Қазақ хандығы мен Цин (Қытай) империясы: шағатай тіліндегі деректердің зерттелуі
Қаралымдар: 998 / PDF жүктеулері: 13
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2026-2-8-35Кілт сөздер:
Қазақ хандығы, Цин империясы, Жоңғар хандығы, Қазақ-Цин қатынастары, шағатай тіліндегі деректер, шағатай тіліндегі архив құжаттары, Орталық Азия тарихы, XVIII ғасыр дипломатиясы, тарихи деректану, қазақ-қытай тарихи байланыстарыАннотация
XVIII ғасыр – қазақ тарихы үшін күрделі кезеңдердің бірі. Жоңғар хандығының күйреуімен бұл өңірдің геосаяси ахуалы түбегейлі өзгерді. Цин империясы Жоңғария мен Қашқарияны жаулап алып, Тянь-Шаньның оңтүстігі мен солтүстігіне өз билігін орнатты. 1757 жылы Қазақ хандығы мен Цин империясы арасында ресми байланыс орнап, дипломатиялық қатынастардың пердесі ашылды. Цин империясы бұл өңірді әкімшілік, әскери тұрғыдан тиімді басқару үшін 1762 жылы Іле цзянцзюнь мекемесін құрып, билікті орталыққа шоғырландырды. Бұл ара Қазақ хандығы мен Цин империясы арасындағы негізгі дипломатиялық байланыстың өзегіне айналды. Жоңғар хандығымен ұзаққа созылған соғыстан кейін екі ел үшін де жауласудан гөрі дипломатиялық жолдың тиімділігі айқын еді. Екі ел арасында елшілер аттанып, хаттар алмасу жиіледі. Қазақ хан, сұлтандарының жазған хаттарының мазмұны әртүрлі істерді қамтыды. Хат шағатай жазуы және тодо-моңғол жазуында жазылды. Ал Цин империясының жергілікті цзянцзюнь, амбандардың мәлімет хаттары маньчжур, қытай тілдерінде жазылды. Осылай Қазақ хандығы мен Цин империясы ортасында осынау тарихи байланыстарды айғақтайтын шағатай, тодо-моңғол, маньчжур және қытай тіліндегі архив құжаттарының қоры қалыптасты. Қытайдың Бірінші тарихи архивінде «Әскери басқармада сақталған император жарлықтары», «Ордада сақталған, императордың бұрыштамасы бар ұлықтардың мәлімдемелері», «Әскери басқармада сақталған ұлықтардың мәлімдемелерінің көшірмесі», «Императордың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне жауапты мекеме жазып қалдырған император туралы естеліктер» сынды шағатай, тодо-моңғол, маньчжур, қытай тілдерінде жазылған құжат өте мол. Біз бұл мақаламызда қазақтың хан, сұлтандарының шағатай жазуындағы хаттарына тоқталамыз. Шағатай жазуындағы отандық, кеңестік, қытайлық, жапондық ғалымдардың зерттеу еңбектері талданып, тарихнамалық шолу жасалды. Кеңестік кезеңдегі ғалымдардың еңбектері туралы да қысқаша айтылады. Әсіресе тарихшы, деректанушы Б. Еженханұлы мен Д. Әбділәшімұлының Қытайдың Бірінші тарихи архивінен алынған құжаттар негізінде құрастырған еңбектері мен зерттеулеріне баса назар аударылған. Ондағы шағатай жазуындағы хаттардың факсимилесі талданып, хаттың мазмұны, онда көтерілген істер, хаттың ерекшеліктері мен өзгешеліктеріне шолу жасалады. Жұмыстың басты мақсаты – шағатай жазуындағы құжаттарды ғылыми айналымға ендіру үдерісін, тақырыптың зерттелуін жан-жақты ашу. Зерттеу әдістері – талдау және синтез әдістерінен бастап ғылыми әдебиеттерге тарихнамалық талдау тәсілдері қолданылған. Зерттеудің жаңалығы – Қазақ-Цин арасындағы шағатай жазуындағы хаттар туралы соңғы жылдарда жарияланған ғылыми еңбектер арқылы хат мазмұнына кешенді талдау. Міндеттерге хан, сұлтандардың хаттарының ерекшелігі мен мазмұнына, хаттар туралы мәліметтер, қазірге дейін белгілі дерек көздері, тарихшы ғалымдардың еңбектерін талдау және қысқаша тарихнамалық шолу жатады. Зерттеу нәтижелерінде қазақ хан, сұлтандарының Цин императорына шағатай тілінде жазған хаттарының жай-жапсары мен ерекшелігі сөз болады.
Downloads
Әдебиет
Әбділәшімұлы Д., 2016. Қытай бірінші тарихи мұрағатында сақталған қазақша құжаттар. Бейжің. Ұлттар баспасы. 278 б.
Әбділәшімұлы Д., 2025. Елдік феномен. Қазақ хандығының Цин патшалығына жолдаған бірегей дипломатиялық құжаттары туралы тарихи-деректанулық зерттеу. Фучу. Токио. 452 б.
Го Вэньчжун, 2016. Цин чао юй Хасакэ ханьго шоуцы тунши цзай таннхао. Шэхуэй кэсюэ вэньчжай. №2. Б. 43-45. DOI: https://doi.org/10.1525/aft.2016.43.4.45.1
Го Вэньчжун, 2023. «Цяньлун шици Цин чао юй Хасакэ чжубу гуаньси яньцзю». Шэхуэй кэсюэ вэньсянь чубаньшэ. 380 б.
Еженханұлы Б., 2006. Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. ІІІ том. Цин патшалық дәуірінің мұрағат құжаттары. Алматы. Дайк-пресс. 154 б.
Еженханұлы Б., 2007. Цин дәуіріндегі Қазақ-Қытай қатынастарының архив құжаттары жинағы. Бейжің. Мұрағат баспасы. 658 б.
