Түркі тілдеріндегі консонантизмнің салыстырмалы-типологиялық ерекшеліктері


Қаралымдар: 332 / PDF жүктеулері: 11

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2025-3-166-185

Кілт сөздер:

түркі тілдері, фонетика-фонологиялық жүйесі, дыбыстық өзгерістер, фонема, консонантизм, салыстырмалы талдау, диахрондық зерттеулер, анлаут, инлаут, ауслаут позициялары

Аннотация

Мақала түркі тілдеріндегі консонантизм жүйесіне арналған, ол тілдің артикуляциялық ерекшеліктеріне сәйкес өзгерістерге ұшырайды. Мұндай өзгерістерді анықтау фонологияның негізгі міндетіне жатады. Фонологиялық процесс – көрші фонемалардың өзара бір-біріне әсер етуі, дыбыстар үндестігі; бір сөздегі екі бірдей фонеманың біреуінің басқа дыбысқа айналуы; сөздің айтылу жылдамдығына байланысты дыбыстардың бір-біріне қосылып кетуі немесе олардың комбинаторлық күйі; екі дауыссыз дыбыстың арасына дауысты дыбыстың кірігуі; дыбыстың ұяңдануы, яғни ұяң дыбыстың қатаң дыбысқа айналуы, т.б. да құбылыстарды қамтиды. Туыстас түркі тілдеріндегі мұндай фонологиялық заңдылықтарды салыстырмалы түрде зерттеу қазіргі таңда өте өзекті мәселе болып табылады. Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат-ат[1]түрк» еңбегінен бастау алған түркі тілдерін зерттеудің салыстырмалы-тарихи әдісі бұл тілдегі диалектілердің дыбыстық құрылымын анықтауда көптеген жетістіктерге әкелді. Салыстырмалы тарихи әдісі – белгілі бір кезеңдегі ұқсастықтарды, айырмашылықтарды, заңдылықтарды анықтау үшін әртүрлі тарихи-диахрондық құбылыстарды немесе процестерді салыстыруда қолданылатын әдіс. Бұл әдіс аталмыш тілдер тобына кіретін жеке тілдердің ерекшеліктерін, туыстас тілдердің жалпы даму тенденцияларын, жалпы дауыссыз дыбыстардың акустикалық-артикуляциялық сипатын түсінуге мүмкіндік берді. Мақаланың басты мақсаты – туыстас түркі тілдерінің (қазақ, башқұрт, ұйғыр, қарақалпақ, хакас, шор, чуваш және т.б.) дауыссыз дыбыстар жүйесінің (консонантизм) дыбыстық ерекшеліктерін құрылымдық және типологиялық аспектілерінде салыстыра отырып айқындау. Бұл мақсатқа жету жолында туыстас түркі тілдерінің өзара байланысы, дауыссыз дыбыстар құрамы, жаңа фонемалардың пайда болуы және олардың тілдің дыбыстық жүйесіне ену заңдылығын саралау міндеті қойылған. Мақала сипаттамалық негізде жазылған, себебі онда осы уақытқа дейінгі туыстас түркі тілдері бойынша зерттеу материалдары қарастырылған және оған қатысты шолулар жасалған. Жұмыста түркі тілдеріндегі дауыссыз дыбыстардың сөздің кез келген буынындағы (анлаут, инлаут және ауслаут позицияларында) көрінісі, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары, фонемалардың құрамы, үндестік сипаты мен ерекшеліктері, сондай-ақ консонантизм жүйесіндегі дыбыстық қатынастардың қалыптасу және өзгеру тәсілдері фонология және фонетика тұрғысынан талданады. Дауыссыз дыбыстар арасындағы жекелеген айырмашылықтар мен ортақ белгілерді анықтау мақаланың өзектілігін көрсетеді, себебі дауыссыз дыбыстардың вариативтілігі – тілдік нормаларды сақтауда, тіл үйрету процесінде, тілдік дағдыларды меңгеруде, тілді автоматты түрде өңдеуде өзіндік орны бар. Тілдік деректер негізінде сараланып отырған дауыссыз дыбыстардың вариативтілігі теориялық және қолданбалы лингвистика үшін өте маңызды.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор туралы мәлімет

Зейнеп Базарбаева, Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты

филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі

Акшай Жалалова, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

PhD

Назгүл Оспанғазиева, Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты

ғылыми қызметкер

Әдебиет

Aralbaev Zh., 1988. Qazaq fonetikasy bojynsha jetjudter [Studies in Kazakh phonetics]. Almaty: Gylym. 144 p. [in Kazakh].

