Қолжазбаны тексеру: түпнұсқалық, плагиат және жасанды интеллектіні пайдалану

Turkic Studies Journal журналы жарияланатын материалдардың түпнұсқалығын қамтамасыз ету, жариялау этикасының нормаларын және ғылыми мәтіндерді даярлау барысында цифрлық құралдарды пайдаланудың ашықтығын сақтау үшін барлық келіп түскен қолжазбаларды кешенді редакциялық тексеруден өткізуді жүзеге асырады.  Бұл бөлім «Жариялау этикасы» бөлімімен, соның ішінде Генеративті жасанды интеллектіні пайдалану саласындағы саясатпен бірлікте қолданылады және Committee on Publication Ethics (COPE) нұсқауларына сәйкес жасалған. .

Плагиатқа тексеру және мәтіннің түпнұсқалығы

Журнал редакциясына келіп түскен барлық қолжазбалар бастапқы редакциялық сараптама кезеңінде «Антиплагиат.ЖОО» арнайы жүйесін, ал ағылшын тілді мақалалар «Turnitim» жүйесін пайдалану арқылы міндетті түрде мәтіннің түпнұсқалығы тұрғысынан тексеріледі. Тексеру өзгелерден рәсімделмеген мәтіндік алынымдарды, қайталанба жарияланымдарды, шектен тыс дәйексөздер алуды және ғылыми адалдық қағидаттарының басқа да түрлерін бұзушылықты анықтауға бағытталған. Нәтижелерді талдау кезінде редакция түпнұсқалықтың сандық көрсеткіштерін, сонымен қатар өзгеден алынымдардың сипатын, олардың дұрыстығын, ғылыми мәнмәтінін және гуманитарлық зерттеулердің ерекшелігін (әдебиетті шолу, архив дереккөздері, әдістемелік сипаттамалар және т.с.с.) ескереді.   

Әдетте мәтінінің түпнұсқалық деңгейі 80%- дан төмен қолжазбалар редакция тарапынан ықтимал түрде түпнұсқалық емес деп қарастырылып, қосымша сараптамаға жіберілуі немесе жетілдіру үшін авторға қайтарылуы мүмкін. При этом редакционные решения не принимаются автоматически на основании процентных показателей и основываются на экспертной оценке содержания рукописи. Бұл ретте редакциялық шешім пайыздық көрсеткіштер негізінде автоматты түрде қабылданбайды және қолжазба мазмұнын сараптамалық бағалауға сүйенеді.

 Жасанды интеллектіні (ЖИ) пайдалануды анықтау

Бастапқы редакциялық тексеру барысында редакция «Антиплагиат.ЖОО» және «Turnitim» жүйелерінің функционалдық мүмкіндіктерін қолжазба мәтінін әзірлеу кезінде жасанды интеллект құралдарын пайдалану белгілерін анықтау үшін де қолданады.   Мұндай тексерудің нәтижелері индикативті сипатқа ие және міндетті сараптамалық интерпретацияны қажет етеді. 

Редакция ЖИ құралдарын пайдалану оны дұрыс және адал түрде қолданған жағдайда өздігінен бұзушылық болып табылмайтынын басшылыққа алады.  ЖИ-ді пайдалануға қолжетімділік талаптары, оны ашып көрсету міндеттілігі, сонымен қатар шектеулер мен жол берілмейтін жағдайлар журналдың «Жариялау этикасы» бөліміндегі Генеративті жасанды интеллектіні пайдалану саласындағы саясатта егжей-тегжейлі реттелген. Мақаланың мазмұны, нәтижелердің шынайылығы және түсіндірмелердің дұрыстығы үшін авторлар толық жауап береді. ЖИ-ді пайдалаудың негізділігі туралы түпкілікті шешімді редакция алқасы рецензенттердің ұсыныстарын ескере отырып қабылдайды.

Иллюстрацияларды және өзгелерден алынған материалдарды пайдалану

Иллюстрацияларды, кестелерді, графиктерді, схемаларды және басқа да визуалдық материалдарды өзгелерден алып пайдалануға тек дұрыс сілтемелер мен, егер бұл пайдалану шарттарында көзделсе, құқық иелерінің қажетті рұқсаттары болған жағдайда ғана жол беріледі. Визуалдық және басқа да материалдарды заңсыз пайдалануды редакция авторлық құқықтар мен жариялау этикасының бұзылуы ретінде қарастырады.

Редакциялық шешімдер және анықталған бұзушылықтардың салдарлары

Плагиат, қайталанба жарияланым, ЖИ-ді жария етпестен пайдалану белгілері немесе жариялау этикасының басқа бұзушылықтары анықталған жағдайда редакция:

  • қолжазбаны автор(лар)ға жетілдіру үшін қайтарып беруге;
  • материалды қосымша сараптамаға жіберуге;
  • мақаланы қабылдамауға;
  • жарияланым шыққанан кейін бұзушылықтар анықталған жағдайда журналдың редакциялық саясатына сәйкес түзету, алаңдаушылық білдіру немесе ретракция процедураларына бастамашы болуға құқылы.

Барлық шешімдер тек қана техникалық тексеру нәтижелері бойынша емес, біртұтас сарапатамалық бағалау негізінде қабылданады.