Еженханұлы Б., 2009. Қазақ хандығы мен Цин патшалығының саяси-дипломатиялық қатынастары туралы қытай мұрағат құжаттары. 454 б.
Еженханұлы Б., 2012. Қазақ хандығы мен Цин патшалығының сауда қатынастары туралы Қытай мұрағат құжаттары. II том.
Еженханұлы Б., 2015. Құттыбай мен Ақтайлақ. Алматы. 264 бет.
Еженханұлы Б., 2017. Қожаберген батыр (1756-1767 жылдарда қалыптасқан мәнжу-қытай мұрағат құжаттары негізінде). Алматы. Арыс. 496 б.
Еженханұлы Б., 2025. Абылай хан дәуіріндегі Қазақ-Цин қарым-қатынастары. 1-том. Семей. Шәкәрім университеті. 392 б.
Ерофеева И.В., 2014. Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675-1821 гг. Сборник исторических документов. В 2 тт. Т. 1: Письма казахских правителей. 1675-1780 гг. Cост. и отв. ред. И.В. Ерофеева. Алматы. АО АБДИ Компани. 696 с.
Зәкенұлы Т., 2015. Ойратнама: Жоңғар мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы, жойылуы. Астана. Ғылым баспасы. 304 б.
Кузнецов В.С., 1983. Цинская империя на рубежах Центральной Азии (вторая половина XVIII–первая половина XIX в. Новосибирск. Изд-во «Наука». 126 с.
Нэйма Цайжан, 2022. Цин дай Хасакэ Чжун юйцзы Абылай хан цзу нянь као. Journal of Modern Chinese studies. Vol.15(2). Б. 66-68.
Нима Сайран., 2022. Цун маньвэнь даньань кань Цин дай Хасакэ жэнь дэ вэньцзы ши. Шибу Мэнгу луньтань (Journal of the Western Mongolian studies). №3. Б. 49-54.
Ошан Ж., 2025. Абылай, Уәли және Бөкей хандардың хаттары: Құжаттар жинағы. Құрастырушылар: Ж.Ошан, З.Е. Қабылдинов, Е.М. Торайғыров, Е.Сауырқан, М.Қадылбек, А.Р. Бейсенбаева.
Сулейменов Р.Б. Моисеев В.А., 1988. Из истории Казахстана XVIII века (о внешней и внутренней политике Аблая). Алма-Ата. Наука. 144 с.
У ти цин вэнь цзянь (Маньчжурша сөздік), 1957. 3 том. Бейжің. Ұлттар баспасы. 4596 бет.
Хафизова К.Ш, Моисеев В.А., 1989. Цинская империя и Казахские ханства. Вторая половина XVIII – первая треть XIX в.: в 2-х частях. Алма-Ата. Наука. 216+227 с.
Хафизова К.Ш., 2019. Степные властители и их дипломатия в XVIII–XIX вв.: монография. Нур-Султан. КИСИ при Президенте РК. 476 с.
Хафизова К.Ш., 1995. Китайская дипломатия в Центральной Азии. XIV-XIX вв. Алматы. Гылым. 288 с.
Чжан Жун, 2011. Цин дай Цяньлун шици Хасакэ чжэнцэ яньцзю. Ланжоу университеті. 197 б.
Іңкәр Бақжол, 2022. Цин чао дуй Хасакэ дэ динлин чжэнцэ (1765-1849). Цин ши яньцзюань. The Qing history journal. №2. Б. 101-114.
Іңкәр Бақжол, 2023. Ши си 1772 нянь Хасакэ цзи ван Цин тин дэ чаһатай вэнь шу синь. Сиюй лиши юйянь яньцзю цзицань. №1. Б. 219-233. ISBN 978-7-5211-0479-0.
Noda Jin, 2010. A Collection of Documents from the Kazakh Sultans to the Qing Dynasty. Slavic Research Center. Hokkaido University.
Noda Jin, 2016. The Kazakhs khanates between the Russian and Qing Empries: certral Eurasian international relations during the eighteenth and nineteenth centuries. Leiden; Boston: Brill. Series: Islamic area studies. ISBN 9789004314474. DOI: https://doi.org/10.1163/9789004314474
Onuma Takahiro, 2006. “Seichō to Kazafu Yūboku Seiryoku tono Seijiteki Kankei ni Kansuru Ichi Kōsatsu: Chūō Ajia ni okeru ‘Ejen-Albatu’ Kankei no Fuen to Tenkai.” Ajia Afurika Gengo Bunka Kenkyū (Asian and African Languages and Cultures). Tokyo University of Foreign Studies. Р. 39-63. DOI: 10.15026/28714.
Onuma Takahiro, 2007. A Particularist Empire: The Russian Policies of Christianization and Military Conscription in Central Asia. Empire, Islam, and Politics in Central Eurasia (ред. Tomohiko Uyama). Р. 23-63.
Onuma Takahiro, 2010. Political Relations between the Qing Dynasty and Kazakh Nomads in the Mid-18th Century: Promotion of the ‘ejen-albatu relationship’ in Central Asia. A Collection of Documents from the Kazakh Sultans to the Qing Dynasty, Joint Usage. Research Center for Islamic Area Studies. Central Eurasian Research Series. Special Issue 1. University of Tokyo. Р. 86-125.
Onuma Takahiro, 2014. The Qing and Central Asian Steppe: From the Nomads arena to the Imperial Frontier. University of Tokyo Press. 320 р.
Saguchi Toru, 1963. Shijū-jūkyū seiki Tōrukishitan shakai shi kenkyū (十八~十九世紀東 トルキスタン社会史研究).
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 С.К. Кабылтаева, Е. Сыламхан

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.

















