3D-құжаттау негізінде Түйекті IV (А 88) жазуын жаңаша оқу


Қаралымдар: 115 / PDF жүктеулері: 52

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2026-%202SI-156-177

Кілт сөздер:

көне түркі руналық ескерткіштері, Алтай, Түйекті IV, үшөлшемді құжаттама, цифрлық фотограмметрия әдісі, руна таңбалары, транслитерация, транскрипция, оқылым, интерпретация

Аннотация

Осы мақалада цифрлық фотограмметрия әдісін қолдану арқылы алынған деректер негізінде Түйекті IV ескерткішіндегі руна жазуының нақтыланған интерпретациясы ұсынылады. Мақала Алтай Республикасындағы руна ескерткіштерін зерттеу әдістемесін жетілдіруге бағытталған, әсіресе олардың сақталу деңгейінің төмендігі мен археологиялық маңыздылығына мән берілген. Түйекті IV (A 88) жазуы – Алтай Республикасының Түйекті ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан аласа тау жотасының етегіндегі тік тұрған тасқа қашалған үш жолдан тұратын руналық мәтін болып табылатын бірегей жазба ескерткіш. Бұл жазудың алғашқы оқылымы мен түсіндірмесі 2009 жылы «Алтай Республикасының жазба руналық ескерткіштері» веб-сайтында және 2012 жылы «Таулы Алтайдың көне түркі руналық ескерткіштерінің каталогында» (Л.Н. Тыбыкова, И.А. Невская, М. Ердал) жарияланған. Алтайдағы руна ескерткіштерін зерттеудің дәстүрлі әдістері, мысалы, контакттылы талдау көбінесе жазбалардың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жеткілікті дәрежеде тиімді болмайды. Бұл ескерткіштердегі руналар өте жіңішке сызықтармен, ұсақ таңбалармен, тас бедерінің ішінара өшкендігімен, сондай-ақ әртүрлі дәуір петроглифтерінің бар екендігімен сипатталады. 2017 жылдан бастап үш өлшемді құжаттау әдістері қолданысқа енгізілген.  Алтай руналық ескерткіштерін ағымдық зерттеудің шеңберінде алынған үш өлшемді мәліметтер егжей-тегжейлі өңделеді. Қазірдің өзінде бірқатар Алтай руна жазулары оқылымының алғашқы немесе нақтыланған нұсқалары жарияланып үлгерді. Зерттеудің түпкі мақсаты – алтайлық руникалық жазбалардың жаңа каталогын жариялау. Бұл каталог түркі жазуы мен мәдениетін одан әрі зерттеуге арналған маңызды ғылыми ресурсқа айналып, олардың зерттелуіне елеулі үлес қосады. Цифрлық фотограмметрия технологиясына негізделген үшөлшемді құжаттау әдісін қолдану жоғары дәлдікпен тіркеуді қамтамасыз ете отырып, Түйекті IV жазуын оқуда айтарлықтай ілгерілеуге мүмкіндік берді. Үшөлшемді деректерді талдау барысында жазудың бастапқы оқылымы мен интерпретациясындағы кейбір қателіктер (1–16 таңбалар) анықталып, түзетілді; екінші жолдың бастапқы бөлігіндегі алғашқы 21 таңбаның неғұрлым дәл сәйкестендірілуіне қол жеткізілді; бұрын оқылмаған ортаңғы фрагменттерге (17–23 таңбалар) ықтимал интерпретация ұсынылды. Сонымен қатар, екінші жолдағы таңбалардың ықтимал шешімі әріптес түркітанушылар ұсынған бұрынғы оқылымдар мен интерпретацияларды түзетуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде, осы мақалада бүкіл жазудың жаңа, неғұрлым негізделген интерпретациясы ұсынылды. Аталған әдіс алтайлық және енисейлік бірқатар жаңа руна жазбаларын шешуге мүмкіндік береді деп есептейміз.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор туралы мәлімет

И.А. Невская, Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Филология институты; Франкфурт университеті

филология ғылымдарының докторы,  профессор, бас ғылыми қызметкер

М.В. Вавулин, .Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

ғылыми қызметкер

Л.Н. Тыбыкова, Алтай Республикасының М.В.Чевалков атындағы Ұлттық кітапханасы

филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ғылыми қызметкер

Әдебиет

Katalog 2012 - Tybykova Larisa N. & Nevskaya Irina A. & Erdal, Marcel, 2012. Katalog drevnetjurkskix runičeskix pjamjatnikov Respubliki Gornyj Altaj [A catalogue of Old Turkic runic written monuments of the Republic Mountainous Altai]. Gorno-Altajsk: Gorno-Altajskoe knižnoe izdatel’stvo. 146 p. [in Russian].

