Авторлық құқық және лицензия

Авторлар өз еңбектеріне толық авторлық құқықтарды өздерінде сақтайды. Turkic Studies Journal журналына мақала ұсына отырып, автор(лар) журналдың редакциялық және жариялау саясатын, оның ішінде ғылыми этика нормалары мен материалдардың түпнұсқалығын сақтауға міндеттенеді. Бұл редакцияға қолжазбамен бірге жіберілетін Авторлық міндеттемені ұсыну арқылы расталады.

Мақала жариялауға қабылданғаннан кейін автор(лар) редакциямен Лицензиялық келісім жасасып, онда журналға мақаланы алғаш жариялау құқығын береді. Бұл құқық жай (айрықша емес) лицензия шарттарымен беріліп, әрі қарай авторлардың;

  • мақала мазмұнын өздерінің ғылыми және білім беру мақсаттарына пайдалануына;
  • жарияланымды институционалдық репозиторийлерде, жеке веб-парақшаларда және коммерциялық емес ғылыми платформаларда орналастыруына;
  • журналдағы түпнұсқа жарияланымға міндетті түрде сілтеме жасай отырып, мақаланы эксклюзивті емес тарату (мысалы, материалды жинақтарға, диссертацияларға, оқу курстарына енгізу) жөнінде дербес келісімдер жасауына мүмкіндік береді.

Лицензиялау шарттары

Барлық жарияланған материалдар Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы шарттарының негізінде таратылады.

Бұл:

  • егер пайда табумен байланысты болмаса, кез келген қолданушы мақала материалдарын еркін оқуға, көшірмесін жасауға, басқа тарапқа жіберуге, сақтап қоюға, аударуға және пайдалануға құқылы;
  • журналдағы түпнұсқа мақалаға авторлықты және сілтемені көрсету міндетті;
  • қайта өңдегенде, бейімдегенде және аударғанда өзгерістердің болғандығын атап өтуі қажетті дегенді білдіреді.

Автордың алдын ала жазбаша рұқсатынсыз материалды коммерциялық тұрғыдан пайдалануға жол берілмейді. Мұндай рұқсатты алу үшін мүдделі тараптар авторға тікелей немесе редакция арқылы жүгіне алады.