Архивтеу, өзіндік архивтеу және препринттер саясаты
Журнал ашық қолжетімділік қағидаттарын ұстанады және ғылыми материалдардың ұзақ мерзімді сақталымын қамтамасыз етеді. Нақтырақ:
- Электрондық архивтеу және ұзақ мерзімді сақталым
- Өзіндік архивтеу саясаты
- Препринттерге қатысты саясат
Электронды архивтеу және ұзақ мерзімді сақталым
Turkic Studies Journal журналы Open Journal Systems платформасын пайдаланатын журналдар үшін жасалған электронды резервтік көшірменің PKP Preservation Network (PKP PN) халықаралық жүйесіне қосылу арқылы ғылыми контенттің сенімді сақталымын және қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Бұл журнал архивтерінің ұзақ мерзімді сақталымына және ақпарат жоғалған жағдайда оның автоматты түрде қалпына келтірілуіне кепілдік береді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдеде қабылданған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» № 451-I Заңының 16-бабына сәйкес журналдың міндетті даналары келесі мекемелерге жіберіледі:
- Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханалары
- Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
- Баспагердің университеттік кітапханасы
Сондай-ақ журналдың электрондық нұсқалары:
- АО «ҰМҒТСО» АҚ жанындағы Қазақстан Республикасы электронды кітапханасының қорына;
- 10.2024 ж. № 495-НҚ бұйрықта бекітілген ережелерге сәйкес ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің электрондық архивіне жіберіледі.
Өзіндік архивтеу саясаты
Журнал ашық қолжетімділік қағидаттарын қолдайды және өзіндік архивтеуді ынталандырады. Авторларға жарияланымдарын институционалдық репозиторийлерде, жеке веб-сайттарды, ғылыми платформаларда және өзге коммерциялық емес ресурстарда орналастыруға рұқсат етіледі және табанды түрде ұсынылады.
Мақаланы орналастырған жағдайда мақала авторы:
- жарияланған нұсқаға дәл библиографиялық сілтемені;
- мақаланың DOI-ын;
- нұсқаның мәртебесін: препринт, қабылданған қолжазба, түпкілікті жарияланым екендігін көрсетуге міндетті.
Мұндай ұстаным авторлық құқықтарды бұзбай отырып, ғылыми нәтижелердің кең таралуына және дәйексөз алу деңгейінің өсуіне ықпал етеді. Коммерциялық пайдалану тек CC BY-NC лицензиясы шарттарының шеңберінде автордың рұқсатымен ғана болуы мүмкін.
Препринттерге қатысты саясат
Препринттерді (мақалалардың рецензиялауға дейінгі нұсқалары) орналастыруға жол беріледі. Препринтті ашық репозиторийде орналастыру ғылыми журналдағы жарияланым болып саналмайды. Авторлар журналға мақаланы ұсынбас бұрын қолжазбаны ашық репозиторийлерге және препринттерге арналған арнайы серверлерге жүктеуге мына шарттарды орындағанда құқылы:
- препринт бұрын басқа басылымдарда қаралмаған және жарияланбаған;
- журналға түпнұсқа, жарияланбаған түрінде ұсыну жүзеге асырылады.
Препринт жариялау туралы редакция шешіміне әсер етпейді. Барлық мақалалар бұрын ашық қолжетімділікте орналастырылғанына қарамастан стандартты «соқыр» рецензиялаудан өтеді.
Препринтте белгі қойылуы міндетті: автор бұл «препринттің» рецензияланбаған, түпкілікті жарияланым болып табылмайтын нұсқа екенін көрсетуі тиіс. Мысалы: «Бұл қолжазба – рецензиялаудан өтпеген препринт, түпкілікті нұсқа болып саналмайды және жарияланған мақаладан айрықшалануы мүмкін». Жарияланғаннан кейін авторға препринттің сипаттамасына жарық көрген нұсқаға сілтемені және DOI-ды енгізу ұсынылады. Журналда мақала жарияланғаннан кейін автор оқырмандарды және дәйексөз алатындарды ресми нұсқаға бағыттауы міндетті. Түпкілікті нұсқа жарық көргеннен кейін репринтті негізгі жарияланым ретінде пайдалануға жол берілмейді.

