Konkobaev Kadyraly, Nurdin Useev & Negizbek Šabdanaliev, 2015. Atlas drevnetjurkskix pis’mennyx pamjatnikov Respubliki Altaj [An atlas of Old Turkic written monuments in the Republic of Altai]. Astana: International Turkic Academy. 367 p. [in Russian].

Kormushin I.V., 2008. Tjurkskie enisejskie epitafii: grammatika, tekctologija [Turkic Yenisei epitaphs: grammar, textology]. Moscow: Nauka. 342 p. [in Russian].

Miklashevich Elena A., 2006. Risunki na skalax u derevni Tuekta. [Pictures n rocks in the vicinity of the village Tuekta] In: Izuchenie istoriko-kul’turnogo nasledija narodov Juzhnoj Sibiri. [Research on historic and cultural heritage of the peoples of South Siberia]. Gorno-Altaisk. Volume 3. P. 219-235. [in Russian].

Nevskaya I.A., 1993. Formy deepričastnogo tipa v šorskom jazyke. (Forms of the converbial type in Shor). Novosibirsk: Izdatel’stvo Novosibirskogo gosudarstvennogo universiteta. [in Russian].

Erdal Marcel, 1991. Old Turkic Word Formation. A Functional Approach to the Lexicon. Wiesbaden: Harrassowitz. in 2 volumes. 873 p.

Nevskaya Irina, 2023. 3D documentation of Old Turkic runiform inscriptions in the Republic of Altay and a new reading of the inscription Tuekta-II. Festschrift for Prof. Klaus Röhrborn. Journal of Turkish Studies. Special Edition. Vol. 2. Harvard Üniversitesi. P. 213-233.

Nevskaya Irina & Larisa Tybykova & Mikhail Vavulin & Olga Zaytseva & Evgeniy Vodyasov, 2018. 3D documentation of Old Turkic Altai runiform inscriptions and revised readings of the inscriptions Tuekta-V and Bichiktu-Boom-III. In: Turkic Languages. Vol. 22. P.194–216.

Nevskaya Irina, Tybykova Larisa, Vavulin Mixail, 2019. Kuttu-I, a recently discovered Old Turkic Altai runiform inscription and its reading and interpretation. In: Turkic languages. Vol. 23. P. 163–177.

Nevskaya, Irina & Mikhail Vavulin & Larisa Tybykova, 2025. In print. Ongoing work on a new catalogue of Old Turkic runiform inscriptions in the Republic Altai based on their 3D documentation: the case of Tuekta IV (A 88). Proceedings of the Permanent International Altaistic Conference. Tokyo. Japan.

Orkun H.N., 1940. Eski Türk yazıtları. 3 [Old Turkic inscriptions. 3]. Istanbul: Alâeddin Kıral Basımevi. 320 s. [in Turkish].

Şirin Hatice, 2016. Dağlık Altay Bölgesi Yazıtları: Yeni Okuma ve Anlamlandırma Denemeleri (Runic Inscriptions of the Altai Republic: Re-reading and Re-interpretation Attempts). In: Türk Dünyası Dil ve Edebiyat Dergisi. Vol. 42. P. 167-172.

Vavulin Mikhail, Irina Nevskaya, Larisa Tybykova, 2019. Digital macro-photogrammetry in documentation of Old Turkic runiform inscriptions in the Altai Mountains. In: Mediterranean Archaeology and Archaeometry. Vol. 19. No.2. P. 81–104.

Yıldız Hülya, 2025. Some notes of the Tuekta IV (A-88) inscription in the Gorno-Altai region. In: Turkic Languages. Vol. 29, Number 2. P. 207-222.

Website “Written runiform documents of the Republic of Altai”: https://www.altay.uni-frankfurt.de/ (Accessed at: 17.05.2026).

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-22

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Невская, И. ., Вавулин, М. ., & Тыбыкова, Л. . (2026). 3D-құжаттау негізінде Түйекті IV (А 88) жазуын жаңаша оқу. Turkic Studies Journal, 156–177. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2026- 2SI-156-177

Журналдың саны

Бөлім

Түркі жазба ескерткіштерінің мәтінтануы

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары