«Қадырғали Жалайыр»-дың Jāmiʿ at-Tawārīkh «Шежірелер жинағы» тарихи еңбегінің қолжазбалары


Қаралымдар: 158 / PDF жүктеулері: 451

Авторлар

  • Гүлдана Тогабаева Сегедский университет

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-2-96-115

Кілт сөздер:

Қадыр Әли бек, Jāmiʿ at-Tawārīkh «Жылнамалар жинағы», Санкт-Петербург қолжазбасы, Қазан қолжазбасы, бірінші Лондон қолжазбасы, екінші Лондон қолжазбасы, Қадыр Әли бектің расталмаған қолжазбалары

Аннотация

Jāmiʿ at-Tawārīkh «Шежірелер жинағы» – Қадыр Әли бектің 1602 жылы жазылған
тарихи шығармасы. Шығарма түпнұсқасының бүгінгі күнге дейін сақталмау ықтималдығы
жоғары. Дегенмен, қазіргі уақытта бұл еңбектің екі тізімі (Санкт-Петербург қолжазбасы мен Қазан
қолжазбасы) және үш үзіндісі (Қышғары ауылынан табылған үзіндісі, бірінші Лондон қолжазбасы
және екінші Лондон қолжазбасы) белгілі. Сондай-ақ, Қадыр Әли бектің авторлығымен тіркелген
екі қолжазба бар (Париж қолжазбасы және Берлин қолжазбасы). Соңғы екі қолжазбаның оған
тиесілі екендігі күмән туғызады.
Бұл мақалада Қадыр Әли бек шығармасының осы күнге дейін белгілі болған барлық
тізімдері мен үзінділері талданған. Зерттеу жұмысы барысында екі тізім мен үш үзіндінің
арасында кейбір болмашы орфографиялық өзгешеліктерді есепке алмағанда, айтарлықтай
мәтіндік айырмашылықтар ұшыраспайтыны анықталды. Екі тізім бірін-бірі толықтырады және
бір түпнұсқаның көшірмелері болуы ықтимал. Шығарманың үзінділерінде ешқандай қосымша
мәлімет кездеспейді, сондықтан да мәтін тұрғысынан олардың құндылығы жоқ есеп, бірақ Қадыр Әли бек еңбегінің қаншалықты маңызды екендігінің айтулы айғақтары болып саналады.
Қолжазбалардың Лондонда сақталып тұруы – аса қызғылықты жайт, өйткені «Шежірелер жинағы»
шығармасы үзінділерінің Британияға қалай барғандығы туралы мәселені қозғайды. Лондон
қолжазбаларының ерекшелігі – олардың мәтінінде Санкт-Петербург қолжазбасының шеттерінен
алынып, сөздердің конкорданциясы түрінде берілген қосымша жазбалардың бар екендігі.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-22

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тогабаева, Г. (2022). «Қадырғали Жалайыр»-дың Jāmiʿ at-Tawārīkh «Шежірелер жинағы» тарихи еңбегінің қолжазбалары. Turkic Studies Journal, 4(2), 96–115. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-2-96-115

Журналдың саны

Бөлім

МАҚАЛАЛАР