Журнал туралы
Turkic Studies Journal (TSJ) – түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін, жазба ескерткіштері мен тілдерін түркітану саласында зерттеуге арналған, рецензияланатын халықаралық ашық қолжетімді ғылыми журнал.
Түркітану саласындағы ғылыми зерттеулер үшін мамандандырылған халықаралық алаңды қалыптастыратын тар бейінді хронологиялық бағыт журналдың өзіндік ерекшелігі болып саналады. Тарихи-мәдени тұрғыдан алғанда, журналдың хронологиялық өлшемдері түркі тайпалық одақтары мен мемлекеттерінің үздіксіз тізбегі қалыптасқан, жазба және заттық мәдениет дамыған, түркі тілдік топтары түзіліп, әрекет еткен ортағасырлық дәуірді қамтиды.
Ортағасырлық тарих пен далалық археология, түркі жазба ескерткіштерінің мәтінтануы мен түркі тілдері журналдың негізгі тақырыптық бағыттарын құрайды. Журнал жарияланымдарында Қазақстанның тарихы мен мәдениеті айрықша орын алады. Көптеген ғасырлар бойына Қазақстан аумағы Еуразия құрлығындағы тарихи үдерістерде зор маңыз атқарған белсенді көші-қонның, сауда жолдарының, көшпенді өркениеттер түзілісінің аймағы болды. Осы өңірмен байланысты жазба және археологиялық дереккөздердің едәуір бөлігі халықаралық ғылыми айналымда жеткілікті қамтылмағандықтан, бұл журналдың жариялау саясатының басым бағыттарының бірін анықтайды.
Журналдың миссиясы – түркітану саласындағы халықаралық ғылыми диалогты дамыту, түркі халықтарының тарихы, археологиялық және жазба ескерткіштері, тілдері бойынша түпнұсқа зерттеулерді жариялау, сонымен қатар түркі әлемі дереккөздері мен материалдарын заманауи академиялық кеңістікте ықпалдастыру.
Журнал түркітану, шығыстану, тарих, археология, филология мен іргелес пәндердің мамандарына, сондай-ақ жас зерттеушілерге бағдар ұстанады.
Журнал мақалаларды ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде жариялайды. Басылымның мерзімділігі – жылына 4 рет.
Журналды Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тіркеген: бастапқы тіркелім 28.03.2019 № 17636-Ж; қайта тіркелім 24.02.2021 (тіркеу куәлігі № KZ27VPY00032814).
Журнал мақалаларына CrossRef халықаралық агенттігі арқылы DOI беріледі. Журналдың DOI префиксі: 10.32523.
Журнал ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған Басылымдар тізбесіне енгізілген.
Журналдың индекстелуі: DOAJ (Directory of Open Access Journals), Ulrich's Periodicals Directory, ERIH PLUS, RSCI, Google Scholar, Academic Resource Index (ResearchBib), ROAD, BASE, EBSCO
Баспагер: «Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті» КеАҚ, Астана қ,, Казақстан Республикасы.
Ағымдағы шығарылым
Барлық шығарылымдар
Ортағасырлық тарих және дала археологиясы
-
Ортағасырлық Сығанақ қаласының кесенелеріндегі жерлеу инвентарі: алғашқы мұсылман жерлеу орындарындағы ескі наным-сенім сарқыншақтары
Қаралымдар: 89 / PDF жүктеулері: 45 -
Қырғыз Республикасының Ұлттық тарихи музейі қорындағы түркі дәуіріне жататын тас мүсінді кешенді зерттеу мәселесі
Қаралымдар: 88 / PDF жүктеулері: 34 -
Жапонияда түркітану мектебінің қалыптасуы: кезеңдері және жалпы сипаттамасы
Қаралымдар: 96 / PDF жүктеулері: 40 -
Көне түркі саяси дүниетанымындағы törü, kut және el: контекстік реконструкция және Түркі мемлекеттері ұйымымен асимметриялық салыстыру
Қаралымдар: 100 / PDF жүктеулері: 39
Түркі жазба ескерткіштерінің мәтінтануы
-
Хакас тіліндегі пол- етістігінің функционалдық және семантикалық аспектілері
Қаралымдар: 91 / PDF жүктеулері: 32 -
«Бабырнама» тіліндегі әйел бейнесі: тарихи-лингвистикалық талдау
Қаралымдар: 185 / PDF жүктеулері: 26 -
Кирилл графикасымен жазылған түркі ескерткішіндегі көпмағыналы сөздердің семантикасы
Қаралымдар: 89 / PDF жүктеулері: 34
Түркі тілдері
-
Шығыс дереккөздеріндегі топонимдердің лексика-семантикалық таптастырылуы
Қаралымдар: 101 / PDF жүктеулері: 36
















