Ортағасырлық Ақтөбе: аңыз бен ақиқат


Қаралымдар: 300 / PDF жүктеулері: 168

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2025-2-44-63

Кілт сөздер:

орта ғасырлар, Баласағұн, Ақтөбе, қалашық, аңыздар, эпос, цитадель, шахристан, рабад, қазба, кесік.

Аннотация

Қазақ жері – байырғы өркениеттердің бесігі. Осы кең байтақ аумақта көне дәуір мен орта ғасырларда жүздеген қала, іріліұсақты елді мекендер мен зәулім керуен сарайлар бой көтерген.
Өз заманында олар тек жергілікті жұртқа ғана емес, бүкіл Азия мен тіпті Еуропаға дейін танымал болған. Бұл қалалар сәулет өнерінің әсемдігімен, мәдени өмірімен және қарқынды саудасымен ерекшеленген. Бірегей келбетімен, жергілікті шебер сәулетшілердің
даналығымен және мәдени-экономикалық байланыстардағы маңызымен бұл қалалар саяхатшылар мен саудагерлердің таңданысын тудырып, олардың жазбаларында із қалдырған.
Алайда бұл бірегей қалалар мен елді мекендердің көбісі уақыт сынына төтеп бере алмады. Қанды жорықтар, тақ таластары, ішкі қырқыстар мен сыртқы шапқыншылықтар көптеген мәдени орталықтардың күйреуіне және қаңырап бос қалуына себеп болды.
Бүгінде олардан көне тарихтың құпиясын ішіне бүккен төбелер мен қорғандар ғана қалған. Соған қарамастан, бұл жерлер өз тарихи маңызын жоғалтқан жоқ. Ғылым, мәдениет, қолөнер мен сауданың ордасы болған көне қалалардың жұрты халықтың жадында, ауызша тарихында, әсіресе бай қазақ фольклорында сақталып қалған.
Ұрпақтан ұрпаққа жеткен аңыздар мен ауызша баяндар өткен өркениеттер туралы бірегей мәліметтерді қамтиды. Бұл фольклорлық мұралар археологиялық және жазбаша деректермен қатар ежелгі қалалардың тарихын зерттеуде маңызды рөл атқарады.
Тамыры терең өркениеттің киелі мекені болған қазақ жерінің төсінде бір кездері тек көшпенді өмір салтының көрінісі ғана емес, сонымен қатар Ұлы Жібек жолы бойындағы жоғары деңгейдегі қалалық мәдениеттің куәсіне айналған іргелі орталықтар тірлік кешкен.
Осындай тарихи орындардың бірі – Ақтөбе қалашығы. Бұл мақалада оның тарихи шынайы болмысы мен аңыздық сипаттары қарастырылады. «Халық аңыздарында шындық бар ма?» деген сауалға айырықша назар аударылған. Зерттеушілер ортағасырлық Ақтөбе қалашығына жүз жылға жуық уақыт бойы маңызды археологиялық ескерткіш ретінде көңіл бөліп келеді. Оған қатысты халық аңыздары мен тарихи деректер бірін-бірі толықтырады. Аңыздарда Ақтөбе ғылым, білім мен мәдениет ордасы ретінде сипатталады. Бұл мәліметтер ежелгі қаланың өмір салтын қалпына келтіріп елестетуге мүмкіндік береді.
Мақалада аңыздарға фольклорлық-тарихи талдау жасалып, олардың шынайы тарихпен байланысы анықталады, ал бұл өңірдің мәдени мұрасын тереңірек түсінуге ықпал етеді.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор туралы мәлімет

Мадияр Елеуов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

тарих ғылымдарының докторы, профессор

Архад Молдахмет, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі

PhD, ғылыми қызметкер

Мағжан Жүсіпназар, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

магистрант

Әдебиет

Аbdualï, Q., 2004. Qañlı (tarïxï şejire) [Qangly (Historical Genealogy)]. Almaty: Daik-Press. 610 p. [in Kazakh].

Áuezov, M., 1962. Uaqyt jáne ádebïet [Time and Literature]. Almaty: Qazaqtyń Memlekettik Kórkem Ádebï Baspasy. 428 p. [in Kazakh].

Ualïhanov, Ch.Ch., 1961. Zametki po istorïi yujno-sibirskikh plemen [Notes on the History of Southern Siberian Tribes]. In Sochinenïya v 5-ti tomakh. Alma-Ata: Izd-vo AN Kaz SSR. 391 p. [in Russian].

Ualïhanov, Ch.Ch., 1961. Istorïcheskie predanïya o batïrakh XVIII veka [Historical Legends about Batyrs of the 18th Century]. In Sochinenïya v 5-ti tomakh. Alma-Ata: Izd-vo AN Kaz SSR. pp. 220-227. [in Russian].

