Ортағасырлық Сығанақ қаласының кесенелері


Қаралымдар: 296 / PDF жүктеулері: 125

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2025-2-26-43

Кілт сөздер:

Сығанақ, ортағасырлық қала, кесене, сәулет ескерткіші, жерлеу дәстүрі, қыш қаптама, қазба, кесік, қорым, археология

Аннотация

Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысында орналасқан ортағасырлық некрополдерді зерттеу археология ғылымының назарынан тыс қалмаған. ХХ ғ. осы өңірдегі кесенелерде ізденіс жұмыстарын В.А.Каллаур, А.Ю.Якубовский, С.П.Толстов, С.Е.Ажигали, К.М.Байпақов, М.Елеуов, С.Ж.Жолдасбаевтар жүргізіп, зерттеген. Соңғы жылдары ортағасырлық Сығанақ қаласындағы архитектуралық ескерткіштерде жүргізілген зерттеулер кесенелердің планиграфиялық, конструкциялық және сәулеттік безендірілуінің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді.
Ортағасырлық жазба деректерде «кесенелі қала» деген атпен белгілі Сығанақ – Сырдарияның орта ағысында орналасқан ірі саяси, рухани және сауда орталығы, ал XIII-XV ғғ. Ұлық Ұлыс (Алтын Орда) құрамына кірген Ақ Орда ұлысы, Әбілқайыр хандығы мен Қазақ хандығының астанасы болған. Сондықтан осы жерде жергілікті билеушілер, дін өкілдері, белгілі тұлғалар мен игі жақсылардың жерленуі, олардың басына зәулім кесенелер тұрғызу заңды құбылыс болып табылады.
Мақала ортағасырлық Сығанақ қаласының негізгі қамалының сыртында орналасқан, әр кезеңде жүргізілген, жалпы саны жеті кесененің мерзімдік шекаралары мен құрылыстардың архитектуралық сипаттамасы, оның жоспары, өлшемдері және ерекшеліктерін талдау мәселесіне арналған. Зерттеу барысында бастапқы деректанулық өңдеу – толық сипаттау және деректерді жүйелеу жұмыстары атқарылды. Кесенелер күйдірілген кірпіштен тұрғызылған (тек қана №4 кесененің ішкі бөлігі қам кірпіштен қаланған), сырты өрнектелген терракоталық және бояулы қаптама қыштармен безендірілген порталды-күмбезді ғимараттар болып табылады. №1, №3, №5, №7 кесенелерде мүрделер сағана-цисталар мен қабір шұңқырларда, ал №4 және №6 кесенелерде әулеттік сағанада жерленген. Мәйіттердің барлығы мұсыл мандық жерлеу рәсімін сақтай отырып қойылған, № 3, № 4, № 5, № 6, № 7 кесенелерде солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс бағытта, ал № 1 кесенеде – солтүстік-оңтүстік бағытта шалқасынан жатқызылған. №3, № 5, № 7 кесенелердегі жерлеу орындарында табылған темір шегелер мен ағаш бөлшектері мәйіттердің ағаш табыттарда жерленген болуы мүмкін екендігін көрсетеді.
Зерттеу радиокөміртекті талдау нәтижелерімен үйлестіре отырып, кесенелер құрылысының сәулеттік ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жүргізіп, кесенелер құрылысының хронологиялық шекарасын белгілеуге мүмкіндік берді. №5 кесене XІV ғ. екінші жартысы, №6 кесене XV ғ. бірінші жартысы, №7 кесене XІV ғ. бірінші жартысымен, №1, №3 кесенелер XІV ғ., №4 кесене XІV-XV ғғ. мерзімделінеді. 

Автор туралы мәлімет

М. Бахтыбаев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

PhD, Археология ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері

Сағынбай Мургабаев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

PhD, Археология ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері

Бағдәулет Сиздиков, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті

PhD, қауым.профессор, Археология ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері

Қуаныш Арынов, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлтық университеті

докторант

Әдебиет

Армарчук Е.А., 2013. Декоративные надгробья Хорезма и Золотой Орды. ТГЭ. Вып. LXII. С. 408-430.

Байпаков К.М., 1973. Средневековое погребение в Илийской долине. СА. № 2. С. 257-259.

Байпаков К.М., 2012. Исламская ареологическая архитектура и археология Казахстана. Алматы: ТОО «Археологическая экспертиза». 284 c.

