Кирилл графикасымен жазылған түркі ескерткішіндегі көпмағыналы сөздердің семантикасы


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2026-3-161-186

Кілт сөздер:

түркі графикалық жүйелері, латын және кирилл графикасына көшу, ағартушылық-көркем және діни мәтіндер, «Киргизско-русскій словарь» (Қырғызша- орысша сөздік), тілдік және тілден тыс білімдер, көпмағыналылықтың таңбамен байланысы, таңба мен мағынаның асимметриясы, лексика-семантикалық варианттар, сөздіктегі көпмағыналылық семантикасы, ортақ және дифференциалды семалар, көне түркі және қазіргі түркі тілдерімен (қазақ және қырғыз тілдерімен) салыстыру, семантикалық вариативтілік

Аннотация

Мақала XIX ғасырда кирилл графикасымен жазылған «Қырғызша-орысша сөздіктегі» көпмағыналы лексемаларды талдауға арналған. Түркі халықтарының басқа халықтардан ерекшелігі – өздерінің жазба дәстүрінде көптеген графикалық жүйелерді қолданғандығы. Әсіресе әртүрлі нұсқалардағы араб графикасы бірнеше ғасыр бойы кеңінен пайдаланылды. Түркі халықтарының энциклопедиялық, жоғары көркем әдеби, тарихи-хронологиялық, жаратылыстану ғылымдарына қатысты және лингвистикалық жазба ескерткіштерінің басым бөлігі дәл осы араб графикасымен жазылған. Алайда XIXXX ғасырлар тоғысында әртүрлі тарихи, әлеуметтік-саяси және мәдени үдерістердің ықпалымен түркі халықтары біртіндеп латын және кирилл графикасына көше бастады. Патшалық Ресей түркі халықтарының кирилл жазуына көшуін қолдап, бұл үдеріске халықтың сауатты бөлігін тартты. Мәселен, қазақ даласында ұлт зиялылары қарапайым халыққа әліппе мен жазуды үйретіп, көркем әдеби және діни мәтіндерді, өздігінен оқуға арналған оқу құралдары мен сөздіктерді таратумен айналысты. Осындай еңбектердің бірі – екі рет басылып шыққан (1897 және 1903 жылдары) «Қырғызша-орысша сөздік». Бұл сөздік – тілдік ақпарат мәдени мазмұнмен, қазақ халқының салт-дәстүрлері және әдет-ғұрыптарының сипаттамасымен тығыз ұштасқан бірегей жазба ескерткіш. Сөздікте тілдік және тілден тыс білімдердің синтезі арқылы қазақ халқының тілі мен мәдениеті, қоршаған орта туралы танымы және ғасырлар тоғысындағы дүниетанымы көрініс тапқан. Тілдік тұрғыдан алғанда сөздік тарихи лексиканың молдығымен және сөздік қордағы көпмағыналы сөздердің байлығымен ерекшеленеді. Сөздердің мағыналық әлеуетін ашу мақсатында көпмағыналылық таңбалық (семиотикалық) жүйе тұрғысынан қарастырылады. Алайда объективті шындықта таңба мен тілдік мағына арасындағы қатынас әртүрлі сипатта болады. Олардың мазмұны (немесе көлемі) толық сәйкес келген жағдайда сөздің бірмағыналылығы (моносемия) байқалады. Ал таңба мазмұны мен тілдік мағына арасында айырмашылықтар болған жағдайда полисемия, яғни көпмағыналылық қалыптасады. Көпмағыналы сөздердің таңбалық табиғатына негізделген бұл теориялық тұжырым сөздік лексемаларын талдау барысында өз дәлелін тапты. Зерттеу барысында авторлар көпмағыналы сөздердің лексика-семантикалық варианттарын (ЛСВ) анықтап, олардың ортақ және дифференциалды семемаларын сипаттады. Соңғылары лексика-семантикалық варианттар арасындағы өзара қатынастарды айқындайды. Сөздіктегі көпмағыналы лексемалардың лексика-семантикалық варианттарын талдау түркі тілдерінде таңба мен тілдік мағына арасындағы асимметрияның бар екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Сонымен қатар сөз семантикасының тарихи сабақтастығын анықтау мақсатында мақалада Сөздіктегі көпмағыналы сөздер көне түркі дәуірі мен кейінгі тарихи кезеңдердегі көпмағыналы сөздермен, сондай-ақ қазіргі қазақ және қырғыз тілдеріндегі сәйкес қолданыстарымен салыстырмалы түрде талданады. Ескерткіштің сөздік қорын түркі тілдерінің мағыналық байлығын, лексикалық мағынаның тарихи даму барысында трансформациялануын және оның тарихи дәстүр мен қазіргі түркі тілдеріндегі сабақтастығын айқын көрсететін маңызды дереккөз деп атай аламыз.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор туралы мәлімет

