Шағымдармен және апелляциялармен жұмыс саясаты
Turkic Studies Journal журналы шағымдар мен апелляцияларды ашықтық, объективтілік және әділеттілік қағидаттарына сәйкес қарастырады. Бұл саясат Committee on Publication Ethics (COPE) ұсынымдарына сүйене отырып жасалған және редакциялық шешімдерге, рецензиялау үдерісі мен жариялау этикасын сақтауға байланысты барлық өтініштерге қатысты қолданылады.
- Жалпы ережелер
Журнал редакциясы барлық шағымдар мен апелляциялардың адал, бейтарап және құпия қарастырылуын қамтамасыз етеді. Шағымдар мен апелляциялардың берілуі авторға қатысты редакцияның келешек шешімдеріне ықпал етпейді және басқа қолжазбаларды қабылдамау үшін негіз ретінде қарастырылмайды. Барлық өтініштер журналдың редакциялық саясатын, жариялау этикасының нормаларын және мәселенің нақты жағдайларын есепке ала отырып қарастырылады.
- Редакциялық шешімге апелляция
Автор редакциялық шешіммен, оның ішінде қолжазбаны жариялауға қабылдамаумен келіспеген жағдайда апелляция беруге құқылы. Апелляция үшін рецензияларда нақты қателердің болуы, рецензиялаудың ықтимал алалаушылығы және қолжазбаны қараудың бекітілген процедурасының бұзылуы туралы дәлелді тұжырымдар негіз бола алады. Рецензенттердің тек қана ғылыми ұстанымымен келіспеушілікке негізделген апелляциялар әдетте қаралмайды.
Апелляция журналдың ресми байланыс арналары арқылы жазбаша түрде беріледі және өтініштің мәні айқын баяндалып, ғылыми дәлелдері болуы тиіс.
Апелляцияның келіп түскенін редакция әдетте 7 жұмыс күнінің ішінде растайды. Апелляцияның қаралуы толық және дұрыс рәсімделген өтініш алынған сәттен бастап 30 күнтізбелік күнге дейінгі аралықта жүзеге асырылады.
Редакция апелляцияны қарауға алғашқы шешімді қабылдауға қатыспаған редакция алқасы мүшелерін, сондай-ақ қосымша тәуелсіз сарапшыларды тарта алады. Қарау нәтижелері бойынша авторға түпкілікті болып табылатын уәжделген жазбаша шешім жіберіледі.
- Шағымдар
Шағымдар сонымен қатар жариялау этикасын бұзушылыққа, рецензенттердің немесе редакторлардың әдепсіз мінез-құлқына, мүдделер қақтығысына, қолжазбаны қарауды негізсіз созбалаушылыққа немесе редакциялық процедуралардың құпиялығын бұзушылыққа қатысты болуы мүмкін.
Шағым жазбаша түрде беріледі және онда жағдайдың сипаттамасы мен мүмкіндігінше растайтын материалдар болуы қажет. Редакция шағымның келіп түскенін 7 жұмыс күні ішінде растайды.
Шағымның бастапқы қаралымы 15 жұмыс күніне дейінгі аралықта жүзеге асырылады. Қосымша тексеру, редакция алқасын немесе сыртқы сарапшыларды тарту қажет болған жағдайда қаралым 30 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге созылуы мүмкін. Мерзім ұзартылған жағдайларда өтініш иесіне қосымша хабарлама жіберіледі.
- Жариялау этикасын бұзушылыққа байланысты шағымдар
Жариялау этикасын ықтимал бұзушылыққа (плагипт, деректерді қолдан жасау немесе жалған бұрмалау, жария етілмеген мүдделер қақтығысы, рецензиялауға қатысты манипуляциялар және т.с.с.) байланысты шағымдарды қарағанда редакция COPE нұсқауларына сәйкес әрекет етеді.
Жариялау үдерісінің сипаты мен кезеңіне қарай редакция түзету, алаңдаушылық білдіру немесе мақаланы ретракциялау үдерістеріне бастамашы болуы мүмкін. Қажет болған жағдайда редакция авторлармен, рецезенттермен, редакция алқасымен және баспагермен өзара әрекеттеседі.
- Құпиялық және тараптарды қорғау
Барлық шағымдар мен апелляциялар құпиялық қағидаттарын сақтау арқылы қаралады. Өтініш иелерінің, рецензенттердің және редакторлардың жеке мәліметтері заңнамада немесе COPE нұсқауларында көзделген жағдайлардан басқа ретте жариялауға жатпайды. Редакция мүдделер қақтығысын болдырмау және барлық қатысушы тараптарды қорғау үшін шаралар қолданады..
- Қорытынды ережелер
Редакция нақты дәлелдері жоқ, сондай-ақ редакцияға қысым жасауға немесе редакциялық шешімдердің тәуелсіздігіне қол сұғуға бағытталған өтініштерді қарамау құқығын өзінде қалдырады.
Бұл саясат материалды қарау немесе жариялау кезеңдеріне қарамастан, Turkic Studies Journal журналына келіп түскен барлық шағымдар мен апелляцияларға қатысты қолданылады.



