Байпаков К.М., Акылбек С.Ш., Воякин Д.А., Жолдасбаев С.Ж., 2014. Городище Сыгнак: Мавзолеи. Известия НАН РК. Вып. 5. Алматы. С. 45-51.

Воякин Д.А., Бахтыбаев М.М., Искандерова А.Д., 2025. Гавань Дешт-и-Кыпчака. Алматы Самарканд: «Международный институт центральноазиатских исследований». 304 с.

Barthold W.W., 1947. Türklerde ve Moğollarda Defin Merasimi Meselesine Dair. Belleten Cilt 11. Sayı 43. Рр.515-539.

Егоров В.Л., 1980. Мавзолеи Водянского городища. СА. № 1. С. 74-89.

Егоров В.Л., Федоров-Давыдов Г.А., 1976. Исследование мечети на Водянском городище. Средневековые памятники Поволжья. М.: Наука. С.108-167.

Зиливинская Э.Д. Мавзолеи восточных районов Золотой орды. Золотоордынское обозрение. 2024. Т. 12, № 1. С. 91-124. https://doi.org/10.22378/2313-6197.2024

Кожемяко П.Н., 1967. Раскопки жилищ горожан Х-ХІІ вв. на Краснореченском городище. Древняя и раннесредневековая культура Киргизстана. Фрунзе: Илим. С. 53-90.

Kozha M.B., Nurzhanov A.A., Krupko I., 2021. The Contribution of Researchers of the Russian Empire to the Study of Antiquities in Kazakhstan: the Case of N.I. Veselovsky. Bylye Gody. Vol.16. Iss. 2. Рр. 898-907.

Құрманқұлов Ж., 2011. (бас редактор). Қазақстан Республикасының тарихи мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. Алматы: Аруна. 504 б.

Нагаминэ Х., 2020. Сыганак как «Порт Дашт-и Кыпчака» и «Города-Мавзолей»: период от правления левого крыла Джучидов до основания «Казахского ханства».

Золотоордынское обозерение. №8(5). C. 533-551. DOI: https://doi.org/10.22378/2313-6197.2020-83.533-551

Нурмуханбетов Б.Н., 1974. Раннемусульманское кладбище близ городища Куйрык тобе. В глубь веков. Алма-Ата: Наука. С. 85-94.

Петров П.Н., Смагулов Т.Н., 2018. Нумизматические находки XIV века из некрополя у озера Аулиеколь. Stratum plus. №6. С. 167-184.

Радлов В., 1899. Опыт словаря тюркских наречий. Том 2. Часть 2. Санк-Петербург: Типография Императорской Академия Наукь. 1174 с.

Смагулов Е.А., 2012. Намогильники сауранского некрополя и «сагона» Ходжа Ахмеда Ясави. Известия НАН РК. Серия общ. наук. №3 (283). Алматы. С. 108-125.

Sizdikov B.S., Baitanayev B.A., Murgabayev S.S., Bakhtybayev M.M., Arynov K.S., Gursoy M., Seraliyev A.A., 2023. Mausoleums ın the medıeval cıty of Syganak. Povolzhskaya arkheologıya. № 2 (44). P. 131-144. https://doi.org/10.24852/pa2023.2.44.131.144

REFERENCE

Armarchuk E.A., 2013. Dekorativnye nadgrobya Horezma i Zolotoi Ordy [Decorative tombstones of Khorezm and the Golden Horde]. TGE. Vyp. LXII. S. 408-430. [in Russian]

Baipakov K.M., 1973. Srednevekovoe pogrebenie v İliiskoi doline [Medieval burial in the Ili Valley]. SA. No 2. P. 257-259. [in Russian]

Baipakov K.M., 2012. İslamskaya areologicheskaya arhitektura i Arheologiya Kazahstana [Islamic Areological Architecture and Archaeology of Kazakhstan]. Almaty: TOO «Arheologicheskaya ekspertiza». 284 p. [in Russian]

Baipakov K.M., Akylbek S.Ş., Voyakin D.A., Joldasbaev S.J., 2014. Gorodishe Sygnak: Mavzolei [Sygnak ancient settlement: Mausoleums]. İzvestiya NAN RK. Vyp. 5. Almaty. P. 45-51. [in Russian]

Voyakin D.A., Bahtybaev M.M., İskanderova A.D., 2025. Gavan Deşt-i-Kypchaka [Harbor of Desht-i-Kipchak]. Almaty-Samarkand: «Mejdunarodnyi institut tsentralnoaziatskih issledovanii». 304 p. [in Russian]

