Қазақ, ноғай тілдеріндегі халықтық географиялық терминдердің лингвистикалық табиғаты
Қаралымдар: 18 / PDF жүктеулері: 4
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2026-2-222-241Кілт сөздер:
қазақ тілі, ноғай тілі, халықтық географиялық терминдер, лингво-география, этимология, өлі түбір, морфологиялық құрылым, лексика- семантикалық жүйе, тарихи- салыстырмалы әдіс, тілдік әлем бейнесіАннотация
Қазақ пен ноғай – тарихи тегі бір, туыстас халықтар, сондықтан тілдері де өзара жақын. Екі этностың этногенездік, тарихи-мәдени сабақтастығы олардың тілдік жүйесіндегі ортақ қабаттардың сақталуына негіз болды. Көшпелі дәстүрі мен шаруашылығы ауа райының ыңғайына қарай үнемі орын ауыстырып отыруға бейімделгендіктен, қоршаған ортаны тану мен табиғаттың сырларын меңгеруге мол мүмкіндік тудырды. Дала кеңістігін, жер бедерін, су көздерін, өсімдік жамылғысын дәл сипаттау өмір сүрудің маңызды шартына айналды. Табиғи нысандарды ортақ белгілеріне қарай жалпы атаулармен атады, ал бұл атаулар халықтық географиялық терминдердің мол қоры мен лингво-географиялық жүйесін қалыптастырды. Осындай атаулар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, халық жадында сақталып, тілдік дәстүр арқылы тұрақтанды, жүйеленіп, қолданыс аясын кеңейтті. Халықтық терминдер, біріншіден, географиялық танымның, екіншіден, дүниенің тілдік бейнесі мен табиғат туралы аялық білімнің айғағы. Олар белгілі бір аймақтың табиғи-ландшафтық ерекшеліктерін бейнелей отырып, халықтың дүниетанымы мен тәжірибесін танытады. Мақала қазақ, ноғай тілдеріндегі халықтық географиялық терминдердің қалыптасу жағдайлары мен лингвистикалық табиғатын талдауға арналған. Сонымен қатар зерттеуде тарихи-салыстырмалы, сипаттамалы, этимологиялық әдістер қолданылып, тілдік деректер жүйелі түрде қарастырылды, ғылыми тұрғыдан сарапталды. Қоршаған ортаны тану әрбір нысанның түрін анықтап, оған лайықты атау беру арқылы жүзеге асады. Бұл атаулар тілде сақталғанмен, олардың жасалу жолдары, түпкі мағынасы, шығу уәждері белгісіз. Сондықтан кейбір көмескі халықтық терминдерге этимологиялық зерттеулер жүргізілді. Талдаулар барысында түпкі негіздері ортақ «қурай, құрғақ, құрлық; күдір, күп, көбе (жер көбесі), көбек» секілді сөздердің шығу тегі ортақ екені туралы болжамдар жасалды. Мағыналары ұқсас, дыбыстық тұлғалары жақын сөздерді өзара салыстырғанда түпкі негізі «қу, құ, кү, кө» нұсқаларына барып тіреледі, олар бүгінде өлі түбірлерге айналған. Сөздің морфологиялық құрылысынан шығу тегімен қатар мағыналық даму эволюциясы да көрініс береді, семантикалық өріс аясында кеңейе түседі. Зерттеу барысында мына мәселелер анықталды: терминдердің морфологиялық құрылымы түбір, туынды, біріккен сөздерден құралған, екі тілдегі нұсқалары бірдей тәсілмен жасалған, шығу уәждері мен лексика-семантикалық жүйесі ортақ. Бұл деректер қазақ пен ноғай тілдерінің тарихи негізі мен тілдік бірегейлігін, сондай-ақ халықтық географиялық терминдердің көне қабатын айқындайды, олардың сабақтастығын нақты дәлелдейді.
Downloads
Әдебиет
Ақтөбе газеті, 2022. Ақтөбе. Қолжетімді: https://aqtobegazeti.kz/?p=108487 (қаралған күні: 08.12.2025).
Апресян Ю.Д., 1995. Избранные труды. 2-том. Интегральное описание языка и системная лексикография. Москва: Языки русской культуры. 769 с.
Бияров Б., 2012. Жер-су аттарының сөзжасамдық үлгілері. Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты. 460 б.
Булгарова М., 1999. Ногайская топонимия. Ставрополь: Ставрополь сервис школа. 320 с.
Гумбольдт В. Фон, 1984. Избранные труды по языкознанию. Москва: Прогресс. 400 с. Древнетюркский словарь, 1969. Ленинград: Наука. 677 с.
Ўзбек тилининг изохли луғати. (https://n.ziyouz.com/books/uzbek_tilining_izohli_lugati/O'zbek)
Жанұзақов Т., 2015. Халықтық географиялық терминдер. Алматы. 320 б.
Жер-су атауларының анықтамалығы, 2009. Алматы: Арыс. 568 б.
Кайдар А., 2005. Структура односложных корней и основ в казахском языке. Алматы: Арыс. 304 с.
Крылов Г.А. Этимологический онлайн-словарь русского языка. URL: https://lexicography.online/etymology/krylov/ (қаралған күні: 11.12.2025).
Қайыржан К., 2013. Сөз-сандық: Қазақтың көне сөздері. Алматы: Өнер. 480 б.
Қазақ әдеби тілінің сөздігі, 2011. Он бес томдық. 1-том. Алматы: Дәуір. 752 б.
Қазақ әдеби тілінің сөздігі, 2011. Он бес томдық. 8-том. Алматы. Дәуір. 744 б.
Қазақ әдеби тілінің сөздігі, 2011. Он бес томдық. 10-том. Алматы: Дәуір. 752 б.
Қазақ әдеби тілінің сөздігі, 2011. Он бес томдық. 12-том. Алматы: Дәуір. 752 б.
Қазақ тілінің аймақтық сөздігі, 2005. Алматы: Арыс. 824 б.
Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі, 1997. Алматы: Сөздік-словарь. 368 б.
Қойшыбаев Е., 1985. Қазақстанның жер-су аттары сөздігі. Алматы: Мектеп. 256 б.
Левитская Л.С., Дыбо А.В., Рассадин В.И., 2000. Этимологический словарь тюркских языков: Общетюркские и межтюркские основы на букву «Қ». Москва: Наука. 262 с.
Мәтбек Н.Қ, 2018. Түркі тілдес ноғай ұлты: Ноғай тілі. Қолжетімді: https://vk.com/wall-158799159_100 (қаралған күні: 10.12.2025).
Никонов В.А., 2011. Введение в топонимику. Москва: ЛКИ. 184 с.
Ногайско-русский словарь, 1963. Москва: Государственное издательство иностранных и национальных словарей. 560 с.
Оңдасынов Н.Д., 1974. Парсыша-қазақша түсіндірме сөздік. Алматы: Қазақстан. 384 б.
Подольская Н.В., 1988. Словарь русской ономастической терминологии. Москва: Наука. 191 с.
Шаруашылық кітабы, №24. 6 бет. Қолжетімді: https://muragat-bko.gov.kz/catalog/scan/opisi/S2_11.pdf (қаралған күні: 10.12.2025).
Уикипедия. Жантақ. URL: https://kk.wikipedia.org/wiki/Жантақ (қаралған күні: 15.01.2026).
Уикипедия. Жусан. URL: https://kk.wikipedia.org/wiki/Жусан (қаралған күні: 15.01.2026).
Уикипедия. Изен. URL: https://kk.wikipedia.org/wiki/Изен (қаралған күні: 15.01.2026).
Уикипедия. Кендір. URL: https://kk.wikipedia.org/wiki/Кендір (қаралған күні: 15.01.2026).
Falcinelli I., Fini C., Mazzuca C., Borghi A.M., 2024. The geo domain: a review on the conceptualization of geographical and geopolitical entities. Frontiers in Psychology. 15. Article 1389581. P. 1–19. DOI: 10.3389/fpsyg.2024.1389581. DOI: https://doi.org/10.3389/fpsyg.2024.1389581
Lim S.L.T.G., Perono Cacciafoco F., 2023. Toponyms as a Gateway to Society. Journal of Ancient History and Archaeology. 10 (1). DOI: 10.1163/26670755-01010008. DOI: https://doi.org/10.1163/26670755-01010008
Sozdik.kz. URL: https://sozdik.kz/kk/dictionary/translate/kk/ru/күдір/ (қаралған күні: 15.01.2026).
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Б. Абдуалиулы, А. Айнабек

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.

















