәстүріндегі тарихи-әдістемелік тәсілдері және идеологиялық ұстанымдары сол тарихи кезеңдегі әлемдік өркениеттің деңгейінен төмендемей, кейретте тіпті одан озық болғандығын байқатады. Сонымен бірге, олар ортағасырлық түркі тарихнамасының алғашқы өкілдері ретінде орын алуы тиіс деген қорытынды жасалынады.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяны

Сатай Сыздыков, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

тарих ғылымдарының докторы, «Ортағасырлық деректану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры

Әдебиет

Безертинов Р.Н., 2006. Древнетюркское мировоззрение. Тенгрианство. Казань: «РИЦ. «Школа». 164 с.

Бернштам А.Н., 1946. Социально-экономический строй орхоно-енисейских тюрок. ҮІ-ҮІІІ вв. М-Л.: Изд. Изд.АН СССР. 208 с.

Бичурин Н.Я., 1950. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. М-Л., Т.1.

Білге қаған бітіктасының ІІІ - қапталындағы мәтіні. Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері, 2005. ІІ -том. Алматы: Дайк-Пресс. 252 б.

Васильев В.П., 1897. Китайские надписи в орхонских памятниках в Кошоцайдаме и Карабалгасуне. Сборник трудов Орхонской экспедиции. СПб: Т. III. С. 1-36 + табл.

Грумм- Гржимайло Г.Е.,1926. Западная Монголия и Урянхайский край.T.2.VI. 896 с.

Гумилев Л.Н., 1993. Древние тюрки. Москва: Товарищество «Клышников, Комаров и К». 501 с.

Ел-Етміш Білге қағанның екінші (Тариат. Тэрх) бітіктасының мәтіні. Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері, 2005. Том ІІ. Алматы: Дайк-Пресс. 252 б.

Кляшторный С.Г., Султанов Т.И., 1992. Казахстан: летопись трех тысячелетий. Алма-Ата: «Рауан». 374 с.

Кляшторный С.Г., 2011. Древнетюркские рунические памятники и их авторы. Тюркский мир: история и современность. Сборник статей международного тюркологического симпозиума. Астана: ЕНУ. С. 18-22.

Козмин Н.Н., 1934. Классовое лицо атлысы Иолығ Тегина, автора орхонских памятников. С.Ф. Ольденбургу. К пятидесятилетию научно-общественной деятельности. 1882-1932. Сб.ст. отв. Ред.И.Ю. Крачковский. Л: Изд.АН СССР. С. 259-277.

Күлтегін бітіктасының 1 бетіндегі мәтіні. Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері, 2005. ІІ -том. Алматы: Дайк-Пресс. 252 б.

Сартқожа Қ., 2003. Орхон мұралары.1 кітап. Астана. 392 б.

Сыздықов С.М., 2020. Әл Фараби және «Мәңгілік Ел» идеясы. (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын). Монография. Астана: Фолиант. 400 б.

Тоныкок бітіктасының мәтіні. Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері, 2005. Tом ІІ. Алматы: Дайк-Пресс. 252 б.

Reference

Bezertinov R.N., 2006. Drevnetyurkskoe mirovozzrenie. Tengrianstvo [Ancient Turkic worldview. Tengrianism]. Kazan': RIC. «Shkola». 164 p. [in Russian].

Bernshtam A.N., 1946. Social'no - ekonomicheskij stroj orhono-enisejskih tyurok. VІ-VІІІ vv [Social and economic structure of the Orkhon-Yenisei Turks. VІ-VІІІ centuries]. M-L.: Izd. Izd.AN SSSR. 208 p. [in Russian].

Bichurin N.Ya., 1950. Sobranie svedenij o narodah, obitavshih v Srednej Azii v drevnie vremena [Collection of information about the peoples who inhabited Central Asia in ancient times]. Moscow-Leningrad. Vol. 1. [in Russian].

Bіlge қagan bіtіktasynyn ІІІ - qaptalyndagy matіnі. Qazaqstan tarihy turaly turkі derektemelerі [The text of the III-side of the Bilge Kagan inscription. Turkic sources on the history of Kazakhstan], 2005. Volume II. Almaty: Dajk-Press. 252 p. [in Kazakh].