Baskakov N.A., 1988. Istoriko-tipologicheskaja fonologija tjurkskih jazykov [Historical-typological phonology of Turkic languages]. Moscow: Nauka. 208 p. [in Russian].

Bazarbayeva Z.M., 2022. Qazaq fonologijasynyn negіzderі [Fundamentals of Kazakh Phonology]. Almaty: Everest. Volume 2. 460 p. [in Kazakh].

Musabayev G., 1988. Qazaq tіlі tarihynan [From the history of the Kazakh language]. Almaty: Mektep. 135 p. [in Kazakh].

Omarbekov S., Zhunisov N., 1985. Auyzekі tіlіmіzdegі dybys zhujesі [The sound system in our spoken language]. Almaty: Mektep. 206 p. [in Kazakh].

Orazov M., 2004. Turkі tіlderіnіn zerttelіne bastauy turaly [On the beginning of the study of Turkic languages]. Turkology. No. 4. 2004. P. 87- 95. [in Kazakh].

Sagyndykuly B., 2009. Fonologicheskie zakonomernosti razvitija leksiki tjurkskih jazykov [Phonological regularities of the development of the vocabulary of Turkic languages]. 2nd edition. Almaty: Arys. 308 p. [in Russian].

Sravnitel'no-istoricheskaja grammatika tjurkskih jazykov. Regional'nye rekonstrukcii [Comparative-historical grammar of the Turkic languages. Regional reconstructions]. 2002. Moscow: Nauka. 767 p. [in Russian].

Tomanov M., 1981. Qazaq tіlіnіng tarihi grammatikasy: fonetika, morfologija [Historical grammar of the Kazakh language: phonetics, morphology]. Almaty: Mektep. 206 p. [in Kazakh].

Yeskeeva M., 2007. Kone turkі zhane qazіrgі qypshaq tіlderіnіn monosillabtyq negіzі [The monosyllabic basis of the ancient Turkic and modern Kipchak languages]. Almaty: Arys. 360 p. [in Kazakh].

Baitchura U.Sh., 1975. The sound structure of the Turkic languages in connection with that of the Finno-Ugric ones: (An instrumental-phonetic and phonologic investigation): Part II: The Turkic Consonatism. Central Asiatic Journal. 4 (Vol. 19). P. 241-263.

Bazarbayeva Z., Ospangaziyeva N., Zhalalova A., Koptleuova K., Karshigayeva A., 2024. Syllable Theory and Diachronic Phonology: Vocalism and Consonantism in Turkic Languages. Eurasian Journal of Applied Linguistics. 10 (1), 2024. P. 50-59.

Darvishov I.U., 2022. Signs of the Consonant Positions in Turkic Languages (The Examples in Namangan Area Kipchak Dialects in the Republic of Uzbekistan). International Journal of Early Childhood Special Education, 5 (V.14). 2022. P. 7649-7652.

Johanson L., Csató É. (eds.), 1998. The Turkic Languages. London; New York, Routledge. 474 p.

Namazova A.M., 2024. The main characteristics of sounds in turkish languages. Endless light in science. V.20. No1. P. 463-465. [Electronic resource]. Available at: https://cyberleninka.ru/article/n/the-main-features-of-the-sound-system-of-turkic-languages-1 (Accessed 02.07.2025).

Yarmukhamed M., 2024. Analytical review of phonological patterns across Turkic languages. Lingvospectr [Linguospectrum]. No. 2 (2). P. 23-28. [Electronic resource]. Available at: https://lingvospektr.uz/index.php/lngsp/article/view/199 (Accessed 02.03.2025).

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-23

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Базарбаева Z., Жалалова A., & Оспанғазиева N. (2025). Түркі тілдеріндегі консонантизмнің салыстырмалы-типологиялық ерекшеліктері. Turkic Studies Journal, 7(3), 166–185. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2025-3-166-185

Журналдың саны

Бөлім

Түркі тілдері