Қырғызстандағы Эшкили-Тоодан (Талас облысы) табылған арабграфикалы мәтіндер мен таңбалар


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2026-1-133-158

Кілт сөздер:

Жартас өнері, Қырғызстан, Талас облысы, арабграфикалы мәтіндер, таңбалар, XIX-XX ғасырлар, мал шаруашылығы, Қырғызстан тарихы, ислам, Қырғыз тілі

Аннотация

Қырғызстанның Талас облысындағы Эшкили-Тоо (Эчкили-Тоо) жартас өнері ескерткішінің жаңа орнынан 105 сурет анықталды. Олардың басым бөлігі негізінен көне түрік дәуіріндегі және XIX ғасыр немесе XX ғасырдың басына дейінгі кезеңдерді қамтитын зооморфтар (таутеке бейнелер) болса керек. Сонымен қатар, үш бөлек жерде орналасқан тоғыз арабграфикалы жазу анықталып, құжатталды. Олардың жетеуі аңғардың жоғарғы бөлігіндегі бұрынғы үш қоныстың маңында шоғырланған. Бұл қоныстардың қысқы маусымда пайдаланылған болуы әбден ықтимал екенін атап өткіміз келеді. Барлық жазулы мәтіндер жартас бетіне терең қашалған және анық көрінеді, ешқандай қақ баспаған. Олар теңіз деңгейінен 1440-1600 метр биіктікте орналасқан. Жазуларда он адамның аты аталады және олардың барлығы ер адамдарға қатысты (біреуінде қожа мен молдаға сілтеме жасалады). Бұл мәтіндердің марқұмдарға арналған эпитафиялар екендігін дәлелдейтін ешқандай дерек жоқ. Көпшілік мәтіндер әдетте орта түркі арабграфикалық әдеби тілінде жазылған, мұны «оглу» («ұл») сөзінің қолданылуымен дәлелдеуге болады Сонымен қатар, мәтіндерде алты мерзім жазылған. Олардың үшеуі григориан күнтізбесі бойынша 1911-1922 жж. аралығына тиесілі, ал қалғандары хижра немесе григориан бойынша 1299(яғни 1882), 1307 (яғни 1889) және 1313 (яғни 1895 ?) сонымен қатар григориан күнтізбесі бойынша 1907 немесе 1913? жылдар болуы да әбден ықтимал. Сондай-ақ, бір жартастың бетінде екі мерзім дәстүрлі көшпелі жыл санау бойынша жануарлармен байланысты болды. Жазулардың бірі – елді мекеннің жанында орналасқан «Басмала (биссимилла...)». Бұл жазу Талас облысы Қара-Сайдың жартас ескерткішінен табылған басқа да жарияланбаған «Басмала» жазуымен салыстырылып қаралды. Тағы бір жазу – бұл анттың бір түрі, оның мәні толығымен түсініксіз, мүмкін осы аумақтағы мүліктің белгісі ретінде қолданылды деп те айтуға болады. Аталмыш осы жазу мен екінші жазулы мәтіні сол кезеңдегі үш таңбаның бар-жоғымен талданды, XIX ғасыр және XX ғасырдың басындағы аумақты таңбалау үшін таңба мен арабграфикалық жазуы арасындағы байланысқа да күмән келтіреді. Жартастағы өнер контекстіндегі арабграфиялық мәтіндерді Орталық Азиядағы малшы қауымдардың өмір тіршілігінің тарихына қатысты жаңа мәліметтер мен тың деректерді анықтау үшін оларды жүйелі түрде тіркеу, құжаттау, талдау және жариялаудың қажеттілігі өте жоғары.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор туралы мәлімет

Люк Херманн, тәуелсіз зерттеуші

PhD

Напил Базылхан, Түркі академиясы

филология ғылымдарының кандидаты, аға сарапшы, ғылым бөлімі

Гамал Соронкулов, «Эко-АЯН» экологиялық қоғамдық қоры

техника магистрі, тәуелсіз зерттеуші

Лауренце Дельвич, «Эко-АЯН» экологиялық қоғамдық қоры

тәуелсіз зерттеуші

Азамат Асеин Уулу, «Манас Ордо» ұлттық кешені мұражайы

Директор

Әдебиет

Bazylkhan N., Zheleznyakov B., Hermann L., Zhambulatov K., 2013. Novie nakhodki arabographitchnikh nadpisei v gorakh Kulzhabasy [New Finds of Arabic Inscriptions in the Kulzhabasy Mountains]. Khabarlary izvestiya. №3 (289). Almaty. P. 152-155. [in Russian].

Gaponenko V.M., 1963. Naskalnie izobrazheniya Talasskoï doliny [Rock art of the Talas valleys]. Arkheologitscheskie pamyatniki Talasskoi doliny [Archaeological monuments of the Talas hills]. Frunze. P. 101-110. [in Russian].

Dzhumagulov Tsh., 1987. Epigrafika Kirgizii [Epigraphy of the Kyrgyz]. 3. Frunze: Izdatelstvo “Ilim”. 168 p. [in Russian].

Zheleznyakov B., Hermann L., Bazylkhan N., 2019. Arabografitschnie nadpisi iz Akkainara i Tamgaly [Arabic inscriptions from Akkainar and Tamgaly]. Istoriya i arkheologiya Semiretschya [History and archaeology of Semirechie]. №6. Almaty. P. 234-239. [in Russian].

