Ашық қолжетімділік саясаты
Turkic Studies Journal журналы Open Access қағидаттарын ұстанады – барлық шығарылымдар мен мақалалар оқырмандарға ақысыз, эмбаргосыз және қолжетімділік үшін төлемсіз қолжетімді (лицензия Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0)).
Қолданушыларға коммерциялық емес пайдалану және авторлықты міндетті түрде көрсету шарттары орындалған жағдайда материалдарды баспагерден немесе автордан алдын ала рұқсат алмастан оқуға, жүктеп алуға, таратуға, көшірмелеуге, қағазға басып шығаруға, туынды шығармалар жасауға (аудармалар мен бейімдеулерді қосқанда), сондай-ақ құжаттардың толық мәтіндеріне сілтемелер жасауға рұқсат етіледі.
Автор(лар) журналға мақаланы жариялау және оны Интернет жүйесінде ашық қолжетімді түрде орналастыру үшін айрықша емес ақысыз құқықты береді.
Редакция бұл ережелерді Будапешт ашық қолжетімділік бастамасының нұсқауларына сәйкес ұстанады.

