Н.Г. Шаймердинова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

филология ғылымдарының докторы, профессор, түркітану кафедрасы

А.Ш. Юсупова, Қазан федеральдық университеті

филология ғылымдарының докторы, профессор, жалпы тіл білімі және түркітану кафедрасы

Н. Рахатқызы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

PhD, аға оқытушы, түркітану кафедрасы, халықаралық қатынастар факультеті

Әдебиет

Aksan D., 2004. Türkçenin Sözvarlığı: Türk Dilinin Sözlükbilimiyle İlgili Gözlemler, Saptamalar: 3. Basım. Ankara: Ünal Ofset Basımevi. 250 s.

Apresyan Yu.D., 1995. Izbrannye trudy. T. 1. Leksicheskaya semantika [Selected Works. Vol. 1. Lexical Semantics]. 2nd ed., rev. and enl. Moscow: Shkola «Yazyki russkoi kultury». 472 p. [in Russian].

Boz E., 2017. Sözlükbilim Yazıları I. Gazi Kitabevi. 228 p.

Bukvar dlya kirgizov. Zhazuga üiretetün knege, 1897. [Primer for the Kirghiz. A Book for Learning to Read and Write]. 3rd ed. Orenburg: Tipo-litografiya B.A. Breslina. 90 p. [in Russian].

Bukvar dlya kirgiz. Bukuar, 1908. [Primer for the Kirghiz]. Kazan: Tsentralnaya tipografiya. 98 p. [in Russian].

Drevnetyurkskii slovar, 1969. [Old Turkic Dictionary]. Eds. V.M. Nedelyaev, D.M. Nasilov, E.R. Tenishev, A.M. Shcherbak. Leningrad: Nauka. 677 p. [in Russian].

Drevnetyurkskii slovar, 2016. [Old Turkic Dictionary]. 2nd rev. ed. Ed. D.M. Nasilov. Astana: Gylym Baspasy. 760 p. [in Russian].

Ezgilikke üiretetin knege. Uchilishche blagochestiya na kirgizskom yazyke, 1892. [Book Teaching Virtue. School of Piety in the Kirghiz Language]. 3rd ed. Kazan: Pravoslavnoe Missionerskoe Obshchestvo. 87 p. [in Russian].

Zhubanov Q., 1966. Qazaq tili zhönindegi zertteuler [Studies on the Kazakh Language]. Almaty: Gylym. 362 p. [in Kazakh].

Kazhibekov E., 1988. Semantika tyurkskogo slova. Problemy mezhurovnevoi sopryazhennosti [Semantics of the Turkic Word: Problems of Interlevel Correlation]. Abstract of Dr. Sci. dissertation. Alma-Ata. 64 p. [in Russian].

Qazaq tiliniñ sözdigi, 1999. [Dictionary of the Kazakh Language]. Almaty: A. Baitursynuly Institute of Linguistics, Daik-Press. 775 p. [in Kazakh].

Kartsevskii S.O., 1965. Ob asimmetrichnom dualizme lingvisticheskogo znaka [On the Asymmetrical Dualism of the Linguistic Sign]. In: Zvegintsev V.A. Istoriya yazykoznaniya XIX–XX vekov v ocherkakh i izvlecheniyakh. Moscow: Nauka. P. 56–76. [in Russian].

Keñesbaev I., 1987. Qazaq til bilimi turaly zertteuler [Studies in Kazakh Linguistics]. Almaty: Gylym. 352 p. [in Kazakh].

Kirgizsko-russkii slovar, 1897. [Kirghiz–Russian Dictionary]. Orenburg: Tipo-litografiya B.A. Breslina. 229 p. [in Russian].

Kirgizsko-russkii slovar, 1903. [Kirghiz–Russian Dictionary]. 2nd ed. Orenburg: Tipolitografiya B.A. Breslina. 235 p. [in Russian].

