Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлардағы тұрғындарының итті жерлеу ғұрпы (ортағасырлық Қосқұдық қаласының материалдары бойынша


Қаралымдар: 176 / PDF жүктеулері: 428

Авторлар

  • Ералы Ақымбек Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты
  • Мамбет Шагирбаев Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты https://orcid.org/0000-0001-8176-9329

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-3-17-43

Кілт сөздер:

Шу өңірі, орта ғасыр, Қосқұдық қаласы, қақпа, ит, жерлеу ғұрпы, этноархеология, зооархеология

Аннотация

Қазақстан археологиясында итті жерлеу мысалдарының жиі кездесуі жерлеу
ғұрыптарында аталған жануарды пайдалану тарихы тереңге кететінін көрсетеді. Сондай
ғұрыптардың бірі Шу өңіріндегі ортағасырлық Қосқұдық қаласындағы қақпа маңынан анықталып
отыр. Алайда, ғылыми әдебиеттерде қақпа аузына итті жерлеудің осыған ұқсас жағдайлары
кездеспейді, жерлеу ғұрыптарында итті пайдалану мәселесі көбіне жеке ескерткіштер мысалында
және белгілі бір хронологиялық кезеңді қамтумен ғана шектеледі. Зерттеу жұмысының мақсаты
ортағасырлық Қосқұдық қаласының қақпасындағы итті жерлеу ғұрпына Қазақстандағы, сонымен
қатар көршілес аймақтардағы жерлеу ғұрыптарымен салыстырмалы түрде талдау жасау. Ел
ішіндегі ауызша дәстүр мен фольклордағы итке қатысты сюжеттерден, мақал-мәтелдерден,
сөз тіркестері мен идиомалардан, адам мінез-құлқының сипаттамаларынан, тұтынған салтсана пен ғұрыптардан көре аламыз. Зерттеу барысында анықталғандай, жерлеу ғұрыптарында
итті пайдалану тас дәуірінен бастау алып, орта ғасырларда бірқатар өзгерістерге түскені,
сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін ырым-жоралғыларда сақталғаны байқалады. Авторлар
зерттеу нәтижесінде қол жеткізілген мәліметтер жиынтығы мен бүгінгі қазақ этнографиясында
қордаланған ұқсас ырым-жоралғыларға сүйене отырып, ортағасырлық Қосқұдық қаласындағы
қақпа аузына итті жерлеудің мәні «ескі жұртпен қош айтысу» және итті «мәңгілік күзетші»
есебінде белгілеу болуы ықтималдығы бар деген қорытындыға келеді.

Автор туралы мәлімет

Ералы Ақымбек, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты

PhD, жетекші ғылыми қызметкер

Мамбет Шагирбаев, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты

магистр, ғылыми қызметкер

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-20

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ақымбек, Е., & Шагирбаев, М. . (2022). Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлардағы тұрғындарының итті жерлеу ғұрпы (ортағасырлық Қосқұдық қаласының материалдары бойынша. Turkic Studies Journal, 4(3), 17–43. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-3-17-43

Журналдың саны

Бөлім

МАҚАЛАЛАР