Мақаланы плагиатқа және жасанды интеллектіні (ЖИ) пайдалануға тексеру

Автор(лар)дың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі қолжазбалары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу, ғылыми және баспа қызметінде плагиатты тексеру үшін пайдаланатын «ЖОО антиплагиаты» жүйесінде тексеріледі.

Тек түпнұсқа қолжазбалар және/немесе түпнұсқалығы 80-85%-дан асатын қолжазбалар (плагиатты тексеретін жүйенің нәтижелері бойынша) одан әрі рецензиялауға жіберіледі. Бұл шектен төмен көрсеткіштер ұсынылған қолжазбалардың ресми дәйексөзі, басқа жарияланымдардан көшірілуі, плагиат және өзіне-өзі сілтеме жасау сынды жеке өлшемдерге байланысты нақты түрде қаралады.

Журнал редакциясы ғылыми мақалаларды әзірлеу және сараптау кезінде жасанды интеллектіні (ЖИ) пайдалану мәселесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығымен енгізілген өзгерістер редакциясындағы) 1-қосымшасының 5-тармағында көзделген негізгі ережелерді басшылыққа алады.

«Антиплагиат ЖОО» жүйесі ЖИ көмегімен жасалған мақалаларды анықтай алады.

Журнал редакциясы ЖИ-ді ғылыми мақалаларда тек көмекші ғылыми қызмет үшін және келесі қағидалар сақталған жағдайда ғана қолдануға рұқсат береді:

  1. Мақала авторлары ЖИ технологиялары арқылы алынған ақпаратты тексерілген және этикалық тұрғыдан қауіпсіз түрде қолдануы тиіс.
  2. ЖИ-ді көмекші қызмет үшін пайдаланған кезде технологияның атауы, өндірушісі (құқық иесі), нұсқасы және жүгінген күні көрсетілген сілтеме берілуі тиіс.
    Мысалы: OpenA1 (2023) ChatGPT [Генеративті ЖИ құралы]. Қолжетімді: https://chat.openai.com/chat (Қолжетімді күні: 2023 жылғы 20 наурыз).
  3. ЖИ технологияларын зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеуде (сауалнама, тестілеу, сұхбат), сондай-ақ түркі ескерткіштерінің мәтіндерін цифрлық ресурстардан жедел әрі тиімді іздеуде қолдануға рұқсат етіледі.
  4. Авторлар ЖИ қолданылғаны туралы журнал редакциясын хабардар етуге міндетті: ғылыми зерттеудің қай кезеңінде, қай жерінде және қандай тәсілмен ЖИ технологиясы пайдаланылғанын көрсетуі қажет.

Журнал редакциясы төмендегі жағдайларда ЖИ-ді (жасанды интеллект) қолдануға жол бермейді:

- мақаланың мәтінін (аннотация, кіріспе, әдіснама және материалдар, зерттелу деңгейі, талдау және зерттеу нәтижелері, әдебиеттер) ЖИ көмегімен генерациялау;

- технологияның атауы, өндірушісі (құқық иесі), нұсқасы, жүгінген күні мен қолданылған күні көрсетілмеген ЖИ-ді қолдану;

- ЖИ технологиясын плагиатты анықтау мүмкіндігін азайту немесе жою мақсатында пайдалану;

- плагиатты жасыру үшін, яғни басқа біреудің мақаласынан алынған мәтінді дереккөзін көрсетпей ЖИ арқылы өзгерту.