Kobozeva I.M., 2007. Leksicheskaya semantika [Lexical Semantics]. 3rd ed. Moscow: KomKniga. 352 p. [in Russian].

Krongauz M.A., 2001. Semantika [Semantics]. Moscow: Russian State University for the Humanities. 399 p. [in Russian].

Makhmudov Kh., Musabaev G., 1954. Kazakhsko-russkii slovar [Kazakh–Russian Dictionary]. Ed. G. Musabaev. Alma-Ata: Academy of Sciences of the Kazakh SSR. 574 p. [in Russian].

Musaev K., 1984. Leksikologiya tyurkskikh yazykov [Lexicology of the Turkic Languages]. Moscow: Nauka. 226 p. [in Russian].

Nikitin M.V., 1988. Osnovy lingvisticheskoi teorii znacheniya [Foundations of the Linguistic Theory of Meaning]. Moscow: Vysshaya shkola. 168 p. [in Russian].

Novikov L.A., 1982. Semantika russkogo yazyka [Semantics of the Russian Language]. Moscow: Vysshaya shkola. 272 p. [in Russian].

Russko-kazakhskii slovar, 1954. [Russian–Kazakh Dictionary]. Ed. N.T. Sauranbaev. Moscow: State Publishing House of Foreign and National Dictionaries. 935 p. [in Russian].

Sevortyan E.V., 1989. Etimologicheskii slovar. Obshchetyurkskie i mezhtyurkskie osnovy na bukvy "Zh", "I [Etymological Dictionary. Common Turkic and Inter-Turkic Roots Beginning with "Zh" and "I"]. Vol. 4. Ed. L.S. Levitskaya. Moscow: Nauka. 293 p. [in Russian].

Sravnitelno-istoricheskaya grammatika tyurkskikh yazykov. Pratyurkskii yazyk-osnova. Kartina mira pratyurkskogo etnosa po dannym yazyka, 2006. [Comparative-Historical Grammar of the Turkic Languages. Proto-Turkic Language and the Worldview of the Proto-Turkic Ethnos]. Eds. E.R. Tenishev, A.V. Dybo. Moscow: Nauka. 908 p. [in Russian].

Tatar leksikologiyase, 2015. [Tatar Lexicology]. In 3 vols. Project leader M.Z. Zakiev. Ed. G.R. Galiullina. Kazan: TÄHSI. 352 p. [in Tatar].

Yudakhin K.K., 1985. Kyrgyzcha oruscha sözdük [Kyrgyz–Russian Dictionary]. Book 1. Moscow: Sovetskaya entsiklopediya. 475 p. [in Kyrgyz].

Shaimerdinova N., 2016. Analysis of consonant system in the Kazakh written monuments of the late 19th and early 20th centuries. Ural-Altaic Studies. Vol. 23. No 4. P. 147–156.

Shaimerdinova N.G., 2016. Sravnitelnyi analiz yazyka kirgizskikh/kazakhskikh pamyatnikov XIX–XX vekov i sovremennogo kazakhskogo yazyka [Comparative Analysis of the Language of the Kirghiz/Kazakh Written Monuments of the 19th–20th Centuries and the Modern Kazakh Language]. Global-Turk: International Journal for Information and Analytics. P. 158–175. [in Russian].

Shaimerdinova N.G., 2018. Slovarnyi fond kazakhskikh kirillicheskikh pamyatnikov na rubezhe XIX–XX vv. [Vocabulary of Kazakh Cyrillic Monuments at the Turn of the 19th–20th Centuries]. Materialy III Foruma gumanitarnykh nauk "Velikaya Step". Part I. Astana: Turkic Academy. P. 492–500. [in Russian].

Shaimerdinova N.G., 2019. "Kirgizsko-russkii slovar" (1897): kulturnye i yazykovye eksplikatsii ["Kirghiz–Russian Dictionary" (1897): Cultural and Linguistic Explications]. Turkic Studies Journal. No 1. P. 73–88. [in Russian].

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-21

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шаймердинова, Н., Юсупова, А., & Рахатқызы, Н. (2026). Кирилл графикасымен жазылған түркі ескерткішіндегі көпмағыналы сөздердің семантикасы. Turkic Studies Journal, 8(3), 161–186. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2026-3-161-186

Журналдың саны

Бөлім

Түркі жазба ескерткіштерінің мәтінтануы