Көне ұйғыр графикасымен жазылған «Латафатнама» шығармасының көшірмесіне аударма және түсініктеме (Отырар кітапханасы қорынан)
Қаралымдар: 278 / PDF жүктеулері: 131
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2026-2SI-143-155Кілт сөздер:
«Латафатнама», Хожанди, көне ұйғыр жазба ескерткіші, түркітану, аударма, түркі әдебиеті, қолжазба, ғашықтық поэзия, ортағасырылық әдебиет, транскрипциялауАннотация
Хожандидің Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының қорына тапсырылған, көне ұйғыр графикасымен жазылған «Латафатнама» шығармасының Кабул нұсқасының көшірмесі 56 беттен, 313 жолдан тұрады. Бұл шығарма Хорезмидің «Мұхаббатнама», Жүсіп Әміридің «Дехнама» сынды туындыларына ұқсайтын болғанымен, Қарахан дәуірінің тілдік ерекшелігін өн бойына сіңірген, таза түркі тілінде жазылған шығарма ретінде ерекшеленеді. XI ғасырдағы түркі жазба ескерткіштерінің тілі, яғни Қарахан дәуірінің тілі кейіннен елеулі құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Сол кезеңдегі әдеби мектептер ыдырағанымен, дәстүрлі поэтикалық стильдері бірнеше ғасыр бойы сақталып келді. «Латафатнама» жазылған дәуірде, әдетте, жергілікті тілдік ерекшеліктер араласып, әрі өзіне дейінгі әдеби тілдерге қарағанда кеңірек таралған ортақ әдеби дәстүр қолданылады. Ол өз заманындағы әдеби дәстүр негізінде жазылғанымен, Ж.Баласағұнның «Құтадғу білік» және А.Йүгнекидің «Атабат ул-Хакайк» шығармаларынан тілдік тұрғыда өзгеше сипатқа ие. Жүргізілген зерттеу барысында «Латафатнама» шығармасының тіліне ең жақын тіл ретінде Хорезм түрік тілі айқындалды. Сондықтан да мәтінді транскрипциялау барысында Хорезм түрік тілі негізге алынды. Аталмыш шығарма бұрын қазақ тіліне аударылмағандықтан, оның көне ұйғыр жазуындағы Кабул нұсқасының аудармасын жасап және түсініктемесін беріп, ғылыми айналымға кіргізу зерттеудің негізгі мақсаты етіп қойылды. Жұмыс барысында шығарманы және оған қатысты тұлғаларды зерттеу, тарихын талдау жүзеге асырылып, кейбір ғылыми пайымдар ұсынылды. Түпнұсқа мәтіннің транскрипциясын жасау барысында көне ұйғыр жазуының әріп таңбалар қорының аздығы ескерілді: өйткені мәтінде а-е, о-у, ы-и, к-г, б-п сияқты фонемалар бір графемамен берілген. Транскрипция хорезм түркі тілінің ерекшеліктеріне сәйкес жасалды. Ṭabī῾atdın çıḳardım naẓm bisyār / acunda bulmadım ikev ḫarīdār («Табиғатымнан көп жыр жаздым, Бірақ әлемде екі алушы таппадым») секілді жолдардың ұшырасуы Хожандидің басқа да шығармалары болуы ықтималдығын жорамалдауға мүмкіндік берді. Аударма барысында жекелеген сөздерге ғылыми түсініктемелер беріліп, олардың мағыналары сөздіктер негізінде ашып көрсетілді. Сондай-ақ, мәтіннің құрылымына талдау жасалып, оның композициялық бөліктері мен силлабикалық түзілімі анықталды. Шығарма кіріспе бөлімнен, негізгі он тараудан және қорытындыдан тұрады. Қазақ тіліне аударма мәтіннің мазмұны мен мағынасын сақтай отырып, негізінен сөзбе-сөз тәсілмен жасалды; кейбір тұста экспликация және сипаттамалық аударма қолданылды.
Downloads
Әдебиет
Moldabay T., 2013. «Oty`rar kіtapxanasy`» gy`ly`mi-zertteu ortaly`gy`ndagy` alfavitіmen zhazy`lgan «Latafatnama»-ga gy`ly`mi tusіnіkteme [Scientific commentary on the "Latafatnama" written in the alphabet of the "Otyrar Library" research center]. “Habarshy” L.N. Gumilev aty`ndagy` EUU-nіn Haly`qaraly`q qaty`nastar fakul`tetіnіn gy`ly`mi zhurnaly`["Khabarshy" is a scientific journal of the Faculty of International Relations of the L.N. Gumilyov Eurasian National University]. №1-2 sany`. P. 82-87. [in Kazakh].
Samojlovich A.N., 1934. Iranskij geroicheskij e`pos v literaturax tyurkskix narodov Srednej Azii. v kn. Ferdovsi [The Iranian Heroic Epic in the Literatures of the Turkic Peoples of Central Asia]. L., 161 р. [in Russian].
Xodzhandi, 1976. Latafat-name: kniga o krasote. Avt. predisl., per. E`.I. Fazy`lov [Latafat-nameh: A Book about Beauty. Author's preface, translated by E.I. Fazylov]. Tashkent: Fan. 197 р. [in Russian].
Xorezmi, 1961. Muxabbat-name. Izdanie teksta, transkripciya, pere vod i issledovanie E`. N. Nadzhipa [Mukhabbat-nameh. Edition of the text, transcription, translation, and study by E.N. Nadjip]. M. 266 р. [in Russian].
Shherbak A., 1971. Zamechanija o tekste i jazyke Ta'ashshuk-name. [Notes on the Text and Language of Ta'ashshuk-nameh]. «Studia Turcica». Ed. L. Ligeti. Budapest. Р. 431-444. [in Russian].
Bodrogligeti A. J. E., 1980. Fazylov’s Edition of Khujandi’s Latafat-nama: A Review Article. Journal of Middle East Studies. №12. Cambridge University Press. P. 101-109.
Bodrogligeti A., 1972. The Fragments of the Cavahiru'l-asrar. CAJ. V. XVI. № 4. Р. 290-303.
Clauson Sir G., 1928. A Hithero Unknown Turkish Manuscript in «Uighur» Characters. JRAS. № 4. P. 99-130.
Clauson Sir G., 1972. An Etymological Dictionary of Pre Thirteenth-Century Turkish. Oxford University Press. London. 988 p.
Eckmann J., 1988. Çağatayca El Kitabı: haz. KARAAĞAÇ Günay. [Chagatai Language Handbook: compiled by Günay Karaağaç]. İstanbul: Edebiyat Fakültesi Basımevi. 298 р. [in Turkish].
Gandjei T., 2001. Bir Edebi Eserin Yaratılışı ve Tavsifi: Dehname ‘On Aşk Mektubu. çev. Sertkaya A. [The Creation and Description of a Literary Work: Dehname ‘Ten Love Letters’. Translated by A. Sertkaya]. İlmî Araştırmalar: Dil, Edebiyat, Tarih İncelemeleri. [Scholarly Research: Language, Literature, History Studies]. S. 11. Р. 167-174. [in Turkish].
Kaçalin M. S., Ölmez M., 2019. Dîvânu Lugâti't-Turk – Mahmûd el-Kâşgarî. Istanbul: Kabalci Yayınevi. 624 р. [in Turkish].
Riеu С., 1888. Catalogue of the Turkish Manuscripts in the British Museum. London. 287 p.
Sertkaya O.F.,1971. Hocendî’nin Letâfetnâme’si ve Uygur Harfli Nüshasının Tıpkıbasımı [A Facsimile of Hocendî's Letâfetnâme and its Manuscript in Uyghur Script]. TÜDED. C. 19. Р. 232-235. [in Turkish].
Üzeyir A., 2020. Hucandi, Letâfet-nâme. On aşk mektubu. [Hucandi, Letâfet-nâme. Ten love letters]. Ankara: Sonçağ. 188 р. [in Turkish].
Zülfe Ö., 2011. Şiirin İzinde Sözün Gölgesinde. [In the Footsteps of Poetry, in the Shadow of Words]. İstanbul: Bilge Kültür Sanat. 256 р. [in Turkish].
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Т. Молдабай

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.














