Essays on modern Tuvan culture


Views: 78 / PDF downloads: 206

Authors

  • Maral Amalbekova L.N. Gumilyov Eurasian National University
  • Bakytgul Shagimgereyeva M. Utemisov West Kazakhstan University

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-1-162-169

Abstract

Философия ғылымдарының докторы Ч.К. Ламажааның «Қазіргі Тува мәдениетінің очерктері» атты монографиясы қазіргі тува мәдениетін талдауға арналған. Қазіргі Туваның әлеуметтік-мәдени өмірі туралы негізгі материал тоғыз эсседе баяндалған және жинақтай келгенде, екі негізгі міндетті шешуге бағытталған: 1) тува қоғамының осы заманғы әлеуметтік және мәдени үдерістерін автордың тарихи контексте пайымдауы, 2) автордың туватану ғылымының даму
тенденциялары туралы ой-толғаулары.
«Ертеңгі күннен кейінгі күн» атты бірінші очеркінде Ч.К. Ламажаа тувалықтар санасында Галактикалар ауқымындағы Күн мен Күн жүйесі ғаламшарларының қозғалысымен сәйкестендірілген, Орталық Азия көшпелілерінің мәдениетіне тән «далалық уақыттың» бір түрі болып саналатын тыва уе тувалық уақыт категориясын қарастырады.

«Ескі байланыстардың жаңа кеңістігі: телефондарда... шығамыз, кіреміз, жиналамыз» атты екінші эссе тувалықтардың ақпараттық коммуникациялар арқылы берілетін байырғы дәстүрлері мен қазіргі үн қатысуларының өзара әрекеттесуі және әсерлесуі тақырыбын талдауға арналған.
«Рухтар қолдауы үшін» атты үшінші эсседе ғылым әлеміне таныс емес турлаг дагылгазы атты тува дәстүрінің талдауы ұсынылған.
«Сенім және жаһандық мұраттар үшін» атты төртінші очерк Тува жерінде ерекше «тувалық» формада орныққан екінші дін – буддизмнің ерекшеліктерін ашып көрсетеді.
«Отбасылық байланыстарды орнатудан – әлеуметтік таныстырылымға дейін» атты эссе тува мәдениетінің аз зерттелген нысаны – отбасының немесе үйлену салтының пайда болуы дәстүрінің әлеуметтік-мәдени функцияларын айқындауға арналған.
«Этникалық бөліністерге қатысты ескі және жаңа көзқарастар» атты эсседе Тува отбасыларын рулар, сондай-ақ әкімшілік белгілері бойынша саралау мәселесі қарастырылады.
«Саян сырты тувалықтарының мұраттары» эссесі басқа бір аз зерттелген – іс жүзінде бұрын тува халқына тән болмаған көші-қон мәселесіне арналған.
«Ғалымдар Тува және тувалықтар туралы» атты сегізінші эссе мәдени құбылыстар мен әлеуметтік-мәдени үдерістерге арналған алдыңғы жеті эссені қисынды түрде жалғастырады.
«Өз ортасына жат жандар немесе танымдық кері бұрылысты қалай жасау керек» атты соңғы эсседе автор ХХ ғасырдың ортасынан бастап ғылыми орталығы заңды түрде Тува болып саналатын туватану ғылымын талдайды. Сол уақыттан бері жинақталған тәжірибе ғылыми рефлексияға аз ұшырады және бұл олқылықтың орнын толтыра отырып, Ч.К. Ламажаа ХХ ғасырдың соңына қарай туватанудың қарқынды дамығанын, ал соңғы жылдары тоқырай бастағанын атап өтеді.
Кітапты эсселер жанрында құрылымдау оны нақты оқырманның өз қалауы мен ізденісіне сәйкес келетін эсседен бастап оқуына мүмкіндік береді. «Қазіргі Тува мәдениетінің очерктері» атты еңбектің этнология, әлеуметтану, филология, мәдениеттану, философия сияқты білім салаларының өкілдері үшін қызықты болары сөзсіз.

Information about author

Maral Amalbekova, L.N. Gumilyov Eurasian National University

Doctor of Philological Sciences, Professor, Department of Translation Theory and Practice

Bakytgul Shagimgereyeva, M. Utemisov West Kazakhstan University

Candidate of Philological Sciences, Department of Russian Philology

Downloads

Published

2023-03-31

How to Cite

Amalbekova, M., & Shagimgereyeva, B. (2023). Essays on modern Tuvan culture. Turkic Studies Journal, 5(1), 162–169. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-1-162-169