Barthold W.W., 1947. Türklerde ve Moğollarda Defin Merasimi Meselesine Dair. Belleten Cilt 11. Sayı 43. P. 515-539. [in Turkısh]

Egorov V.L., 1980. Mavzolei Vodyanskogo gorodiщa [Research of the mosque at Vodyanskoye settlement]. SA. No 1. P. 74-89. [in Russian]

Egorov V.L., Fedorov-Davydov G.A., 1976. İssledovanie mecheti na Vodyanskom gorodishe [Research of the mosque at Vodyanskoye settlement]. Srednevekovye pamyatniki Povoljya. M.: Nauka. P. 108-167. [in Russian]

Zılıvınskaıa E.D. Mavzoleı vostochnyh raıonov Zolotoı Ordy [Mausoleums of the Eastern Regions of the Golden Horde]. Zolotoordynskoe obozrenıe. 2024. V. 12, No 1. P. 91–124. https://doi.org/10.22378/2313-6197.2024-12-1.91-124. [in Russian]

Kojemyako P.N., 1967. Raskopki jilish gorojan H-HII vv. na Krasnorechenskom gorodishe [Excavations of dwellings of citizens of the 10th-12th centuries at Krasnorechenskoye settlement]. Drevnyaya i rannesrednevekovaya kultura Kirgizstana. Frunze: İlim. P. 53-90. [in Russian]

Kozha M.B., Nurzhanov A.A., Krupko I., 2021. The Contribution of Researchers of the Russian Empire to the Study of Antiquities in Kazakhstan: the Case of N.I. Veselovsky. Bylye Gody. Vol.16. Iss. 2. Rr. 898-907. Qūrmanqūlov J., 2011. Qazaqstan Respublikasynyŋ tarihi mädeni eskertkıshterınıŋ jinağy. Qyzylorda oblysy [Collection of historical and cultural monuments of the Republic of Kazakhstan. Kyzylorda region]. Almaty: Aruna. 504 p. [in Kazakh]

Nagamine H., 2020. Syganak kak «Port Dasht-i Kypchaka» i «Goroda-Mavzolei»: period ot pravleniya levogo kryla Djuchidov do osnovaniya «Kazahskogo hanstva» [Syganak as the "Port of Dasht-i Kipchak" and "Mausoleum City": the period from the reign of the left wing of the Jochid to the foundation of the "Kazakh Khanate"]. Zolotoordynskoe obozerenie. 8(5). P. 533-551. DOI: 10.22378/2313-6197.2020-8-3.533-551 [in Russian]

Nurmuhanbetov B.N., 1974. Rannemusulmanskoe kladbishe bliz gorodisha Kuiryk-tobe [Early Muslim cemetery near the Kuyryk-tobe settlement]. V glub vekov. Alma-Ata: Nauka. P. 85-94. [in Russian]

Petrov P.N., Smagulov T.N., 2018. Numizmaticheskie nahodki XIV veka iz nekropolya u ozera Auliekol [Numismatic finds from the 14th century necropolis near Lake Auliekol]. Stratum plus. No6. P. 167-184. [in Russian]

Radlov V., 1899. Opyt slovarya tyurkskih narechii [An experiment in the dictionary of Turkic dialects]. Tom 2. Chast 2. Sank-Peterburg: Tipografiya İmperatorskoi Akademiya Nauk. 1174 p. [in Russian]

Smagulov E.A., 2012. Namogilniki sauranskogo nekropolya i «sagona» Hodja Ahmeda Yasavi [Burial grounds of the Sauran necropolis and the "sagon" of Khoja Akhmed Yasawi]. İzvestiya NAN RK. Seriya obsh. nauk. No3 (283). Almaty. P. 108-125. [in Russian]

Sizdikov B.S., Baitanayev B.A., Murgabayev S.S., Bakhtybayev M.M., Arynov K.S., Gursoy M., Seraliyev A.A., 2023. Mausoleums ın the medıeval cıty of Syganak. Povolzhskaya arkheologıya. No 2 (44). P. 131-144.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-13

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бахтыбаев, М. ., Мургабаев, С., Сиздиков, Б., & Арынов, Қ. (2025). Ортағасырлық Сығанақ қаласының кесенелері. Turkic Studies Journal, 7(2), 26–43. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2025-2-26-43

Журналдың саны

Бөлім

Ортағасырлық тарих (археология)

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары