Америкалық ғалымның жаңа кітабындағы ХІІІ-ХІV ғғ. түрік-моңғол мемлекеттерінің тарихы
Қаралымдар: 68 / PDF жүктеулері: 61
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2024-2-206-213Аннотация
Америкалық ғалым Стефан Камоланың (Stefan Kamola)
«Making Mongol History: Rashid al-Din and the Jami’ al-Tawarikh» атты 2019 жылы жарыққа шыққан кітабы ХІІІ-ХІV ғ.ғ. Орталық Азия тарихы бойынша Фазлаллах Рашид ад-Диннің (Kamola, 2019) «Джами’ ат-таварих» атты маңызды еңбегін зерттеуге арналған. Кітап Шыңғыс ханның өзі, оның ұрпағы және ол басқарған Орталық Азиядағы мемлекеттер, оның идеологиясы, әкімшілік
құрылымы және т.б. туралы теңдесі жоқ деректерді қамтиды.
Стефан Камола – PhD, шығыстанушы, ғалым, ұзақ жылдардан бері парсы тіліндегі тарихи дереккөздерді, орта ғасырдағы Иран мен түрік-моңғол мемлекеттерінің тарихын зерттеумен
айналысады. Оның зерттеулерінің мәні Иран тұрғындарының моңғол билеушілігін жаңа саяси
өмір ретінде қабылдаған, XIII-XIV ғасырларда жазылған парсы тіліндегі дереккөздер болып
табылады. Кітапта иллюстрациялық материалдар (кестелер, суреттер, диаграммалар, сызбалар,
карталар) кеңінен қолданылған, ол баяндалған материалды барынша дұрыс қабылдауға әсер
етеді.
Тарихнама еуропалық және америкалық ғалымдардың, сондай-ақ парсы тілді зерттеушілердің бірқатар жұмыстарын ашып көрсетеді. Сонымен бірге, кітапта советтік (кеңестік кезеңдегі) тарихнама аз қамтылған және қазақстандық ғалымдардың еңбектері мүлде пайдаланылмаған, бұл монография мазмұнын әлдеқайда жақсартып, байыта түскен болар еді деп санаймыз.
Стефан Камоланың жұмысы барынша түпнұсқалық және құнды зерттеу және орта ғасырдағы Орталық Азиядағы түрік-моңғол мемлекеттерінің тарихын зерттеу саласындағы көптеген ғалымдар үшін маңызды болып табылады.
Әдебиет
Jan Jelinowski «Stefan Kamola, Making Mongol History, Rashid al-Din and the Jamiʿ al-tawarikh», Bulletin critique des Annales islamologiques [En ligne], 36 | 2022, mis en ligne le 01 mai 2021, consulté le 22 mars 2022. URL: http://journals.openedition.org/bcai/1085; DOI: https://doi.org/10.4000/bcai.1085 DOI: https://doi.org/10.4000/bcai.1085