Үлкенсор қорғанынан табылған тобылғы сапты қамшының конструктивті ерекшеліктері (пәнаралық талдау)
Қаралымдар: 193 / PDF жүктеулері: 357
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-3-128-140Кілт сөздер:
этнография, фольклор, түркі фольклоры, археология, қамшы, тобылғы, тобылғы сапты қамшы, көшпенділерАннотация
Ұзақ уақыт бойы көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан Еуразияның
далалық халықтары мәдениетінде қамшының алатын орны ерекше.
Көшпелі халықтың негізгі тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, жөн-жоралғы сынды
жүйесі де қамшымен тікелей байланысты. Ол басқарудың символы, ер-азаматтың серігі,
батырдың қаруы, ал дәстүрлі мәдениетте шаңырақтың киесі саналады.
2020 жылы Бурабай маңындағы ежелгі сақ дәуіріне (б.д.д. VII-VI ғғ.) тиесілі қорғанға зерттеу
жұмысы жүргізілді. Археологиялық зерттеу барысында қорымнан салтанатты белдік, қанжар,
садақ жебесінің қалдықтары бар қорамсақ және қамшы сынды бірқатар материалды емес
мәдениеттің үлгілері табылды. Осы орайда қамшының аталған өңірден табылған алғашқы
мәдени артефактілік олжа екендігін баса айта кеткен жөн. Үлкенсор өзені маңындағы қорымнан
табылған заттардың ішінен сабы тобылғы сынды ағаштан жасалған қамшының құрылымына
қызығушылық ерекше болғандықтан, ол осы ғылыми мақаланың зерттеу нысанына алынды.
Мақала авторлары ерте сақ дәуіріне тиесілі қорғанның археологиялық сипаттамасын береді,
сондай-ақ қорымнан табылған заттарға талдау жасап, қамшының визуалды реконструкциясын
жүзеге асырады. Сонымен бірге археологиялық, этнографиялық, фольклорлық дереккөздердің
негізінде қамшының сабы, қолға ұстар былғарысы, сабының материалы сынды құрамдас бөліктерін
пәнаралық тұрғыдан талдайды. Үлкенсор қорғанынан табылған қамшының компоненттері мен
семантикасын талдау жазба дереккөздер мен фольклорлық мәтіндермен расталады.