El qazınasy eski sóz, 1994. B.B. Radlov jïnağan qazaq folklorınıñ ülgileri [National treasure is an old saying (Samples of Kazakh folklore collected by В.В. Radlov)]. Almaty. 616 p. [in Kazakh].

Elewov M., 2012. Ortağasırlıq Aqtöbe qalasınıñ zerttelw tarïxı: Joğarı oqw ornı stwdentterine arnalğan oqw quralı [The history of the exploration of the medieval city of Aktobe: A textbook for university students]. Almatı: Qazaq wnïversïteti. 105 p. [in Kazakh].

Elewov M., 2016. Eskertkişter jïnağı [Collection of monuments] Almaty: Kazakh university. 158 p. [in Kazakh].

Elewov M., Taleev D., Esenov S., 2017. Şu-Talas öñiriniñ uzın qorğandı qalaları [Long-mounded cities of the Shu-Talas region]. jawaptı red. Ersarïev A.M. Monografïya Almaty: kazakh university. 114 p. [in Kazakh].

Elewov M., 2021. Ortağasırlıq Aqtöbe qalasınıñ qorğanıs jüyesi [The defense system of the medieval city of Aktobe]. Kazakh university. Almaty. 106 p. [in Kazakh].

Kazakhskiy fol'klor v sobranii, 1972. G.N. Potanina (Arkhivnyye materialy i publikatsii) [Kazakh folklore in collection. G.N. Potanina (Archival materials and publications)]. Alma-Ata. 379 p. [in Russian].

Qazaq ädebïetiiniñ tarïxı, 2008. On tomdıq [History of Kazakh literature (Ten volumes)]. Almaty: KazAkform. V. 3. 536 p. [in Kazakh].

Qazaqtıñ xalıq tvorçestvosı (Ä. Dïvaev jnağan materïaldar), 1989. [Kazakh folk art (Materials collected by A. Divaev)]. Almaty: Nauka. 416 p [in Kazakh].

Qasqabasov S., 1984. Qazaqtıñ xalıq prozası [Kazakh folk prose] Almaty: Nauka, Ana tili. 272 p [in Kazakh].

Qasqabasov S., 2009. Oyöris [Thoughts]. Almatı: Jibek jolı. 303 p. [in Kazakh].

Qoñıratbaev Ä., 1991. Qazaq folklorınıñ tarïxı [History of Kazakh folklore]. Qurastırıp alğı sözin jazğan Ä., Qoñıratbaev. Almatı. 288 p. [in Kazakh].

Marğulan Ä., 1985. Ejelgi jır añızdar: Ğılımï-zerttew maqalalar [Ancient Poems and Legends: scientific research articles]. Qurastırğan R. Berdibaev. Almatı: Jazwşı. 368 p. [in Kazakh].

Potanin G.N., 1917. Kazak-kirgizskiye altayskiye predaniya, legendy i skazki [Cossack-Kyrgyz Altai legends, legends and fairy tales]. Peterburg. P. 47-71 [in Russian].

Wälïxanov Ş.Ş., 2010. Oñtüstik Sibir taypalarınıñ tarïxı twralı jazbalar [Notes on the history of the tribes of South Siberia]. Ş.Ş. Wälïxanov. Köp tomdıq şığarmalar jïnağı. 1 tom /2 basılım.Almaty: Tolagai group. P. 248-258 [in Kazakh].

Wälïxanov Ş.Ş., 2010a. Qırğızdar twralı jazbalar [Notes on the Kyrgyz]. Wälïxanov Ş.Ş. Köp tomdıq şığarmalar jïnağı. 2 tom / 2 basılım. Almaty: Tolagay Group. P. 8-107 [in Kazakh].

Shalekenov U.Kh., 1980. Aktobe – sredenvekovyy pamyatnik [Aktobe – a medieval monument]. Istoriya material'noy kul'tury Kazakhstana. Alma-Ata. P. 13-20. [in Russian].

Shalekenov U.Kh., Orazbayev A.M., 1980. Nekotoryye dannyye o vodoprovodnoy sisteme srednevekovogo goroda Aktobe [Some data on the water supply system of the medieval city of Aktobe]. Istoriya material'noy kul'tury Kazakhstana. Alma-Ata. P. 24-38. [in Russian].

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-13

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Елеуов, М., Молдахмет, А., & Жүсіпназар, М. (2025). Ортағасырлық Ақтөбе: аңыз бен ақиқат. Turkic Studies Journal, 7(2), 44–63. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2025-2-44-63

Журналдың саны

Бөлім

Ортағасырлық тарих және дала археологиясы

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары