Ретракция және түзету саясаты
Turkic Studies Journal журналы жарияланатын контентке қатысты ғылыми адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын ұстанады. Бұл саясат қателер анықталған немесе жариялау этикасы және/немесе ғылыми этика бұзылған жағдайларда түзетулер енгізу, алаңдаушылық білдіруді жариялау және мақалаларды ретракциялау тәртібін енгізуді айқындайды. Саясат Committee on Publication Ethics (COPE) нұсқауларына сәйкес жасалған және журналда жарияланған барлық материалдарға қатысты қолданылады.
- Жалпы ережелер
Редакция түзетулер мен ретракцияның негізгі мақсаты авторларға қарсы санкциялар қолдану емес, ғылыми ақпараттың дәлдігін, шынайылығын және сенімділігін қамтамасыз ету екендігін басшылыққа алады. Барлық жағдайлар анықталған проблемалардың сипатын, жариялау үдерісінің кезеңін және қатысушылардың адалдығын ескеру арқылы жеке-жеке қарастырылады. Түзетулер, алаңдаушылық білдірулер мен ретракциялар жария түрде рәсімделеді және журнал оқырмандарына қолжетімді болады.
- Түзету (Correction / Erratum / Corrigendum)
Түзету мақалада нәтижелер мен қорытындылардың жалпы ғылыми шынайылығына ықпал етпейтін, бірақ нақтылауды немесе жөндеуді қажет ететін қателер анықталған жағдайларда жарияланады.
Түзету, атап айтқанда, мыналарға қатысты болуы мүмкін:
- терім қатесі және техникалық қате;
- иллюстрациялардың, кестелердің немесе схемалардың дұрыс емес атауы;
- библиографиялық сілтемелердегі қателер;
- авторлар, аффилиациялар, қаржыландыру көздері немесе мүдделер қақтығысы туралы мәліметтерді нақтылау.
Түзету жеке редакциялық хабарлама түрінде рәсімделеді және түпнұсқа жарияланымға сілтемесі болады.
- Алаңдаушылық білдіру (Expression of Concern)
Алаңдаушылық білдіруді редакция жариялау этикасы немесе ғылыми этика бұзушылығына негізді күдік бар, бірақ тексеру әлі бітпеген немесе алынған мәліметтер қайшылықты және қосымша тексеруді талап ететін жағдайларда жариялануы мүмкін. Алаңдаушылық білдіру жариялауға қатысты ықтимал проблемалар туралы оқырмандарды хабардар етеді және тексеру аяқталып, түпкілікті шешім қабылданғанға дейін сақталады.
- Мақаланы ретракциялау үшін негіздер
Мақала зерттеу нәтижелері немесе жарияланымның мазмұны шынайы еместігіне немесе жариялау этикасы және/немесе ғылыми этика қағидаттарына, стандарттарына және нормаларына қайшы келетіндігіне дәлелді негіздемелер бар болған жағдайда кері қайтарылады (алынып тасталады, кейін қарай жөнелтіледі).
Ретракция, нақты айтқанда, келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
- егер алынған деректердің сенімсіздігіне немесе заңсыз әрекеттер, оның ішінде деректерді қолдан жасау, жалған ойдан табу немесе бұрмалау екендігіне айқын дәлелдер бар болса;
- қайталанба жарияланым дерегі табылса, оның ішінде егер қолжазба Turkic Studies Journal журналында жарық көргенге дейін басқа ғылыми басылымда жарияланған болса;
- плагиаттың кез келген түрі, оның ішінде өзгелерден рәсімделмеген мәтіндік алынымдар, сонымен қатар иллюстрацияларды, графиктерді, кестелерді, схемаларды және өзге де визуалдық материалдарды заңсыз пайдалану анықталса;
- мақалада басқа зерттеушілерді адастыруы және алдағы ғылыми жұмыстарға кері әсерін тигізуі мүмкін өрескел қателер (мысалы, әдіснамалық олқылықтар, есептеу немесе эксперимент қателері) болса;
- үшінші тұлғалар тарапынан мақалаға толық немесе оның жеке бөліктеріне авторлық құқықты бұзушылыққа қатысты негізді наразылықтар келіп түссе;
- мақалада жариялау этикасы және/немесе ғылыми этика қағидаттары, стандарттары мен нормаларына қайшы келетін ақпарат анықталса.
- Қарау процедурасы
Түзету, алаңдаушылық білдіру немесе ретракция процедураларына авторлар, рецензенттер, оқырмандар, редакторлар бастамашы болуы мүмкін. Редакция өтініш келіп түскендігін әдетте 7 күн ішінде растайды. Бастапқы қарау әдетте 15 жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады. Қосымша сараптама, редакция алқасын қатыстыру немесе авторлармен және ұйымдармен өзара әрекеттесу талап етілетін жағдайларда қарау мерзімі әдетте 30 жұмыс күнінен аспайтын уақытқа ұзартылуы мүмкін.
Қарау барысында редакция ұсынылған материалдарды талдайды, қажет болған жағдайда авторлардан түсіндірмелер сұрайды және тәуелсіз сарапшыларды тартады.
- Ретракцияны және түзетулерді рәсімдеу
Түзету, алаңдаушылық білдіру немесе ретракция жеке редакциялық хабарлама түрінде рәсімделіп, онда мына нәрселер көрсетіледі:
- мақаланың атауы;
- авторлардың фамилиялары;
- өзгерістер енгізу себептері;
- түпнұсқа жарияланымға сілтемелер.
Түпнұсқа мақала журнал сайтынан алынып тасталмайды. Ол архивте түзету, алаңдаушылық білдіру немесе ретракция бар екендігі туралы соғылған айқын белгімен және сәйкес редакциялық хабарламаға сілтемемен сақталады. Мақаланың DOI-ы сақталады.
- Авторлардың қатысуы
Авторлар процедураның басталғаны жөнінде хабардар етіледі және өздерінің түсіндірмелері мен комментарийлерін ұсынуға құқылы болады. Ретракция немесе түзету қажеттігімен автордың келісетіні ол болған жағдайда редакциялық хабарламада көрсетіледі.
Автордың келісімінің жоқтығы жеткілікті негіздемелер болған жағдайда редакцияның ретракция немесе түзету туралы шешім қабылдауына кедергі жасамайды.
- Авторлар мен рецензенттердің міндеттері
Редакция жарияланым шыққанан кейін өздері анықтаған қателер, дәлсіздіктер немесе жариялау этикасы және/немесе ғылыми этиканы ықтимал бұзушылықтар туралы авторлар мен рецензенттер тарапынан уақытылы ақпарат берілуін міндеттеме және ғылыми адалдықтың көрінісі ретінде қарастырады. Мұндай ақпарат беру жариялау үдерісінің қатысушылары үшін теріс салдарлар тудырмайды және ғылыми коммуникация сапасын қолдауға қосылған үлес ретінде қарастырылады.
- Құпиялық және қорытынды ережелер
Редакция түпкілікті шешім қабылданғанға дейін қарау үдерісінің құпиялығын қамтамасыз етеді және барлық қатысушы тараптардың құқықтарын сақтай отырып адал әрі бейтарап әрекет етеді.
Бұл саясат Turkic Studies Journal журналының барлық жарияланымдарына олардың жарыққа шыққан күніне қарамастан қолданылады және халықаралық жариялау этикасы стандарттарының өзгерістері мен COPE нұсқауларына сәйкес жаңартылуы мүмкін.



















