«Балқадиша» әнінің шығу және насихатталу тарихы: этноархеологиялық зерттеу


Қаралымдар: 125 / PDF жүктеулері: 44

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2025-3-127-146

Кілт сөздер:

Ақан сері Қорамсаұлы, Балқадиша Ыбырайқызы, тарихи-мәдени мұра, қазақ әндері, этноархеология, текстология, картография, архивтану, қасиетті орындар, экспедиция

Аннотация

Мақала белгілі композитор Ақан сері Қорамсаұлының (1843-1913)  «Балқадиша» әнінің шығу және насихатталу тарихын этноархеологиялық тұрғыдан  зерттеуге арналған. Халық арасында кеңінен таралған бұл әннің пайда болуына  қатысты күні бүгінге дейін тек журналистер, композиторлар ғана жазып келді. Ал  ғылыми тұрғыдан кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілмеді.  Мақалада ең алдымен тақырыптың өзектілігі айқындалып, мәселенің зерттелу  дәрежесіне шолу жасалады. «Балқадиша» әні мәтінінің уақыт өте келе өзгеруін анықтау  мақсатында ХХ ғасырдың басынан бастап жарық көрген ән жинақтары текстологиялық  тұрғыдан талданады. Таптық күрес идеологиясын желеу еткен кеңестік идеологияның Ақан сері Қорамсақұлының шығармасына әсері көрсетіледі. Әсіресе Балқадиша Ыбырайқызының сексен бес жастағы қарт адамға ұзатылғандығы туралы деректің ән мәтініне негізсіз қосылғандығын анықтауға басымдық беріледі.  Ғылыми жұмыста әннің басты кейіпкеріне қатысты бұрын-соңды беймәлім  болып келген құнды деректер ұсынылады. Оның ішінде Ақмола облысы Зеренді  ауданының мемлекеттік архивінен алғаш рет табылған құжаттар негізінде Балқадиша  Ыбырайқызының туған жылы анықталып, отбасылық өмірі туралы мәліметтер  беріледі. Сонымен қатар архив деректеріне сүйене отырып Ақан сері мен Балқадиша  Ыбырайқызының кездесуіне себепкер болған Баймырза Мұсаұлының дүниеге келген  жылы, сәйкесінше «Балқадиша» әнінің жарыққа шыққан уақыты көрсетіледі. Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Ақмола облысы бойынша далалық экспеди[1]циялар ұйымдастырылып, Балқадиша Ыбырайқызының көзін көрген адамдармен,  ұрпақтарымен кездесулер өткізілді. Олармен сұхбаттасу барысында жазылып алынған  материалдар «Балқадиша» әнінің шығу және халық арасында таралу тарихын толықтыруға  мүмкіндік береді. Мақалада ән кейіпкерінің туған немересі Айымкөз Таласованың  отбасылық қорынан алынған Балқадиша Ыбырайқызының фотосы ұсы-нылады.  Тақырыпты этноархеологиялық тұрғыдан зерттеу барысында Балқадиша Ыбырайқызы  жерленген Зеренді ауданы Кеңөткел ауылындағы зираттың орны анықталып, археоло[1]гиялық талдау жүргізіледі. Бұл аймақта тас дәуірінен бастап адамдардың мекендегендігі  және ежелгі қоныстардың орындарында Балқадиша Ыбырайқызы өмір сүрген уақытта  да тұрақты елді-мекендердің болғандығы ғылыми тұрғыдан дәлелденеді.  Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында «Балқадиша» әнінің кейіпкерлері мекендеген  аймақты картографиялау бойынша арнайы жұмыстар жүргізіледі. Картаға белгілі  композитор Ақан серінің дүниеге келген жері, Балқадиша Ыбырайқызының кіндік қаны  тамған, сондай-ақ жерленген ауылдары белгіленіп, GPS координаталары анықталады.  Бұл сакралды орындарды Ақмола облысы бойынша туристік нысандар қатарына енгізу  бойынша ұсыныстар жасалады.

Автор туралы мәлімет

Саялбек Гиззатов, Астана халықаралық университеті

тарих ғылымдарының кандидаты, Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры

Данияр Дүйсенбай, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі

магистр, археологиялық материалдарды алғашқы өңдеу зертханасының басшысы, Ғылыми қызметкер, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музей

Айбар Қасенәлі, Мәдени мұраны зерттеу және сақтау орталығы

PhD, ғылыми қызметкер

Әдебиет

Беляев В., 1962. Очерки по истории музыки народов СССР. Выпуск 1. Музыкальная культура Киргизии, Казахстана, Туркмении, Таджикистана и Узбекистана. Москва: Государственное музыкальное издательство. 300 с.

Жакеева Б., 1988. Хор үйірмесімен жұмыс. Алматы: Өнер. 56 б.

Жақанов І., 2013. Бір кезде Ақан едім аспандағы...: деректі хикаят. Астана: Фолиант. 208 б.

Жұмабаев М., 1924. Ақан сері // Сана. №1. 12-13 бб.

Затаевич А., 1925. 1000 песен киргизского народа (напевы и мелодии). Оренбург: Киргизское государственное издательство. 402 с.

Қазақ әндері, 1957. Құрастырған М. Бестібаев. Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы. 90 б.

Қазақ әндері, 1963. Ш. Мұхамеджановтың редакторлығымен. Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы. 359 б.

Қазақ әндері, 1968. А. Шалабаеваның редакторлығымен. Алматы: Жазушы. ІІ том. 191 б.

Қазақ әндері, 2011. Құрастырған Б.Ж.Жүсіпова. Астана: Көшпенділер. 704 б.

Қазақ әндерінің антологиясы, 1990. Құрастырған Ж. Кәрменов. 2 томдық. 1 том. Алматы: Өнер. 336 б.

Қазақ әндері: ән текстерінің жинағы, 1961. Құраст., ред. қараған Н. Шакенов. Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы. 246 б.

Майчекин М., 1959. Ақан сері Қорамсаұлы әндері. Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы. 50 б.

Тәшенұлы К., 2002. Жырлар мен сырлар. Алматы: Өркениет. 248 б.

Тұрғынбекұлы С., 2006. Ақан сері – Балқадиша. Лирикалық поэма. Астана. 68 б.

Хабдулина М.К., 1994. Степное Приишимье в эпоху раннего железа. Алматы: Ракурс. 170 с.

Харузин Н.Н., 1896. История развития жилища у кочевых и полукочевых тюркских и монгольских народностей России. Москва: Т-во скоропечатни А. А. Левенсон. 124 с.

Хасенов С.О., 2024. Жігіттің падишасы. Көкшетау: Мир печати. 248 б.

Хорға арналған шығармалар: а капелла, 1973. Құрастырғандар А.Молодов, Г.Ахметова. Алматы: Жазушы. 96 б.

Шнэ В.К., 1894. Зимовки и другие постоянные сооружения кочевников Акмолинской области // Записки Зап.-Сиб. отдела РГО. Кн. XVII. Вып. I. Омск. 18 с.

Aqan seri taңdamalь өleңderi, 1935. Çьnap baspaga dajьndagan Sәken. Almaty: Qazaqьstan kөrkem әdebijet baspasь. 87 b.

Mūqanov S., 1941. Menjn mektepterjm. Bjrjncj boljm. Alma-Ata: Qazaqьstan LKÇS Ortalьq komitetjnjn komsomol baspasь. 212 b.

Reference

Belyaev V., 1962. Ocherki po istorii muzyki narodov SSSR. Vypusk 1. Muzykal'naya kul'tura Kirgizii, Kazahstana, Turkmenii, Tadzhikistana i Uzbekistana [Essays on the history of music of the peoples of the USSR. Issue 1. Musical culture of Kyrgyzstan, Kazakhstan, Turkmenistan, Tajikistan and Uzbekistan.]. Moscow: Gosudarstvennoe Muzykal'noe izdatel'stvo. 300 p. [in Russian].

Zhakeeva B., 1988. Hor ujіrmesіmen zhumys [Work with the choral circle]. Almaty: Oner. 56 p. [in Kazakh].

Zhaqanov І., 2013. Bіr kezde Aqan edіm aspandagy...: derektі hikayat [Once upon a time, Aqan was in the sky...: documentary story]. Astana: Foliant. 208 p. [in Kazakh].

Zhumabaev M., 1924. Aqan serі [Aqan serі]. Sana. No1. P. 12-13. [in Kazakh].

Zataevich A., 1925. 1000 pesen kirgizskogo naroda (napevy i melodii) [1000 songs of the Kyrgyz people (tunes and melodies)]. Orenburg: Kirgizskoe Gosudarstvennoe izdatel'stvo. 402 p. [in Russian].

Qazaq anderі [Kazakh songs], 1957. Qurastyrgan M. Bestіbaev [Compiled by M. Bestibayev]. Almaty: Qazaqtin memlekettіk korkem adebiet baspasy. 90 p. [in Kazakh].

Qazaq anderі [Kazakh songs], 1963. Sh. Muhamedzhanovtin redaktorlygymen [Edited by Sh. Mukhamedzhanov]. Almaty: Qazaqtin memlekettіk korkem adebiet baspasy. 359 p. [in Kazakh].

Qazaq anderі [Kazakh songs], 1968. A. Shalabaevanyn redaktorlygymen [Under the editorship of A. Shalabaeva]. Almaty: Zhazushy. Volume II. 191 p. [in Kazakh].

Qazaq anderі [Kazakh songs], 2011. Qurastyrgan B.Zh. Zhusupova [Compiled by B.Zh. Zhusupova]. Astana: Koshpendіler. 704 p. [in Kazakh].

Qazaq anderіnin antologiyasy [Anthology of Kazakh songs], 1990. Qurastyrgan Zh. Karmenov [Compiled by Zh. Karmenov]. 2 volumes. Volume 1. Almaty: Oner. 336 p. [in Kazakh].

Qazaq anderі: an teksterіnіn zhinagy [Kazakh songs: a collection of lyrics], 1961. Qurast., red. qaragan N. Shakenov [Compiled and edited by N. Shakenov]. Almaty: Qazaqtin memlekettіk korkem adebiet baspasy. 246 p. [in Kazakh].

Majchekin M., 1959. Aqan serі Qoramsauly anderі [Songs of Akan seri Koramsauly]. Almaty: Qazaqtin memlekettіk korkem adebiet baspasy. 50 p. [in Kazakh].

Tashenuly K., 2002. Zhyrlar men syrlar [Songs and secrets]. Almaty: Orkeniet. 248 p. [in Kazakh].

Turgynbekuly S., 2006. Aqan serі – Balkadisha. Lirikalyq poema [Akan seri-Balkadisha. Lyric poem.]. Astana. 68 p. [in Kazakh].

Habdulina M.K., 1994. Stepnoe Priishim'e v epohu rannego zheleza [Steppe Priishimye in the Early Iron Age]. Almaty: Rakurs. 170 p. [in Russian].

Haruzin N.N., 1896. Istoriya razvitiya zhilishcha u kochevyh i polukochevyh tyurkskih i mongol'skih narodnostej Rossii [The history of housing development among the nomadic and semi-nomadic Turkic and Mongolian peoples of Russia]. Moscow: T-vo skoropechatni A.A. Levenson. 124 p. [in Russian].

Hasenov S.O., 2024. Zhіgіttіn padishasy [The guy's Padishah]. Kokshetau: Mir pechati. 248 p. [in Kazakh].

Horga arnalgan shygarmalar: a kapella [Works for choir: a chapel], 1973. Qurastyrgandar A. Molodov, G.Ahmetova [[Compiled by A.Molodov, G.Ahmetova]. Almaty: Zhazushy. 96 p. [in Kazakh].

Shne V.K., 1894. Zimovki i drugie postoyannye sooruzheniya kochevnikov Akmolinskoj oblasti [Wintering grounds and other permanent structures of nomads of Akmola region]. Zapiski Zap.-Sib. otdela RGO. Vol. XVII. Issue I. Omsk. 18 p. [in Russian].

Aqan seri tangdamaly olengderi [Selected poems of Akan seri], 1935. Çinap baspaga dayindagan Saken [Collected and prepared for publication by Saken]. Almaty: Qazaqstan korkem adebijet baspasy [Publishing house of fiction of Kazakhstan]. 87 p. [in Kazakh].

Mūqanov S., 1941. Mening mektepterim. Birinshi bolim [My schools. The first part]. Alma-Ata: Qazaqstan LKÇS Ortaliq komitetinin komsomol baspasy [Publishing House of the Central Committee of the Komsomol of the Leninist Communist Youth Union of Kazakhstan]. 212 p. [in Kazakh].

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-23

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Гиззатов S., Дүйсенбай D., & Қасенәлі A. (2025). «Балқадиша» әнінің шығу және насихатталу тарихы: этноархеологиялық зерттеу. Turkic Studies Journal, 7(3), 127–146. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2025-3-127-146

Журналдың саны

Бөлім

Мәтінтану

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары