Сібірдегі түркі республикаларының жергілікті қоғамдастықтарындағы ғылымның орны мен рөлі
Қаралымдар: 237 / PDF жүктеулері: 229
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-3-7-16Кілт сөздер:
әлеуметтік-гуманитарлық, білім, қоғамдастық, аймақ, көзқарас, бедел, болашақАннотация
Мақала Оңтүстік Сібірдегі түркі республикалары (Хакасия, Алтай, Тыва)
жергілікті қоғамдастықтарының ғылымға (негізінен әлеуметтік-гуманитарлық білімге қатысты)
және ғылыми мамандықтарға деген көзқарасын анықтауға арналған. Талдаудың эмпирикалық
негізін 2000 жылдардың бірінші жартысында автор жүргізген далалық, социологиялық, сандық
және сапалық зерттеулердің нәтижелері құрады. Ғылыми әдебиеттерді саралаумен қатар
сұхбат мәтіндерін талдау нәтижесінде бірнеше маңызды ой-пікір тұжырымдалды. Біріншіден,
ғылымның әлеуметтік институт ретіндегі беделі төмендегені көрсетілді, оның ішінде бұл жағдай
әлеуметтік-гуманитарлық салалар мен ғылыми мамандықтарға да қатысты. Екіншіден, соған
қарамастан ғылым ең алдымен ұлттық интеллигенцияның қатарын толықтыратын әлеуметтік
ұтқырлықтың маңызды арнасы ретінде өз рөлін сақтап отыр. Үшіншіден, егер аймақтық билік
органдарының ұстанымы туралы айтар болсақ, онда олардың ғылымға және оның нәтижелеріне
деген көзқарасына көбіне утилитарлық сипат тән: ғылым, шын мәнінде, қосалқы қызмет
атқарып келеді. Төртіншіден, аймақтық гуманитарлық интеллигенцияны басқа әлеуметтік
топтан шыққан адамдардың есебінен көбейту үрдісі көзге айқын шалынады. Аймақтық ғылыми
қоғамдастық өкілдерінің неғұрлым қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдайға жетуі туралы
қорытынды жасау, мұның – басқа мәселелермен қатар – таяуда ғана әлеуметтік жаңару жолына
түскен қоғамда білімге, сауаты толық адамдарға деген ілтипатты сақтаумен байланыстылығын
ашып көрсету зерттеудің маңызды нәтижесі болып саналады.
Downloads
Әдебиет
Vstrecha s zam. predsedatelja Pravitel’stva Tuvy., 2009. [Meeting with Deputy Prime Minister of Tuva]. Novye issledovanija Tuvy [The New Research of Tuva]. No 3. [Electronic resource]. Available at: URL: https://www.tuva.asia/journal/issue_3/457-rab-vstrecha.html. (Accessed: 02/07/2022). [in Russian].
Damdyn O.S., 2017. Istorija formirovanija tuvinskoj intelligencii [The history of formation the Tuvan intelligentsia], Molodoj uchenyj [Young Scientist], 17. P. 419-420. [in Russian].
Lamazhaa L.K., 2011. Arhaizacija obshhestva v period social’nyh transformacij (social’no-filosofskij analiz tuvinskogo fenomena): avtoreferat dissertacii na soiskanie uchenoj stepeni doktora filosofskih nauk [Archaization of society in the period of social transformations (socio-philosophical analysis of the Tuvan phenomenon): abstract of the dissertation for the degree of Doctor of Philosophy]. Protected: 17/11/2011. Moscow. 43 p. [in Russian].
Lamazhaa L.K., 2013. Arhaizacija obshhestva. Tuvinskii fenomen [Archaization of society. Tuvan phenomenon]. Moscow. 2013. 272 p. [in Russian].
Panarin S.A., 1996. Jetnopoliticheskaja situacija v Respublike Burjatija [The ethnopolitical situation in the Republic of Buryatia], Bajkal’skaja Sibir’: iz chego skladyvaetsja stabil’nost’ [Baikal Siberia: what makes stability] (Natalis. Moscow-Irkutsk. P. 23-94). [in Russian].
Tarbastaeva I.S., 2016. Pravovoe pole jetnonacional’noj politiki v Respublike Tyva (1991 – nast. vr.) [The legal field of ethno–national policy in the Republic of Tyva (1991 - present)], Novye issledovanija Tuvy [The New Research of Tuva]. No 2. [Electronic resource]. Available at: https://www.tuva.asia/journal/issue_30/8678-tarbastaeva.html (Accessed: 02/07/2022). [in Russian]
Harunov R.Sh. Formirovanie intelligencii v Tuvinskoj Narodnoj Respublike: avtoreferat dissertacii na soiskanie uchenoj stepeni kandidata istoricheskih nauk [Formation of the Intelligentsia in the Tuva People’s Republic: abstract of the dissertation for the degree of Candidate of History]. Protected: 28/11/2003. Abakan. 28 p. [in Russian].
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2022 Turkic Studies Journals

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.



















