Ортағасырлық Қойлық қаласы: жазба деректер мен археологиялық зерттеулер
Қаралымдар: 26 / PDF жүктеулері: 9
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2026-2-54-76Кілт сөздер:
Жетісу, орта ғасыр, Жібек жолы бойындағы қалалар, Қойлық, Антоновка, археология, зерттеулер, қазба, монша, мешіт, ханака, ғибадатханаАннотация
Мақалада солтүстік-шығыс Жетісу жерінде орналасқан ортағасырлық Қойлық қаласының (жазба деректерде Қойлық, Пулад атауларымен белгілі) тарихи дамуы мен археологиялық зерттелу кезеңдері қарастырылады. Қойлық – орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы маңызды саяси, экономикалық және мәдени орталықтардың бірі болған қала. Зерттеу барысында жазба деректер мен археологиялық материалдар кешенді түрде талданып, қаланың аймақ тарихындағы орны айқындалады. XIII ғасырда Жетісу өңірі арқылы Моңғолияға сапар шеккен еуропалық саяхатшы әрі француз елшісі Гильом де Рубруктың еңбектері орта ғасырдағы Қойлық қалашығының тарихын зерттеудегі маңызды дереккөздердің бірі болып табылады. Оның жазбаларында Қойлықтың ірі сауда орталығы ретінде сипатталуы, сондай-ақ қала тұрғындарының этникалық және діни құрамының алуандығы жөнінде құнды мәліметтер берілген. Сонымен қатар мақалада В.В. Бартольд, А.Н. Бернштам, М. Тынышбаев, К.М.Байпақов сияқты отандық және шетелдік зерттеушілердің ғылыми көзқарастары қарастырылып, Қойлық қаласының орналасуы мен тарихи маңызына қатысты пікірлері салыстырмалы түрде талданады. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде Қойлық қаласының орны қазіргі Алматы облысы Сарқант ауданы аумағында, Қойлық ауылының шығыс бөлігінде орналасқан Антоновка қалашығына сәйкес келетіні дәлелденді. 1998 жылдан бастап жүргізілген кешенді қазба жұмыстары қаланың ішкі құрылымын анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу барысында цитадель, шахристан және рабад аймақтары белгіленіп, қаланың жоспарлы құрылымы қалпына келтірілді. Қазба барысында әртүрлі діни ғимараттардың қалдықтары табылып, Қойлық қаласында ислам, буддизм және манихейлік сенімдердің қатар өмір сүргені анықталды. Атап айтқанда, мешіт, будда ғибадатханасы, манихейлік шіркеу және сопылық бағыттағы ханака тәрізді нысандардың орындары зерттелді. Бұдан бөлек, қоғамдық және тұрмыстық сипаттағы құрылыстар: моншалар, кесенелер, тұрғын үйлер мен шаруашылық кешендер анықталып, қаланың әлеуметтік құрылымы жөнінде жаңа деректер алынды. 2004 жылдан бастап «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында археологиялық зерттеулер ауқымы кеңейіп, қаланың мәдени қабаттары тереңінен зерделенді. Бұл жұмыстар Қойлықтың Жетісу өңіріндегі ғана емес, халықаралық сауда қатынастары жүйесіндегі орнын нақтылауға мүмкіндік берді. Қазба нәтижесінде табылған археологиялық олжалар арасында жергілікті өндіріс бұйымдарымен қатар Қытай мен Ираннан жеткізілген заттар, сондай-ақ Қойлықта соғылған теңгелер анықталды. Аталған материалдар қаланың экономикалық байланыстарының кең болғанын және қолөнер мен сауданың жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді. Жалпы алғанда, мақала Қойлық қаласының ортағасырлық Жетісу тарихындағы қалалану, мәдени және экономикалық үдерістердегі маңызын кешенді түрде ашып көрсетеді.
Downloads
Әдебиет
Akymbek E.Sh., Nurgali N.B., 2025. Medieval ceramic pottery handles in southern Kazakhstan: morphological features and chronology. Turkic Studies Journal. Vol. 7. No. 4. pp. 17-39. DOI: http://doi.org/10.32523/2664-5157-2025-4-17-3 DOI: https://doi.org/10.32523/2664-5157-2025-4-17-39
Baipakov K.M., 1966. Early medieval cities and settlements of Semirechye. News of the Academy of Sciences of the Kazakh SSR. Public Series. No. 2. p. 72–84.
Baipakov K.M., 1986. Medieval urban culture of southern Kazakhstan and Semirechye (VI– early XIII centuries). Alma-Ata. Science. 256 p.
Baipakov K.M., 2005. Ancient cities of Kazakhstan. Almaty: Aruna Ltd., 316 p.
Baipakov K.M., Voyakin D.A., Zheleznyakov B.A., 2005. Excavations at the town in 2004. Cultural Heritage. Almaty. p. 103-105.
