Ортағасырлық Қышқала қаласынан ашылған құмбыз (пеш)
Қаралымдар: 151 / PDF жүктеулері: 122
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-2-34-48Кілт сөздер:
Алтын Орда, Қышқала, қала, қазба, орта ғасыр, кірпіш күйдіретін құмбыз (пеш), оттық камерасы, күйдіру камерасы, аркаАннотация
Ортағасырлық Қышқала қаласына жүргізілген көп жылдық зерттеулер нәтижесінде құрылысында толық қыш кірпіш қолданылған кесене, медресе, қыш кірпіштен қаланған қарапайым жерлеу орындары, қыш кірпіштерден салынған тұрғын үй бөлмелері мен культтік, мемориалдық құрылыс нысандарының қалдықтары анықталды. Осыншама көп кірпішті қайда күйдіріп жасағандығын білу мақсатында да бірқатар зерттеулер жүргізіліп, нәтижесінде 2019 жылы ортағасырлық Қышқала қаласындағы шахристанның шығыс бөлігінен ХІІІ-ХІV ғасырларға жататын Алтын Орда дәуіріне тиесілі кірпіш күйдіретін құмбыз (пеш) ашылып, шағын ақпараттар жарияланған болатын. Сондықтан мақалада осы кірпішті күйдіруге арналған құмбыз (пеш) сөзінің этимологиясына (шығу төркініне) байланысты кең көлемді анықтамалар бере отырып, Қазақстанның ортағасырлық тарихындағы қалалық мәдениеттің гүлденуіне тікелей әсер еткен кірпіш өңдейтін құмбыздардың зерттелу тарихына тоқталамыз. Мұндай құмбыздар Шу өңірінен және ортағасырлық Ақтөбе қаласынан, ортағасырлық Сарайшық және Жайық қалаларынан, сонымен қатар, Сырдың орта және төменгі ағысындағы ортағасырлық қалалардан ашылды. Мақалада құмбыздардың ашылу тарихы мен онда жүргізілген археологиялық зерттеулерге тоқтала
келіп, оларға салыстырмалы хронологиялық талдаулар жүргізіле отырып, алғашқы жарияланған нәтижелер қосымша материалдармен толықтырылды. Сондай-ақ, кірпіш күйдіретін немесе өңдейтін құмбыздардың (пештердің) түріне, жасалу технологиясына байланысты мәселелер қарастырылып, оларда уақытша сақтау, қорғау шараларын жүзеге асыру арқылы тарихи-мәдени құндылықтарды қайта қалпына келтіру барысында атқарылған жұмыстар баяндалады.
Әдебиет
Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б., 1987. Отрар в ХІІІ-ХV веках. Алма-Ата. 256 с.
Ақымбек Е.Ш., 2017. Ортағасырлық Ақтөбе қаласындағы кірпіш күйдіретін пеш // Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы, «Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар» сериясы №1. С. 76-87.
Ақымбек Е.Ш., 2013. Ортағасырлық Ақтөбе қаласы шахристанындағы ІХ-ХІ ғғ. жататын тұрғын үй // ҚР ҰҒА Хабарлары. Қоғамдық жəне гуманитарлық ғылымдар сериясы. №3 (289). Б. 199-209.
Акымбек Е.Ш., 2016. Ортағасырлық Сортөбе кірпіш күйдіретін пеші // Абай атындағы Қазақ ұлттық педагокикалық унивесритеті хабаршы. «Тарих және саяси әлеуметтік ғылымдар»сериясы. №4(51). 248 б.
Акымбек Е.Ш., 2017. Савельева Т.В. Кирпичеобжигательная печь средневекового городища Актобе // Вестник КазНПУ им. Абая, серия «исторические и социально-политические науки», №3 (54). 247 с.
Акымбек Е.Ш., 2017. Шу өңіріндегі ортағасырлық кірпіш күйдіретін пештер // «Түркістан аймағындағы археологиялық ескерткіштердің сабақтастығы»: Халықаралық ғылыми конференция материалдары. Материалы международной научной конференции «Преемственность археологических памятников Туркестанского оазиса». Түркістан: ИП «Сейт». 305 б.
Байпақов К.М., Смағұлов Е.А., Ахатов Ғ.А., 2005. Ортағасырлық Жайық қала жұрты. Алматы: Gredo. 221 б.
Джаббаров И.М., 1959. Новые материалы к истории гончарного ремесла Хорезма // Труды Хорезмской археолого-этнографической экспедиции. М. Т. 4. С. 379-396.
Древнетюркский словарь. 1969. Ленинград: Наука. 677 с.
Екимова В.В., 1959. Гончарное производство в Хивинском районе // Труды Хорезмской археолого-этнографической экспедиции. М. Т. 4. С. 344-378.
Каллаур В.А., 2011. Древние города Сыганак (Сунак), Ашнас или Эшнас (Асанас) и другие в Перовском уезде, разрушенные Чингис ханом в 1219 году // Протоколы заседаний и сообщений членов Туркестанского кружка любителей археологии. Историко-культурные памятники Казахстана // Авторы предисловия и составители Елеуов М., Бахтыбаев М.М. Туркестан: Туран. С. 204-211.
Калменов М.Д., 2013. Кирпичеобжигательная печь с городища Жайык // Поволжская археология. №4(6). С. 205-213.
Картаева Т., 2021. Арал аймағындағы суды қолданудың дәстүрлі жүйесі (экспедиция материалдары бойынша) // Turkic Studies Journal Nо 1, Vol. 3. Нур-Султан. С. 13-32.
Қазақ əдеби тілінің сөздігі. 2011. Он бес томдық / құраст.: Қ. Күдеринова, О. Жұбаева, М. Жолшаева жəне т.б. Алматы, Т. 8. 744 б.
Қожаев М., 1996. Отырардағы керамика өндірісі. Түркістан: Мұра. 159 б.
Мамбетуллаев М., 1984. Хумбузтепе. – керамический центр Южного Хорезма // Археология Приаралья. Ташкент. Вып. 2. С. 21-39.
Мәми Т., 2007. Кейінгі орта ғасырдағы Арал өңірінің қалалары (ХШ-ХVШ ғғ.) Монография. Қызыорда: Принт. 252 б.
Толстов С.П., 1948. По следам древнехорезмийской цивилизации. Москва-Ленинград: Издательство АН СССР. 323 с.
Пацевич Г.И., 1950. Гончарная печь на городище Сарайчик // Труды ИИАЭ. Археология. Алма-Ата. Т. 1. С. 221-224.
Пацевич Г.И., 1956. Раскопки на территории древнего города Тараз в 1940 году // Труды Института истории, архологии и этнографии. Алматы. С. 73-76.
Пацевич Г.И., 1957. Печь для обжига кирпича в древнем городе Сарайчике // Краткие сообщения Института истории материальной культуры. М. Вып. 69. С. 111-114.
Писарчик А.К., 1954. Строительные материалы и конструктивные приемы народных мастеров Ферганской долины в ХІХ–начале ХХ в. // Среднеазиатский этнографический сборник. М. С. 216-298.
Шəлекенов У., Алдабергенов Н., Бозер Р., 2006. Орта ғасырдағы Ақтөбе. Анкара.160 б.
Утубаев Ж.Р., 2016. Бәбіш молла оазисіндегі көзешілер елді мекені // «Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларының өзекті мәселелері: өткені, бүгіні мен болашағы» атты тарих ғылымдарының докторы, профессор Мадияр Елеуовтың 70 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 6 мамыр. 1бөлім. Б. 123-127.