Материалдарды қарау және жариялау процедурасы

Turkic Studies Journal журналында материалдарды қарау және жариялау процедурасы басылымның редакциялық регламенті мен жариялау этикасының халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Мақаланы жариялау үшін автор(лар) журналдың ресми сайтында  (https://tsj.enu.kz/index.php/new) тіркеледі және қолжазбаны «Авторлар үшін» бөлімінің талаптарына сәйкес жолдайды. Барлық келіп түскен материалдар кезең-кезеңімен редакциялық сараптамадан белгіленген мерзімде өтеді.

  1. Қолжазбаны ұсыну және журналдың талаптарына сәйкестігін тексеру (бастапқы және техникалық сараптама —7 күнтізбелік күнге дейін)

Қолжазба редакцияға келіп түскеннен кейін бастапқы және техникалық сараптама жүргізіледі, бұл жолданған материалдардың толықтығын және олардың журнал талаптарына сәйкестігін тексеруді қамтиды.

Бұл кезеңде редакция келесі нәрселерді тексереді:

  • журналдың ғылыми бағыттарына қолжазбаның сәйкестігі;
  • ҒТМР кодын таңдаудың дұрыстығы;
  • аннотациялар мен кілт сөздердің белгіленген көлемде және журналдың қолданыс тілдерінде болуы;
  • мақаланың міндетті құрылымын сақтау;
  • сілтемелер мен дәйексөздердің дұрыстығы;
  • әдебиеттер тізімін рәсімдеу;
  • метадеректердің толықтығы мен дұрыстығы (автор(лар), қаржыландыру, авторлардың CrediT жүйесі бойынша қосқан үлесі, мүдделер қақтығысы, алғыстар туралы мәліметтер).

Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда қолжазба автор(лар)ға жетілдіру үшін қайтарылады. Авторлардың мақаланы жетілдіру мерзімі әдетте 30 күнтізбелік күнді құрайды.

  1. Қолжазбаның түпнұсқалығын тексеру (1 б. бір мезгілде – 7 күнтізбелік күнге дейін)

Барлық қолжазбалардың түпнұсқалығы арнайы бағдарламалық құралдарды «Антиплагиат ЖОО» жүйесі және «Turnitim» жүйесі ағылшін тілінде жазылған макаларларға.

 қолдану арқылы тексеруден өтеді.

Мәтіннің түпнұсқалық деңгейі 80%-дан төмен қолжазбалар редакция тарапынан ықтимал түрде түпнұсқалық емес деп қарастырылып, әдетте әрі қарай қарауға қабылданбайды.  Редакция өзгеден деректерді алып пайдалану сипатын, дәйексөздердің дұрыстығын және ғылыми контексті ескере отырып түпкілікті шешім  қабылдайды.

  1. Рецензиялау процедурасы

Бастапқы және техникалық сараптамадан өткен қолжазбалар екі жақты «соқыр» рецензиялауға жіберіледі. Әр мақаланы тиісті ғылыми біліктілігі бар екі тәуелсіз рецензент қарайды.

Рецензиялаудың мерзімі әдетте қолжазба рецензенттерге жіберілген сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен аспайды.

Ескертпелер алынған жағдайда автор(лар)ға анонимді рецензиялар жіберіледі. Рецензиялау нәтижелері бойынша қолжазбаны жетілдіру мерзімі 30  күнтізбелік күнге дейінгі уақытты қамтиды.

Қайтадан рецензиялау қажет болған жағдайда қосымша сараптаманың мерзімі 20 күнтізбелік күнге дейінгі уақытты қамтиды.

  1. Шешім қабылдау және жариялау (рецензиялау аяқталғаннан кейін 14 күнтізбелік күнге дейін)

Мақаланы жариялау туралы түпкілікті шешімді редакция алқасы мен бас редактор барлық рецензиялар мен қолжазбаның соңғы нұсқасы алынғаннан бастап 14 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімде қабылдайды.