Baipakov K.M., Zheleznyakov B.A., 2005. On Muslim culture at the medieval town of Kayalyk. Nomad-Kazakhstan. No. 2. p. 51-58.
Baipakov K.M., Petrov P.N., 2007. Kayalyk – a city of the great Mongol empire: numismatic and archaeological aspects. International Kazakh-Turkish University named after K.A. Yasawi, Research center for Archaeology. Proceedings of the International scientific and practical conference. “Money circulation and trade in medieval Kazakhstan”. Turan publishing house. Turkestan. 292 p.
Baipakov K.M., Voyakin D.A., Zheleznyakov B., Kamenshchikov M.V., Sorokin D.V., 2007. Exploration of the medieval Kayalyk in 2006. Report on archaeological research in 2006 under the State Program “Cultural Heritage”. Almaty. 218 p.
Baipakov K.M., Voyakin D.A., 2007. The medieval city of Kyyan: in Kazakh, Russian and English. Almaty. 224 p.
Baipakov K.M., 2012. Ancient and medieval urbanization of Kazakhstan: cities of the XIIIXV centuries. Bulletin of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan. Social Sciences Series. No. 3. Almaty. 250 p.
Baipakov K.M., Voyakin D.A., 2012. The Kazakhstan segment of the Great Silk Road in the UNESCO Serial Nomination. Archaeological expertise of scientific and research organization. Almaty. 152 p.
Baipakov K.M., Savelyeva T.V., Kamaltdinov I., 2020. Medieval cities of the Ili Valley (Northeastern Zhetisu-Semirechye) on the Great Silk Road in the VIII-XIV centuries. Peoples and Religions of Eurasia. No. 3 (24). p. 7–34. DOI: https://doi.org/10.14258/nreur(2020)3-01
Baipakov K.M., Zheleznyakov B.A., 2022. A stone with a cross from the Kayalyk town (new in the study of Christianity in the XII–XIV centuries in the Shu-Ile-Zhetisu regions).
Civilization of the Eurasian steppe: man and historical - cultural environment. Proceedings of the V International Congress on the Archaeology of the Eurasian Steppe (Turkestan, October 11–14, 2022). 5 volumes. Almaty – Turkestan: A.Kh. Margulan Institute of Archaeology. 5 volumes. 288 p.
Bartold V.V., 1966. Works on Archaeology, numismatics, epigraphy, and ethnography. Works. Moscow. Vol. 4. 497 p.
Bernshtam A.N., 1948. Ancient monuments of the Alma-Ata region. Bulletin of the Academy of Sciences of the Kazakh SSR. Archaeological Series. Issue 1. p. 79–91.
Zheleznyakov B., 2010. Kayalyk cathedral mosque. “NOMAD Kazakhstan”. Almaty. No. 3 (33). p. 60–68.
Zheleznyakov B.A., 2015. The Kayalyk cathedral mosque. Proceedings of the international scientific and practical conference “VI Orazbayev Readings” on “Archaeology and Ethnology of Kazakhstan: Past, Present, and Future” Editor-in-chief A.B. Kalysh. Almaty: Kazakh University. 472 p.
Zheleznyakov B.A., 2018. Iconic finds of the XI-XII centuries from the town Kayalyk. Central Asia on the Great Silk Road. Proceedings of the international scientific and practical conference, June 13-15, 2018. Almaty: Service Press. 545 p.
Zheleznyakov B.A., 2023. Towns of Kayalik and Talgar: the experience of studying and preserving heritage. Material for the international scientific and practical seminar “Talgar and Kayalik towns as components of the Chang'an - Tianshan Corridor of the Silk Road”. Esik.
September 7-8, 2023. Chief. ed. G.R. Mukhtarova. Almaty. Z-print printinghouse. 202 p.
Kamaldinov I.R., 2015. Excavations of the manor house in the Kayalyk town in 2014. Collection of works of the international scientific and practical conference “VI Orazbaev readings” on the topic “Archaeology and ethnology of Kazakhstan: past, present and future”. Chief editor A.B. Kalysh. Almaty: Kazakh University. 472 p.
Kumekov B.E., 1972. History of kimakov IX-XI centuries based on Arabic source. Alma-Ata. 158 p.
Petrov P.N., Atygaev N.A., Beltenov Zh.M., 2022. Kayalyk in the numismatic monuments of the Chingizids. MAIASP. No. 14. p. 369-381. DOI: https://doi.org/10.53737/2713-2021.2022.35.46.019
Travel to the eastern countries of Plano Carpini and Guillaume de Rubruck, 1993. Almaty: Gylym. 248 p.
Tynyshbaev M., 1992. Great disasters (Aktaban shubyryndy). Alma-Ata: Gylym. 119-127 p.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Д.А. Талеев, A.A. Молдахмет, С.Н. Апашева

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.

















