Шәкәрім Құдайбердіұлының «Бояулы суыр» өлеңінің текстологиясы


Қаралымдар: 29 / PDF жүктеулері: 7

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2026-2-196-221

Кілт сөздер:

Шәкәрім Құдайбердіұлы, «Бояулы суыр», текстология, қолжазба, Қайым Мұхамедханов, Әбдіғали Алдажарұлы, Шыңғысхан Көрпебай, көшірме, «Қазақ айнасы», мәтін, мәтінтану

Аннотация

Мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлының «Бояулы суыр» өлеңінің әр кезеңде жарияланған баспа нұсқалары мен қолжазба дереккөздері салыстырылды. Шәкәрім шығармаларының басылымдары әр уақытта түрлі редакторлық қағидаттарға сүйене отырып дайындалғандықтан, мәтіндік нұсқалардың бірізділігі сақталмай, лексикалық, морфологиялық және синтаксистік деңгейлерде айырмашылықтардың жинақталуына алып келген. Мұндай жағдай авторлық мәтіндердің поэтикалық және семантикалық құрылымын дәлме-дәл ғылыми түсіндіруге кедергі келтіреді. Осыған байланысты қолда бар деректерді жүйелі түрде салыстырып, олардың арасындағы нұсқалық айырмашылықтарды анықтау – отандық текстология ғылымы үшін маңызды міндерттердің бірі. Қолымызда бар қолжазба нұсқаларының тізіміне және текстологиялық тұрғыдан арнайы әлі қарастырылмауына байланысты «Бояулы суыр» өлеңі зерттеу нысаны ретінде алынды. Аталған өлеңнің баламалы қолжазба нұсқасының сақталуы оны салыстырмалы талдау нысаны ретінде қарастыруға негіз болып, мәтіннің жариялану тарихы мен нұсқалық өзгерістерін нақтылауға мүмкіндік береді. «Бояулы суыр» өлеңінің мәтіндік нұсқалары арасындағы айырмашылықтарды зерттеу мақсатында салыстыру, сипаттау, талдау әдістері қолданылды. Басты мәтін ретінде 1912 жылы Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасынан жарық көрген «Қазақ айнасы» жинағының факсимилесі және оның кирилл әліпбиіндегі транскрипциясы алынды. Сонымен қатар 1988-2018 жылдары жарияланған басылымдар салыстырмалы талдау нысаны ретінде қолданылды. Зерттеудің тың тұсы – өлеңнің осыған дейін сараланбаған, 1972 ж. ақын Қ. Алтынбаев ұсынған фольклорлық нұсқасы мен XX ғ. басында әнші Ә. Алдажарұлы сөзінен жазып алынып, Ш.Көрпебай тарапынан ұсынылған қолжазба нұсқаның ғылыми айналымға алғаш енгізілуі. Бұл нұсқалар салыстырмалы талдауда дербес дереккөз ретінде қарастырылды. Талдау нәтижесінде көптеген мәтіндік айырмашылықтар анықталды. Бірқатар айырмашылықтар төте жазуды қазіргі қазақ кириллицасына көшіру барысында туындаған транскрипциялық ерекшеліктермен түсіндірілсе («азар» – «әзер», «бейшара» – «бишара», «дыбыс» – «дабыс», «шыны» – «шын», «әбден» – «әбдән», «нағып» – «неғып»), жекелеген лексикалық алмастырулар («асыл» – «жасыл», «жолға түсіп» – «орға түсіп», «құбылып» – «құлпырып», «таңқалады» – «таңданады» т.б.) мәтіннің образдық жүйесіне және семантикалық реңкіне әсер ететін айырмашылықтар деп танылды. Қ.Алтынбаев, Ш. Көрпебай нұсқаларын түпнұсқамен салыстыру біріншісінің өзге нұсқаларға қарағанда ең көп өңделгенін көрсетеді. Бұл өлеңнің фольклорлық сипатқа ие болуымен түсіндірілуі мүмкін. Келесі нұсқа түпнұсқаға аса жақын. Бұны шығармашылығы Шәкәрімнің жеке қадағалауында болған Ә.Алдажарұлының орындаушылық дәстүрімен байланыстырамыз. Шәкәрім өлеңдерінің текстологиясы әлі де тиянақты зерттеулерді қажет ететіні анық. Мұны ақынның шағын өлеңінің өзінде анықталған мәтіндік айырмашылықтар айқын көрсетеді.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор туралы мәлімет

Д.Қ. Шаяхимов, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

ф.ғ.к.,, лектор

Ә.Қ. Таңсықбай, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

PhD

Қ.К. Кенжалин, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

PhD, доцент

Б.К. Аубакирова, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

п.ғ.м., лектор

Әдебиет

Ерзакович Б., 1982. Қазақтың музыкалық фольклоры. Алматы: Ғылым. 264 б.

Еспенбетов А., 2014. Шығармалары. Т. 1: Шығармалары. Монография. Астана: Фолиант. 368 б.

Жүсіпов Н.Қ., Баратова М.Н., 2014. Шәкәрімнің тұспал өлеңдері. ПМУ Хабаршысы. №3. Б. 106-110.

Күмісбаев Ө., Сүлейменова Ж., 2009. Қазақ тіліндегі парсы поэзиясы. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №4 (49). Б. 71-76.

Қазақ әдеби тілінің сөздігі: он бес томдық, 2007. 6-том. Ж-Ж. Алматы: Арыс. 751 б.

Құдайбердиев Ш., Жармұхамедов М., Дәуітов С., Құдайбердиев А., 1988.

Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, қара сөздер. Алматы: Жазушы. 560 б.

Құдайбердіұлы Ш., Байғалиев Б., Қасейінұлы Е., 2000. Иманым. Алматы: Арыс. 321 б.

Құдайбердіұлы Ш., Бекхожина Т., 1989. Аманат. Әндер. Алматы: Өнер. 128 б.

Құдайбердіұлы Ш., Еспенбетов А. [т.б.], 2014. Қазақ айнасы. Алматы: Ғылым ордасы. 102 б.

Құдайбердіұлы Ш., Еспенбетов А. [т.б.], 2018. Шығармалары. Астана: Фолиант. 460 б.

Құдайбердіұлы Ш., Қайрамбаева М., 2013. Қазақ айнасы (бірінші бөлім). Семей: Абайдың мемлекеттік қорық мұражайы. 105 б.

Құдайбердіұлы Ш., Мағауин М., 1988. Жолсыз жаза: өлеңдер мен поэмалар. Алматы: Жалын. 253 б.

Құдайбердіұлы Ш., Пірманов Ә., 2003. Қазақ айнасы: өлеңдер мен поэмалар. Алматы: Атамұра. 294 б.

Манкеева Ж., Шойбеков Р. [т.б.], 2009. Қазақ әдеби тілінің сөздігі: он бес томдық. 11-том. М–О. Алматы: Арыс. 750 б.

Момынова Б., 2008. Шәкәрім поэзиясының тілі (лексика-функционалды ракурс). Алматы: Арыс. 256 б.

Мұхамедханова Қ. [т.б.], 2009. Шәкәрім мен Қайым. Тағдырлас. Астана: Фолиант. 336 б.

Руми М.Дж., Урманов А., 2010. Избранные рассказы из «Маснави». М.: Издательская группа «САД». 176 с.

Смагулова А.Т., Еспенбетов А.С., Ердембеков Б.А., 2024. Шәкәрім поэзиясындағы текстология мәселелері. Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы. №29, 1(113). Б. 119–127. DOI: https://doi.org/10.31489/2024ph1/119-127

Смагулова А.Т., Әубәкір Ж.М., Мағазбеков Н.Ж., 2025. Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңдерінің түпнұсқасын түзудегі мәтінтану және деректану принциптері. Керуен. №4 (89). Б. 136–146. DOI: https://doi.org/10.53871/2078-8134.2025.4-09

Смирнова Н.С., Ғұмарова М.Ғ., 1957. Қамбар батыр. Алматы: Қазақ ССР Ғылым Академиясының баспасы. 126 б.

Сыркина А.Я., 2020. Панчатантра. М.: Наука. 414 с.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-16

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шаяхимов, Д., Таңсықбай, Ә., Кенжалин, Қ., & Аубакирова, Б. (2026). Шәкәрім Құдайбердіұлының «Бояулы суыр» өлеңінің текстологиясы. Turkic Studies Journal, 8(2), 196–221. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2026-2-196-221

Журналдың саны

Бөлім

Түркі жазба ескерткіштерінің мәтінтануы