Historical and geographical research of the Turkic toponym Otukan


Қаралымдар: 123 / PDF жүктеулері: 118

Авторлар

  • Қахар Барат Кэмбридж

DOI:

https://doi.org/10.32523/tsj.01-2019/2-2

Кілт сөздер:

Otukan, Otukan Yïš, Orkhon Turkic texts, Khangai Mountain

Аннотация

Өтүкен тауы түркілер үшін олар қысқа мерзімге бас біріктірген 552-840 жылдар
аралығында әрі геосаяси, әрі рухани орталық ретінде қызмет атқарып, өздерінің Меккесі
секілді болды. Зерттеушілер Өтүкеннің нақты орналасқан жері туралы ХІХ ғасырдан
бері пікір таластырып келеді. Біз Өтүкен туралы сөз ететін 22 Орхон түркі жазбаларын
жинақтадық. Салыстыру әдісі арқылы біз олардың ежелгі Өтүкеннің тұтас Хангай таулары
болғандығы туралы жалғыз пайымды растауға жеткілікті екендігіне көз жеткіздік. Сондай-
ақ Өтүкеннің аты аталатын сексеннен астам қытай жазбалары ұшырасады. Бұл маңызды
тұжырымның Орхон түркілерінің тарихы мен қоғамы, сонымен қатар қоршаған өңірі
туралы талқылаулар барысында маңызды рөл атқаратыны айқын. Іс жүзінде үш ғасырлық
түркі кезеңі бұл ұлы Алтай орталығының үш мың жылдық тарихының он пайызын ғана
қамтиды. Хангайдың ерекшелігі сонда, оның Орхон алқабының кем дегенде алты рет –
ғұндар, аварлар, түркілер, ұйғырлар, қидандар және моңғолдар үшін Рим сияқты бола
алғандығында. Өз болмысын сақтаған бұл аймақты, оның бетіндегі кейбір жазуларды,
бұғытастарды, балбалдарды және шөккен қабырғаларды суретке түсірген саяхатшылардан
басқа, біз де, археологтар да көп жағдайда ұмыт қалдырғанбыз.

Автор өмірбаяны

Қахар Барат, Кэмбридж

PhD, Орталық Азия өркениеттері
және Жібек Жолы зерттеулері
қауымдастығының (ACANSRS) мүшесі

Жүктеулер

Жарияланды

2021-11-26

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Барат, Қ. (2021). Historical and geographical research of the Turkic toponym Otukan. Turkic Studies Journal, 1(1), 25–36. https://doi.org/10.32523/tsj.01-2019/2-2

Журналдың саны

Бөлім

МАҚАЛАЛАР