1920-1930 жылдары Қазақстандағы жауыққан құдайсыздар одағының қызметі


Қаралымдар: 184 / PDF жүктеулері: 140

Авторлар

  • Галья Алпыспаева С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті https://orcid.org/0000-0002-0672-8292
  • Өмірбай Бекмағанбетов С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Магришат Байғошкарова С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-3-44-57

Кілт сөздер:

құдайсыздар, дінге қарсы насихат, атеизм, конфессиялар, Кеңес өкіметі, дін, Қазақстан, мұрағат көздері

Аннотация

Жауыққан құдайсыздар одағы (ЖҚО) ерікті қоғамдық ұйым ретіңде құрылып,
дінге қарсы күресуді көздеген. Осы мақсатты кең көлемде жүзеге асыру үшін өлкелік,
губерниялық, уездік және болыстық кеңестер құрылған. Белсенді атеистерден тұратын
аймақтық бөлімшелер бұл одақтың ұйтқысына айналған. Авторлар 1920-1930 жылдары
Қазақстандағы құдайсыздар одағының аймақтық бөлімшелері қызметіне кешенді талдау жасап,
олардың құрылымдық ерекшеліктерін, дінге қарсы насихаттың сипаты мен мазмұнын ашып
көрсетеді. Сонымен қатар, мақалада мұрағат дереккөздеріне дискурсивті талдау жүргізіліп,
ЖҚО аймақтық бөлімшелерінің құрылу тарихы, даму кезеңдері, қызметінің негізгі бағыттары,
бұқараның діни дүниетанымымен күресінің формалары мен әдістері зерттелген.
Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстанда ЖҚО-ның құрылып, қызмет жасауы орталық партия
және кеңес органдарынан келіп түскен нұсқаулықтар мен ұсыныстарға сәйкес жүзеге асырылғаны дәйектеледі. Авторлардың пікірінше, дінге қарсы үгіт-насихаттың әртүрлі нысандары мен әдістері
қолданылса да, жұмыс жүйесіз және тиімсіз жүргізілген, өйткені бұқараның діни дүниетанымына
қарсы күреске республика халқының көп конфессиялы құрамы, ұлттық азшылықтар шоғырланған
облыстар мен аудандардағы діни ахуалдың жағдайы үлкен әсер еткен.

Автор туралы мәлімет

Галья Алпыспаева, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан тарихы
кафедрасы

Өмірбай Бекмағанбетов, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

тарих ғылымдарының кандидаты, меңгеруші, Қазақстан тарихы кафедрасы

Магришат Байғошкарова , С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

аға оқытушы, шетел тілдері кафедрасы

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-20

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Алпыспаева, Г., Бекмағанбетов, Ө. ., & Байғошкарова , М. . (2022). 1920-1930 жылдары Қазақстандағы жауыққан құдайсыздар одағының қызметі. Turkic Studies Journal, 4(3), 44–57. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-3-44-57

Журналдың саны

Бөлім

МАҚАЛАЛАР