Vasiliev V.P. Kitajskie nadpisi v orhonskih pamyatnikah v Koshocajdame i Karabalgasune [Chinese inscriptions in the Orkhon monuments in Koshhotsaydam and Karabalgasun]. Sbornik trudov Orhonskoj ekspedicii [Collection of works of the Orkhon expedition]. St. Petersburg: 1897. Vol. III. Pp. 1-36 + table. [in Russian].

Grumm-Grzhimajlo G.E., 1926. Zapadnaya Mongoliya i Uryanhajskij kraj [Western Mongolia and the Uryankhai region]. L. Vol.2.VI. 896 p. [in Russian].

Gumilev L.N., 1993. Drevnie tyurki [Ancient Turks]. Moscow: Tovarishchestvo «Klyshnikov, Komarov i K». 501 p. [in Russian].

El-Etmіsh Bіlge qagannyn ekіnshі (Tariat. Terh) bіtіktasynyn matіnі. Qazaqstan tarihy turaly turkі derektemelerі [The text of the second (Tariat. Terkh) inscription of El-Etmish Bilge Khagan. Turkic sources on the history of Kazakhstan], 2005. Vol. ІІ. Almaty: Dajk-Press. 252 p. [in Kazakh].

Klyashtornyj S.G., Sultanov T.I., 1992. Kazahstan letopis' trekh tysyacheletij [Kazakhstan: A Chronicle of Three Millennia]. Alma-Ata: «Rauan». 374 p. [in Russian].

Klyashtornyj S.G., 2011. Drevnetyurkskie runicheskie pamyatniki i ih avtory. Tyurkskij mir: istoriya i sovremennost'. Sbornik statej mezhdunarodnogo tyurkologicheskogo simpoziuma [Ancient Turkic Runic Monuments and Their Authors. The Turkic World: History and Modernity. Collection of Articles from the International Turkological Symposium]. Astana: ENU. P. 18-22. [in Russian].

Kozmin N.N., 1934. Klassovoe lico atlysy Iolyg Tegina, avtora orhonskih pamyatnikov. S.F. Ol'denburgu [Class face rider Iolyg Tegina, author of Orkhonskih pamkanetov. S.F. Oldenburg]. K pyatidesyatiletiyu nauchno-obshchestvennoj deyatel'nosti. 1882-1932. Sb.st. otv. Red.I.Yu. Krachkovskij. L: Izd.AN SSSR. P. 259-277. [in Russian].

Kultegіn bіtіktasynyn 1 betіndegі matіnі. Qazaqstan tarihy turaly turkі derektemelerі [Text from page 1 of the Kultegin inscription. Turkic sources on the history of Kazakhstan], 2005. ІІ -tom. Almaty: Dajk-Press. 252 p. [in Kazakh].

Sartqozha Q., 2003. Orhon muralary.1 kіtap [Orkhon Heritage. Book 1]. Astana. 392 p. [in Kazakh].

Syzdykov S.M., 2020. Al Farabi zhane «Mangіlіk El» ideyasy. (ush tіlde: kazakh, orys, agylshyn) [Al-Farabi and the idea of "Eternal Nation". (in three languages: Kazakh, Russian, English)]. Monograph. Astana: Foliant. 400 p. [in Kazakh, Russian, English].

Tonykok bіtіktasynyn matіnі. Qazaqstan tarihy turaly turkі derektemelerі [The text of the Tonykok inscription. Turkic sources on the history of Kazakhstan], 2005. Vol. ІІ. Almaty: Dajk-Press. 252 p. [in Kazakh].

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-19

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сыздыков, С. (2025). Иолығ тегін, Алп Елетміш, Тоныкөк – екінші Түрік қағанатының алғашқы тарихнамашылары. Turkic Studies Journal, 7(4), 118–130. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2025-4-118-130

Журналдың саны

Бөлім

Ортағасырлық тарих және дала археологиясы

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары