Туыс тілдерді оқыту үдерісіндегі фонетикалық дағдыны қалыптастыру тәсілдері


Қаралымдар: 114 / PDF жүктеулері: 255

Авторлар

  • Қарлығаш Қадашева Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті https://orcid.org/0000-0003-4690-8033
  • Ұлмекен Асанова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0002-6846-9919
  • Ақбота Мырзаханова Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті https://orcid.org/0000-0002-3058-8410

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-3-71-84

Кілт сөздер:

туыс тіл ретінде оқыту, түркі тілдері, дыбыс, сөздік қор, ән, әуен, әдіс, дағды, қатысым, мәдениеттаным

Аннотация

Қазіргі ақпараттық технология заманы өрісін кеңейтіп отырған тұста
түркі әлемінен келіп, елімізде тіл үйреніп жүрген кісілер үшін қазақ тілі
қарым-қатынас құралы болып отыр. Осыған орай қазақ тілін туыс тіл
ретінде оқытудың жаңа әдістерін ұсыну өзекті мәселе екені анық. Бұл
мақалада қазақ әліпбиін туыс тілде сөйлетіндерге ән мәтіні арқылы үйрету
мен олардың сөздік қорын байытудағы лингводидактикалық ұстанымдар
авторлардың өзіндік тәжірибеде жеткен жетістіктері мен нәтижелері
арқылы баяндалады. Ән адамдардың тіршілігінде маңызды рөлге ие,
себебі ол сол елдің тарихы, мәдениеті, фольклорынан мағлұмат береді әрі
ақпаратты жадында ұзақ сақтауға мүмкіндік туғызады.
Сабақтағы мотивация – тіл үйренушінің табысқа жету жолы. Біздіңше,
туыс тілдер мәдениетіндегі музыкалық шығармаларды тыңдап, естігенін
орындауы кезінде тіл үйренушілердің дүниетанымы мен тіл байлығы
кеңейеді және коммуникативтік дағдысы қалыптасады. Ендеше, қазақ
тілінің әліпби құрамындағы төл дыбыстарды ырғақты әуенмен тыңдау тіл
үйрету сабағының басты ерекшелігі болуы тиіс. Ал дыбыстарды дұрыс айту
қарым-қатынас құралы ретінде тіл үйренушілердің сөздік қорын дамытады
әрі ән арқылы әуеннің ырғағын сезіндіре алады. Сондай-ақ фонетикалық
және лексикалық дағдысын қалыптастырып, есту қабілеттерін дамытады.
Қазақша ән тыңдау кезінде туыс тілде сөйлейтіндер өзіне таныс дыбыстарды
естіп, қазақ тілінде жатық сөйлеуді үйренеді.

Автор туралы мәлімет

Қарлығаш Қадашева, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Ұлмекен Асанова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.

Ақбота Мырзаханова, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-20

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қадашева, Қ., Асанова, Ұ., & Мырзаханова, А. (2022). Туыс тілдерді оқыту үдерісіндегі фонетикалық дағдыны қалыптастыру тәсілдері. Turkic Studies Journal, 4(3), 71–84. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-3-71-84

Журналдың саны

Бөлім

МАҚАЛАЛАР