Kaschey O.A., 2020. Naskalnye izobrazheniya Karatasha [Rock art of Karatash]. Arkheologiya Evraziiskikh stepei [Archaeology of the Eurasian steppes]. №5. Kazan. P. 39-49. https://doi.org/10.24852/2587-6112.2020.5.39.49 [in Russian].

Muminov A.K., Duisenov B.D., 2023. «Abat-Baitak» Korymynyn arabzhazuly epigrafikalyk eskertkshşteri» [Epigraphic Monuments in Arabic Script from the "Abat-Baytad" Necropolis]. Kitap-albom. Almaty: Altın paraq. 496 p. [in Kazakh and Russian].

Tabaldiev K., 2012. Izutshenie epigrafiki i znakov-tamg Kyrgyzstana [Documentation of epigraphy and tamgas of Kyrgyzstan]. Istoritsheskoe kulturnoe nasledie i sovremennaya kultura [Historical cultural heritage and contemporary culture]. Almaty. P. 52-61. [in Russian].

Tabaldiev K.Sh., Belek K., 2008. Pamyatniki pismennosti na kamnie Kyrgyzstana (svod pamyatnikov pismennosti na kamnie) [Monuments of inscriptions on stone of Kyrgyzstan (collection of monuments of inscriptions on stones)]. Bishkek. 336 p. [in Russian].

Sher Ya.A., Мiklashevitsh Е.А., Samashev Z.S., Sovetova О.S., 1987. Petroglify Zhaltyrak-Tasha [Petroglyphs of Zhaltyrak-Tash]. Problemy arkheologitsheskikh kultur stepei Evrazii [Problems of the archaeological cultures of the Eurasian steppes]. Kemerovo. P. 70-78. [in Russian].

Amanbaeva B., Suleymanova A., Zholdoshov Ch., 2011. Rock art in Kyrgyzstan. Clottes J. (ed.). Rock art in Central Asia. Paris: ICOMOS. P. 43-71.

Castagné J., 1921. Les tamgas des Kirghizes (Kazaks) [Tamgas of the Kyrgyz (Kazakh)]. Revue du monde musulman. Vol. XLVII. Paris. P. 29-65. [in French].

Hermann L., 2017. Un site d’art rupestre dans l’Ur-Maral (oblast de Talas) au Kirghizstan [A rock art site in Ur-Maral (Talas region) in Kyrgyzstan]. International Newsletter on Rock Art. №78. Foix. P. 10-13. [in French and English].

Hermann L., 2018. Le site de Chiim-Tash dans la région de l’Ur-Maral (oblast de Talas) au Kirghizstan [The site of Chiim-Tash in the Ur-Maral region (oblast of Talas) in Kyrgyzstan]. International Newsletter on Rock Art. №82. Foix. P.11-16. [in French and English].

Hermann L., 2019. L’art rupestre de la vallée de Kara-Too (oblast de Naryn) au Kirghizstan [The rock art of the Kara-Too valley (oblast of Naryn) in Kyrgyzstan]. International Newsletter on Rock Art. №83. Foix. P.14-24. [in French and English].

Hermann L., 2020. Repertory of the tamgas in the Talas region (Kyrgyzstan), Jacobson Tepfer E., Novozhenov V. A. (eds.). Rock Art Chronicles of Golden Steppe from Karatau to Altai. №2. Almaty. P. 185-191.

Hermann L., Bazylkhan N., 2023. Kazakh ethnographic petroglyphs and an Arabic inscription in Eshkiolmes (South-Eastern Kazakhstan). Arkheologiya Kazakhstana. №2 (20). Almaty. P. 222-231. https://doi.org/10.52967/akz2023.2.20.222.231

Hermann L., Bazylkhan N., Soronkulov G., Delwiche L., Usein Uulu A., 2025a. The new Rock Art Site of Kara-Say (Province of Talas) in Kyrgyzstan with Tamgas and two Arabic Inscriptions. Arkheologiya Kazakhstana. №2 (28). Almaty. P. 359-375. https://doi.org/10.52967/akz2025.2.28.359.375

Hermann L., Bazylkhan N., Soronkulov G., Delwiche L., Asein Uulu A., 2025b. Arabic Inscriptions from the Ur-Maral region (Province of Talas) in Kyrgyzstan. Turkic Studies Journal. V.7. №4. Astana. P. 170-195. http://doi.org/10.32523/2664-5157-2025-4-170-195

Hermann L., Soronkulov G., Delwiche L., 2025c. The rock art site of Sandyk-Tash (Jalal Abad) in Kyrgyzstan. Expression. №49. Capo di Ponte. P. 44-60.

Rogozhinskii A.E., 2019. Medieval petroglyph tamgas in Southern Kazakhstan and Semirechie. Tamgas of Pre-Islamic Central Asia. Samarkand. P. 249-295.

Yatsenko S.A., Rogozhinskii A.E., 2019. Introduction, Tamgas of Pre-Islamic Central Asia. Samarkand. P. 8-42.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-15

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Херманн L., Базылхан N., Соронкулов G., Дельвич L., & Асеин Уулу A. (2026). Қырғызстандағы Эшкили-Тоодан (Талас облысы) табылған арабграфикалы мәтіндер мен таңбалар. Turkic Studies Journal, 8(1), 133–158. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2026-1-133-158

Журналдың саны

Бөлім

Түркі жазба ескерткіштерінің мәтінтануы

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары